Жаңалықтар

Қазақ әліпбиі

Қазақ әліпбиі — қазақша жазу әліпбиі, бұл үшін келесі жүйелер пайдаланылады: Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Қытай Халық Республикасында — араб жазуы негізінде, ресми түрде Шынжаң Ұйғыр автономиялық районындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады. Түрік Республикасында — қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Алмания, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирил жазуы негізінде Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады. Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е — А, Ө — О, Ү — Ұ, І — Ы. Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді. Қазақ екпіні әрдайым тек соңғы буынға түсетіндіктен жазуда белгіленбейді. Белгішелеу Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары[1] ұсынылған. Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады. Пернетақта жаймасы Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі) Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі. Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған. Араб жазуы негізінде Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға. Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған. Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен ауыстырылған. Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады. Тарихи әліпбилер Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (5 ғ. (б.з.б) шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы Орхон және Енесай бойындағы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы кһарошти жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған. Орхон жазуы Көнетүркі әліпбиі — тағы Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады. Оның себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар). Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көнетүркі жазуы Исләм қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған. Жебірей жазуы Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Қауқаз жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), 2-ші Бүкіл Әлем соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды. Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Алмания қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған. Юнан-қыпшақ жазуы Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған. Әрмен-қыпшақ жазуы XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді. Латын қыпшақ жазуы Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар. Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі. Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет[1] және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Латындық Жаңәліп КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Пинйін латыны 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайта қабылданды. Әліпбиді реформалаудың жобалары 1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды: Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э әріптерін), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану; Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдауы (өзбектер жасаған сияқты); Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді.  
05.12.2012 09:30 67950

Қазақ әліпбиі — қазақша жазу әліпбиі, бұл үшін келесі жүйелер пайдаланылады:
Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.
Қытай Халық Республикасында — араб жазуы негізінде, ресми түрде Шынжаң Ұйғыр автономиялық районындағы Іле Қазақ автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады.
Түрік Республикасында — қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Алмания, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Кирил жазуы негізінде
Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957), ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жж. бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е — А, Ө — О, Ү — Ұ, І — Ы.
Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді.
Қазақ екпіні әрдайым тек соңғы буынға түсетіндіктен жазуда белгіленбейді.
Белгішелеу
Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі, амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан және қалыпты компьютер қаріптері жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары[1] ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.
Пернетақта жаймасы
Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі)
Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен қалыпты жаймада әріп емес нышандарға, және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған.
Араб жазуы негізінде
Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.
Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.
Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен ауыстырылған.
Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге, кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Тағы да араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде қазақ шетжұрты қолданады.
Тарихи әліпбилер
Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (5 ғ. (б.з.б) шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы Орхон және Енесай бойындағы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы кһарошти жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған.
Орхон жазуы
Көнетүркі әліпбиі — тағы Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады. Оның себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар).
Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көнетүркі жазуы Исләм қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған.
Жебірей жазуы
Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Қауқаз жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), 2-ші Бүкіл Әлем соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.
Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Алмания қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.
Юнан-қыпшақ жазуы
Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.
Әрмен-қыпшақ жазуы
XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді.
Латын қыпшақ жазуы
Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар.
Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.
Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет[1] және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді.
Латындық Жаңәліп
КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.
Пинйін латыны
1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының үш облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған болатын. 1980-ші жылдардың соңында төте жазу қайта қабылданды.
Әліпбиді реформалаудың жобалары
1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды:
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э әріптерін), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану;
Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдауы (өзбектер жасаған сияқты);
Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға