Жаңалықтар

Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы)

  Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болды. Жер аумағы 7,46 мың км². Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер, қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум. 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді. Аудан 1970 жылы құрылды. Ауданның аумағы 7,47 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 31,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,2 адам. Аудан орталығы - Пресновка селосы. Облыс орталығына дейiнгi қашықтық 136 километр. 1997 жылы Преснов және Жамбыл аудандарын бiрiктiргеннен кейiн 1928 жылғы шекара қалпына келтiрiлген. Аудан солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Мамлют және Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында Қазақстан Республикасының Қостанай облысымен шектеседi. Ауданда 16 ауылдық округ, 60 ауылдық елдi мекен бар.
05.12.2012 09:30 3849

 

Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы)

Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болды. Жер аумағы 7,46 мың км². Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер, қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум. 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді.

Аудан 1970 жылы құрылды.

Ауданның аумағы 7,47 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 31,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,2 адам.

Аудан орталығы - Пресновка селосы. Облыс орталығына дейiнгi қашықтық 136 километр. 1997 жылы Преснов және Жамбыл аудандарын бiрiктiргеннен кейiн 1928 жылғы шекара қалпына келтiрiлген.

Аудан солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Мамлют және Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында Қазақстан Республикасының Қостанай облысымен шектеседi.

Ауданда 16 ауылдық округ, 60 ауылдық елдi мекен бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға