Жаңалықтар

Жамбыл ауылы

  Жамбыл – Астрахан ауданындағы ауыл Николаев адандықдық округі құрамында. Аудан орталық – Астраханка ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 59 километр жерде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 0,38 мың адам (2008). Іргесі 1906 жылы қаланды. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Жамбыл аудан маңынан Алматы – Астана – Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Жалтыр (78 км). Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Іле Алатауының батыс сілемдерінен басталатын ұзынағаш өзені жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,9 мың адам (2002). 1930-36 ж. "Ерназар" ұжымшарының, 1936 жылдан Жамбыл атындағы ұжымшардың, 1980 жылдан кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, 128 шаруа қожалығы құрылды. Жамбылда орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ЖАМБЫЛ - Райымбек ауданы ндағы ауыл, ауылыдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, Хан Тәңірі тауынан бастау алатын Байынқол өзенінің жағалауында, тау баурайының альпілік шалғынды шөбі ескен қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,1 мың адам (2002). 1953-96ж. қой өсіруге маманданған 19-партсъезд ұжымшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Жамбылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Қарасай ауданындағы ауыл. Ұмтыл ауылыдық әкімшілік округінің құрамында. Аудан орталығы — Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 6 км жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қызыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (2002). іргесі 1935 ж. Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бөлімшесі ретінде қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ақжайық ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Чапаев аулынан батысқа қарай 60 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы жағалауындағы жусан аралас астық түқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (1999). Іргесі 1973 ж. Жамбыл атындағы асыл түқымды жылқы өсіру кеңшары негізінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жамбылда және оған қарасты Бітік, Болдырев, Бұлан, Дөңгелек ауылдарында 13 шаруа қожалығы құрылған. 1 орга, 2 орталау және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 4 кітапхана бар. Дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пункттер халық денсаулығына қызмет етеді. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.  
05.12.2012 09:33 7931

 

Жамбыл –

Астрахан ауданындағы ауыл Николаев адандықдық округі құрамында. Аудан орталық – Астраханка ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 59 километр жерде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 0,38 мың адам (2008). Іргесі 1906 жылы қаланды. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Жамбыл аудан маңынан Алматы – Астана – Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Жалтыр (78 км).

Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Іле Алатауының батыс сілемдерінен басталатын ұзынағаш өзені жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,9 мың адам (2002). 1930-36 ж. "Ерназар" ұжымшарының, 1936 жылдан Жамбыл атындағы ұжымшардың, 1980 жылдан кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, 128 шаруа қожалығы құрылды. Жамбылда орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ЖАМБЫЛ - Райымбек ауданы ндағы ауыл, ауылыдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, Хан Тәңірі тауынан бастау алатын Байынқол өзенінің жағалауында, тау баурайының альпілік шалғынды шөбі ескен қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,1 мың адам (2002). 1953-96ж. қой өсіруге маманданған 19-партсъезд ұжымшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Жамбылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Қарасай ауданындағы ауыл. Ұмтыл ауылыдық әкімшілік округінің құрамында. Аудан орталығы — Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 6 км жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауындағы боз, селеу, жусан өскен қызыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (2002). іргесі 1935 ж. Қазақ егіншілік ҒЗИ-ның бөлімшесі ретінде қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Ақжайық ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Чапаев аулынан батысқа қарай 60 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы жағалауындағы жусан аралас астық түқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (1999). Іргесі 1973 ж. Жамбыл атындағы асыл түқымды жылқы өсіру кеңшары негізінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жамбылда және оған қарасты Бітік, Болдырев, Бұлан, Дөңгелек ауылдарында 13 шаруа қожалығы құрылған. 1 орга, 2 орталау және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 4 кітапхана бар. Дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пункттер халық денсаулығына қызмет етеді. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға