Жаңалықтар

Хибат ул-Хақайық

«Хибат ул-Хақайық», «Ақиқат сыйы» – есімі Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған ғұлама ақын Ахмет Жүйнекидің әр түрлі моральдық-этикалық мәселелерді жыр еткен дидактикалық-философиялық мазмұндағы жыр-дастаны. Бұл дастан моральдық-этикалық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының поэзия тілімен айтылған жиынтығы болып келеді. Сол кездегі Шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор өз шығармасын Алланы, пайғамбарды және төрт сахабаны мадақтаудан бастайды. «Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе – оқу мен білім мәселесі. Бұл кезде қыпшақ даласында адамның сана-сезіміне жарық сәуле құятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғұлама ғалымдарды құрметтеп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді. Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт – көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп, ақын ғылым, бақыт жолын өнер-білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің құдіретті күшімен байланыстырып, кез келген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды. «Ақиқат сыйы» дастанында мораль, әдептілік және мінез-құлық мәселелері зор білгірлікпен, жан-жақты, кең көлемде сөз болады. Автор оқушысын әрқашанда әдепті болуға, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, мылжың болмауға шақырады. Ал әдептіліктің басы тілге сақ болу деп үйретеді. Дастанның келесі тарауында жомарттық пен сараңдық туралы сөз қозғалады. Ақынның ойынша құрметке лайықты адамның бойындағы ең асыл қасиет – жомарттық. Жомарттық тұрған кезде алынбайтын асу жоқ, жылымайтын жүрек жоқ. Ақын ұдайы жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарсы қойып көрсетеді. «Ақиқат сыйы» дастанында сондай-ақ тәкаппар, паң, өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал қарапайымдылық – кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді. «Ақиқат сыйы» дастанын тіл, әдебиет, тарих ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттеп, оны басқа тілдерге тәржіма жасаған белгілі түрколог-ғалымдар Нәжіп Асим, Арат Рахмат, Е.Э. Бертельс, С.Е. Малов,Қ.Махмудов, т.б. Ал Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов дастанды қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттеп әрі оның прозалық және поэтикалық аудармаларын жасап шықты.
05.12.2012 09:26 9938

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға