Жаңалықтар

Қытайлар

Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 млрд. 300 млн-нан астам. І. Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АІШ-та, кейбір Бат. Еуропа елдерінде де тұрады. Антропол. жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солт. І. арасында шығыс азиялық топ, ал оңт. І-да оңт. азиялық топтардың түрлері басым. І-дың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі І. этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, І-дың арғы этн. тегі Хуаньхэ өз-нің орта және төм. аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншан неолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғ-ларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды. Бат. Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің орта, төм. аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этн. қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңт-тегі Мань, шығыстағы И, солт. пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда б.з.б. 3 ғ-ға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде Чанцзяннан оңт-ке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен солт-нде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген. І-дың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады. Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, т.б. көшпелі халықтардан металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, т.б. үйренді. Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей патшалық өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 ж. өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206 ж. билікке Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этн. құрылымы осы кезеңде қалыптасты. Қазіргі І-дың этн. атауы – Хань да осы әулеттің атымен байланысты. 3 – 6 ғ-да қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен ымырасыз күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасын түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 ж. Тан империясы билік құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген мерзімі болып есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі артып, солт-тегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени байланыстары күшейді. Бұл кезеңде І. этн. жағынан да біртұтастанып, нығая түсті. 10 – 13 ғ-ларда І. бөлшектенген жағдайда өмір сүрді. Таза Қытай әулеттері елдің орт. және оңт. аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі Солт. Қытайда көшпелі түркі, моңғол, т.б. халықтардың мемл. бірлестіктері бірінен соң бірі ауысып жатты. Олардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо (916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь  (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся (1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 ж. Қытайда Шыңғысханның немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 ж. Мин әулеті мемл. билікті қолға алды. 1644 – 1911 ж. маньчжурлік Цин әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет І. 1949 ж. ІХР құрылғаннан кейін бірікті. І-ды әлем халықтары әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna, мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды. Chіna, Sіna, Чин атаулары ежелгі қытайдағы Цинь империясының атауынан шыққан. Жалпы түркі тектес елдер Қытайды тарихтың әр кезеңінде билік басына келген әулеттердің атымен атаған. Ежелгі ғұндар мен сақтар Қытайды Чин деп атаса, көне түркілер Табғаш елі (Солт. Қытайды билеген түркі тектес тобашы Вэй әулеті), Оңт. Қытайды Шин-Машин деп, ал моңғол тектес қидандар билеген кезден бастап Қытан, кейін Қытай деп атады. Бұл атау түркілер арқылы Шығ. Еуропаға таралды. 16 – 18 ғ-ларда қазақтар Қытайды билеуші әулет шүршіт атымен де атаған. Елде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі филос. ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғ-ында Орт. Азиядағы Кушан патшалығынан Шығ. Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зорастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды.  ІХР-да тұратын қытай халқының 70%-ы а. ш-нда еңбек етіп, тары, күріш, бидай, жүгері, мақта, соя, шәй өсірумен айналысады. Көкөністің 100-ден аса түрі бар. Негізгі ұлттық тағамдары күріш пен ұннан, балық, құс етінен (т.б. жәндіктерден), мал, шошқа етінен жасалады. «Желінбейтін нәрсе жоқ, тек аспаз соны дәмді етіп пісіре білсін» деген мақал қытай тағамдарының ерекшеліктерін көрсетеді. І. ұлттық киімдерінде ерлер мен әйелдердің сырт киімдерінің үлгі пішімі ұқсас, тек кейбір жеке бөліктері ғана өзгеше. Отбасында ерлердің рөлі басым. Дәстүрлі ұлттық мерекелері – қытайдың күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы – Көктем мерекесі (Чуньцзе) аса салтанатты жағдайда өтеді. Ол қаңтардың 21-нен ақпанның 19 аралығына тура келеді. Ай күнтізбесі бойынша 4-айда өтетін Цинмин (таза жарық) мерекесінде ата-баба аруағына мінәжат етеді. Бұдан басқа да 5-айдағы «Дуакоу» және 8-айдағы Чжунцю (орта күз) мерекесінде шаруашылыққа, діни нанымға қатысты ғұрыптық іс-шаралар өткізіледі. С. Сұңғатай  
05.12.2012 09:26 8015

Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 млрд. 300 млн-нан астам. І. Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АІШ-та, кейбір Бат. Еуропа елдерінде де тұрады. Антропол. жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солт. І. арасында шығыс азиялық топ, ал оңт. І-да оңт. азиялық топтардың түрлері басым. І-дың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі І. этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, І-дың арғы этн. тегі Хуаньхэ өз-нің орта және төм. аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншан неолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғ-ларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды. Бат. Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің орта, төм. аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этн. қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңт-тегі Мань, шығыстағы И, солт. пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда б.з.б. 3 ғ-ға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде Чанцзяннан оңт-ке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен солт-нде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген. І-дың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады. Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, т.б. көшпелі халықтардан металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, т.б. үйренді. Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей патшалық өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 ж. өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206 ж. билікке Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этн. құрылымы осы кезеңде қалыптасты. Қазіргі І-дың этн. атауы – Хань да осы әулеттің атымен байланысты. 3 – 6 ғ-да қазіргі Қытай жерінде бір-бірімен ымырасыз күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасын түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 ж. Тан империясы билік құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген мерзімі болып есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі артып, солт-тегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени байланыстары күшейді. Бұл кезеңде І. этн. жағынан да біртұтастанып, нығая түсті. 10 – 13 ғ-ларда І. бөлшектенген жағдайда өмір сүрді. Таза Қытай әулеттері елдің орт. және оңт. аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі Солт. Қытайда көшпелі түркі, моңғол, т.б. халықтардың мемл. бірлестіктері бірінен соң бірі ауысып жатты. Олардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо (916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь  (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся (1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 ж. Қытайда Шыңғысханның немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 ж. Мин әулеті мемл. билікті қолға алды. 1644 – 1911 ж. маньчжурлік Цин әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет І. 1949 ж. ІХР құрылғаннан кейін бірікті. І-ды әлем халықтары әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna, мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды. Chіna, Sіna, Чин атаулары ежелгі қытайдағы Цинь империясының атауынан шыққан. Жалпы түркі тектес елдер Қытайды тарихтың әр кезеңінде билік басына келген әулеттердің атымен атаған. Ежелгі ғұндар мен сақтар Қытайды Чин деп атаса, көне түркілер Табғаш елі (Солт. Қытайды билеген түркі тектес тобашы Вэй әулеті), Оңт. Қытайды Шин-Машин деп, ал моңғол тектес қидандар билеген кезден бастап Қытан, кейін Қытай деп атады. Бұл атау түркілер арқылы Шығ. Еуропаға таралды. 16 – 18 ғ-ларда қазақтар Қытайды билеуші әулет шүршіт атымен де атаған. Елде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі филос. ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғ-ында Орт. Азиядағы Кушан патшалығынан Шығ. Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зорастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды.  ІХР-да тұратын қытай халқының 70%-ы а. ш-нда еңбек етіп, тары, күріш, бидай, жүгері, мақта, соя, шәй өсірумен айналысады. Көкөністің 100-ден аса түрі бар. Негізгі ұлттық тағамдары күріш пен ұннан, балық, құс етінен (т.б. жәндіктерден), мал, шошқа етінен жасалады. «Желінбейтін нәрсе жоқ, тек аспаз соны дәмді етіп пісіре білсін» деген мақал қытай тағамдарының ерекшеліктерін көрсетеді. І. ұлттық киімдерінде ерлер мен әйелдердің сырт киімдерінің үлгі пішімі ұқсас, тек кейбір жеке бөліктері ғана өзгеше. Отбасында ерлердің рөлі басым. Дәстүрлі ұлттық мерекелері – қытайдың күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы – Көктем мерекесі (Чуньцзе) аса салтанатты жағдайда өтеді. Ол қаңтардың 21-нен ақпанның 19 аралығына тура келеді. Ай күнтізбесі бойынша 4-айда өтетін Цинмин (таза жарық) мерекесінде ата-баба аруағына мінәжат етеді. Бұдан басқа да 5-айдағы «Дуакоу» және 8-айдағы Чжунцю (орта күз) мерекесінде шаруашылыққа, діни нанымға қатысты ғұрыптық іс-шаралар өткізіледі.

С. Сұңғатай

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға