Жаңалықтар

Ала арқан қию

  Ала арқан қию - ала түс, оның редукцияланған лексикалық формасы ала ежелден ерекше қасиетті ұғымға айналды. Ол тіршілік атаулының ақ пен қарадан тұратындығын және осы екі түстің өзара антиномиялық байланысы тіршіліктің диалектикасы болып табылатындығын ежелгі көшпелілер өздерінің сан алуан ырым-тыйымдары мен ұстанымдары арқылы білдірді. Көне түріктердің жазба мұрасы «Ырым бітікте» адамдарға шарапатын тигізетін ала «Атлы иол тәңірі» деп аталынды. Ол әмбебап космогониялық ұғымға сәйкес жоғарғы әлем мен ортаңғы әлемді өзара байланыстырып ұдайы жол үстінде жүреді екен. Ала ұғымына байланысты көне дәстүрдің сілемдері түркі тілдес халықтардың бәрінде дерлік сақталып отыр. Мысалы, төлеуіттердің дәстүрлі ұғымында жолаушыларды желеп-жебейтін қолдаушысы жол тәңірі ала атқа мініп жүреді екен. Ал хакастардың жаңбыр тілеуге байланысты атқарылатын ғұрпы бойынша қайыңға ала жіпті байлайды. Сөйтіп, әлгі ала жіп Жасаған ие мекендейтін жоғарғы әлем мен адамдарды байланыстыратын дәнекер (медиатор) функциясын атқарады. Жалпы ала ат пен ала жіп жолаушы сапарының оң болуының, сәттіліктің символы болып табылады. Ала арқанды қию рәсімі үш түрлі жағдайда орын алған: біріншіден, ала жіп кесу дауласушы екі жақтың келісімге келіп бітіскенін білдіреді, екіншіден, ру-қауымның демографиялық мөлшері тым артып, осыған байланысты жер (жайылым) тапшылығы айқын сезілгенде сегізінші атадан ары қарай болінетін келесі ру-қауымдықтоп пен бөлетін ру-қауымның екі айырылысуын рәсімдейтін ғұрып; үшіншісі - жас баланың жаңадан тәй-тәйлеп жүре бастағанын рәсімдейтін ғұрып - сәбидің аяғына байланған ала жіпті кесу оның тіршілігінде жаңа кезеңнің басталғандығын бейнелейді. Қазақтың дәстүрлі құқықтық ғұрпында ала жіп ерекше ғұрыптық мәнге ие. Ел арасында мал, құн, қыз, жесір, жетім, даулары сияқты кикілжің, араздық тудыратын даудың ақ-қарасын анықтап, әділ шешімін беру ауыл ақсақалдарының үлесіне тиетін. Дәстүрлі ортада кез келген дау үлкендердің тоқтамымен түйінделіп, ақсақалдар тарапынан шешімін таппаса, дауласқандар биге жүгінеді. Даушарға төрелік айтып, қазылық құру үшін болған отырысты дау жиынына жиналып, өте маңызды болса, бір мал құрбандыққа шалынып, жиналғандар қолдарын қанға малып дүғалар оқылады. Салт бойынша, дау соңында қарсы жақтар ала жіп керіп отырады. Осы ала жіп орта- сынан шарт кесіледі. Бұл ғұрыптың орындалуы даудың аяқталуын, қарсы жақтардың мэмілеге келуін, қазылыққа разылығын аңғартады. Жетіаталық құрылымның демографиялық мөлшерінің, яғни демографиялық оптимумының дағдарыс күйге снуіне және оның территориялық ресурстарының жетімсіздігі байқалуына байланысты келесі сегізінші атадан кейінгі ұрпақтардың демографиялық, шаруашылық жологиялық, институттық-идеологиялық және т.б. жағынан кемелденген тобы бөлініп отырады (ескере катер нәрсе — ру-қауымның демографиялық мөлшері он скі, он үш атага дейін жетуі мүмкін). Шаруашылықты жүргізген ауқатты байлары, басқарар биі, ел қорғаны ба¬тыры бар бұл топтың бөліну (еншілеу) рәсіміне шежірелік түрғыдан негізделген тығыз байланыстағы тайпалық үлыстың игі жақсылары тегіс ат салысулары тиіс болды. Олар бөлінетін топқа жаз жайлауын күз күзеуін, қыс қыстауын, көктем көктеуін және көш жүретін бағыттар мен жолдарды енші ретінде белгілеп берді. Яғни ру ақсақалдары келісіп руды екіге бөліп, дербес ру ретінде бір-бірін тануды бастауға рұқсат етіп, бекітетін ғұрыптық шара «ала бие сойып, ала арцан кесу» ғұрпы атқарылады. Мұндай шараға барудың экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және т.б. толып жатқан шарттары бар және ол толық қамтамасыз етілуі ескеріледі. Атап айтсак, ең бастысы рудың адам санының кеп болуы; екіге айрылысар рулас ағайынның кемінде жсті атадан әріге ұрпақ аралық буынның алмасуы жеке ру ретінде өмір сүруіне қажетті экономикалық, өндіріс қатынастарының; ғұрыптық құқықтық қатынасты реттейтін саны толық беделді ақсақалдар мен билердің; шаруашылық қатынастарын жүргізуге ықпалды байларының; этномәдени өмірді қамтамасыз ете алатын өнер адам дары, сондай-ақруаралық қатынаста рудың абыройы мен бет-бейнесі бола алатын шешен, ақын, би сияқты көшпелі ел басқаруға араласатын адамдары, батырлары, балуандары сияқты құрамы болуы ескеріледі. Осындай шарттар толық қамтамасыз етілгенде екіге бөлінген ру дербес ру (халық ұғымында ел) ретінде өмір сүруге қабілетті деп танылады. Рәсімді рудың беделді ақсақалдары өзара келіскен соң елдің шаруасы аз, мамыражай жаз маусымының бір күнінде ру өкілдерін жинап, арнайы рәсім откізеді. Алдын ала дайындалған ала жылқының құйрығын екі жақтың беделді адамдары кесіседі. Соңынан әлгі жылқыны сойып, екі жақтың адамдары қолын қанға баты- рады. Мұны айырылысудың бекемделгендігін ғұрыптық- символикалық айғағы деуге болады. Рәсімнің шарықтау (кульминациялық) шегі ала арқанды керіп, болінетін рудың беделді окілдері ала арқаннан ары аттайды да, арқанның екінші үшын ұстап тұрған кезде, ғұрыптық рәсім ала арқанды кесу ғұрпы атқарылады. Айырылыс қазан асылып, ас ішіледі. Сөйтіп екіге болінген адамдар екі бағытқа қарай кетеді. Анатіліміздегі мүлдем айырылсуды меңзейтін «ат құйрығын кесісу» (бірақ кесу емес) деген фразеологизм осыдан қалса керек. Бүдан кейін болінген топ жеке рулық құрылым ретінде өз бетімен тіршілік құрды. Бұл бірлестік аталмыш рәсімнен соң өзі енші алып шыққан румен де қыз алысып, қыз беру күкығына ие болды. Сан жағынан жеті ұрпақтың молшерден асқаннан кейінгі жаңа қауымдық құрылымның болініп шығуы, түптеп келгенде көшпелі этноэкосистемадағы табиғи-тарихи теп- теңдікті сақтау үшін адам табиги және материалдық ресурстарды қайта боліп отырудың ең тиімді институттанған тәсілі, яғни экосистеманың табиғи және материалдық ресурсын тиімді пайдалануга бағытталған этникалық қауымның өзін-өзі үйымдастыру тэсілі деп бағалауға болады. Ала арқанды аттау көшпелі ортадағы, қоғамдық ортадағы байланыстың тығыздығын пәрменділігін, қуатылығын қамтамасыз етіп отыратын, туысқандық- рулық қатынастардың жеті аталық ауқымнан кейін үзілгендігінің айғағы іспеттес. Тілімізде ала арқанның немесе ала жіптің осындай әлеуметтік семантикасына байланысты «біреудің ала жібінен аттама!» немесе «біреудің ала жібін алма!» деген эвфемистік бітімдегі табу-фразеологизм сақталған. Аталмыш рәсімнің «кері» паралеллі ретінде апыл-тапыл жүре бастаған сәбидің аяғын ала жіппен «тұсап» оны ауылдағы «ұлын ұяга, қызын қияға» қондырған ардақты ананың кесу рәсімін айтуға болады). Осы рәсімнен кейін руаралық қатынастың нормалары мен ережелері олардың арасындағы қатынаста үрдіске енеді. Бұл рәсімнің мәні көшпелі ортадағы этникалық- қоғамдық дамудың динамикасын қамтамасыз етуге және экономикалық, демографиялық шарттарын тиімді үйлестіре отырып, түптеп келгенде этностың қорғаныс тетіктерін күшейтуге бағытталған.
05.12.2012 09:28 4768

 

Ала арқан қию - ала түс, оның редукцияланған лексикалық формасы ала ежелден ерекше қасиетті ұғымға айналды. Ол тіршілік атаулының ақ пен қарадан тұратындығын және осы екі түстің өзара антиномиялық байланысы тіршіліктің диалектикасы болып табылатындығын ежелгі көшпелілер өздерінің сан алуан ырым-тыйымдары мен ұстанымдары арқылы білдірді. Көне түріктердің жазба мұрасы «Ырым бітікте» адамдарға шарапатын тигізетін ала «Атлы иол тәңірі» деп аталынды. Ол әмбебап космогониялық ұғымға сәйкес жоғарғы әлем мен ортаңғы әлемді өзара байланыстырып ұдайы жол үстінде жүреді екен. Ала ұғымына байланысты көне дәстүрдің сілемдері түркі тілдес халықтардың бәрінде дерлік сақталып отыр. Мысалы, төлеуіттердің дәстүрлі ұғымында жолаушыларды желеп-жебейтін қолдаушысы жол тәңірі ала атқа мініп жүреді екен. Ал хакастардың жаңбыр тілеуге байланысты атқарылатын ғұрпы бойынша қайыңға ала жіпті байлайды. Сөйтіп, әлгі ала жіп Жасаған ие мекендейтін жоғарғы әлем мен адамдарды байланыстыратын дәнекер (медиатор) функциясын атқарады. Жалпы ала ат пен ала жіп жолаушы сапарының оң болуының, сәттіліктің символы болып табылады. Ала арқанды қию рәсімі үш түрлі жағдайда орын алған: біріншіден, ала жіп кесу дауласушы екі жақтың келісімге келіп бітіскенін білдіреді, екіншіден, ру-қауымның демографиялық мөлшері тым артып, осыған байланысты жер (жайылым) тапшылығы айқын сезілгенде сегізінші атадан ары қарай болінетін келесі ру-қауымдықтоп пен бөлетін ру-қауымның екі айырылысуын рәсімдейтін ғұрып; үшіншісі - жас баланың жаңадан тәй-тәйлеп жүре бастағанын рәсімдейтін ғұрып - сәбидің аяғына байланған ала жіпті кесу оның тіршілігінде жаңа кезеңнің басталғандығын бейнелейді.

Қазақтың дәстүрлі құқықтық ғұрпында ала жіп ерекше ғұрыптық мәнге ие. Ел арасында мал, құн, қыз, жесір, жетім, даулары сияқты кикілжің, араздық тудыратын даудың ақ-қарасын анықтап, әділ шешімін беру ауыл ақсақалдарының үлесіне тиетін. Дәстүрлі ортада кез келген дау үлкендердің тоқтамымен түйінделіп, ақсақалдар тарапынан шешімін таппаса, дауласқандар биге жүгінеді. Даушарға төрелік айтып, қазылық құру үшін болған отырысты дау жиынына жиналып, өте маңызды болса, бір мал құрбандыққа шалынып, жиналғандар қолдарын қанға малып дүғалар оқылады. Салт бойынша, дау соңында қарсы жақтар ала жіп керіп отырады. Осы ала жіп орта- сынан шарт кесіледі. Бұл ғұрыптың орындалуы даудың аяқталуын, қарсы жақтардың мэмілеге келуін, қазылыққа разылығын аңғартады.

Жетіаталық құрылымның демографиялық мөлшерінің, яғни демографиялық оптимумының дағдарыс күйге снуіне және оның территориялық ресурстарының жетімсіздігі байқалуына байланысты келесі сегізінші атадан кейінгі ұрпақтардың демографиялық, шаруашылық жологиялық, институттық-идеологиялық және т.б. жағынан кемелденген тобы бөлініп отырады (ескере катер нәрсе — ру-қауымның демографиялық мөлшері он скі, он үш атага дейін жетуі мүмкін). Шаруашылықты жүргізген ауқатты байлары, басқарар биі, ел қорғаны ба¬тыры бар бұл топтың бөліну (еншілеу) рәсіміне шежірелік түрғыдан негізделген тығыз байланыстағы тайпалық үлыстың игі жақсылары тегіс ат салысулары тиіс болды.

Олар бөлінетін топқа жаз жайлауын күз күзеуін, қыс қыстауын, көктем көктеуін және көш жүретін бағыттар мен жолдарды енші ретінде белгілеп берді. Яғни ру ақсақалдары келісіп руды екіге бөліп, дербес ру ретінде бір-бірін тануды бастауға рұқсат етіп, бекітетін ғұрыптық шара «ала бие сойып, ала арцан кесу» ғұрпы атқарылады. Мұндай шараға барудың экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және т.б. толып жатқан шарттары бар және ол толық қамтамасыз етілуі ескеріледі. Атап айтсак, ең бастысы рудың адам санының кеп болуы; екіге айрылысар рулас ағайынның кемінде жсті атадан әріге ұрпақ аралық буынның алмасуы жеке ру ретінде өмір сүруіне қажетті экономикалық, өндіріс қатынастарының; ғұрыптық құқықтық қатынасты реттейтін саны толық беделді ақсақалдар мен билердің; шаруашылық қатынастарын жүргізуге ықпалды байларының; этномәдени өмірді қамтамасыз ете алатын өнер адам дары, сондай-ақруаралық қатынаста рудың абыройы мен бет-бейнесі бола алатын шешен, ақын, би сияқты көшпелі ел басқаруға араласатын адамдары, батырлары, балуандары сияқты құрамы болуы ескеріледі. Осындай шарттар толық қамтамасыз етілгенде екіге бөлінген ру дербес ру (халық ұғымында ел) ретінде өмір сүруге қабілетті деп танылады.

Рәсімді рудың беделді ақсақалдары өзара келіскен соң елдің шаруасы аз, мамыражай жаз маусымының бір күнінде ру өкілдерін жинап, арнайы рәсім откізеді. Алдын ала дайындалған ала жылқының құйрығын екі жақтың беделді адамдары кесіседі. Соңынан әлгі жылқыны сойып, екі жақтың адамдары қолын қанға баты- рады. Мұны айырылысудың бекемделгендігін ғұрыптық- символикалық айғағы деуге болады. Рәсімнің шарықтау (кульминациялық) шегі ала арқанды керіп, болінетін рудың беделді окілдері ала арқаннан ары аттайды да, арқанның екінші үшын ұстап тұрған кезде, ғұрыптық рәсім ала арқанды кесу ғұрпы атқарылады. Айырылыс қазан асылып, ас ішіледі. Сөйтіп екіге болінген адамдар екі бағытқа қарай кетеді. Анатіліміздегі мүлдем айырылсуды меңзейтін «ат құйрығын кесісу» (бірақ кесу емес) деген фразеологизм осыдан қалса керек. Бүдан кейін болінген топ жеке рулық құрылым ретінде өз бетімен тіршілік құрды. Бұл бірлестік аталмыш рәсімнен соң өзі енші алып шыққан румен де қыз алысып, қыз беру күкығына ие болды.

Сан жағынан жеті ұрпақтың молшерден асқаннан кейінгі жаңа қауымдық құрылымның болініп шығуы, түптеп келгенде көшпелі этноэкосистемадағы табиғи-тарихи теп- теңдікті сақтау үшін адам табиги және материалдық ресурстарды қайта боліп отырудың ең тиімді институттанған тәсілі, яғни экосистеманың табиғи және материалдық ресурсын тиімді пайдалануга бағытталған этникалық қауымның өзін-өзі үйымдастыру тэсілі деп бағалауға болады. Ала арқанды аттау көшпелі ортадағы, қоғамдық ортадағы байланыстың тығыздығын пәрменділігін, қуатылығын қамтамасыз етіп отыратын, туысқандық- рулық қатынастардың жеті аталық ауқымнан кейін үзілгендігінің айғағы іспеттес. Тілімізде ала арқанның немесе ала жіптің осындай әлеуметтік семантикасына байланысты «біреудің ала жібінен аттама!» немесе «біреудің ала жібін алма!» деген эвфемистік бітімдегі табу-фразеологизм сақталған. Аталмыш рәсімнің «кері» паралеллі ретінде апыл-тапыл жүре бастаған сәбидің аяғын ала жіппен «тұсап» оны ауылдағы «ұлын ұяга, қызын қияға» қондырған ардақты ананың кесу рәсімін айтуға болады). Осы рәсімнен кейін руаралық қатынастың нормалары мен ережелері олардың арасындағы қатынаста үрдіске енеді. Бұл рәсімнің мәні көшпелі ортадағы этникалық- қоғамдық дамудың динамикасын қамтамасыз етуге және экономикалық, демографиялық шарттарын тиімді үйлестіре отырып, түптеп келгенде этностың қорғаныс тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға