Ақша.Ақша айналысы
05.12.2012 09:25
7316
Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола тенге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ жоне аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалары сияқты белгілер бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сырдарияның орта ағысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әр түрлі билеушілері соқтырған болса керек. Шу аңғарының қалаларында ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12 миллиметрден 28 миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар, мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен «түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылган, мұны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек және сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге болініп, олардьщ ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан op түрлі — не құйылған, не соғылган болып келеді. Ең дағдылысы — «Т. хум (Бахум?) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған (9) теңгелер тобы анықталды. Арслан, Қарахандардың алдындағы әулет болса керек. Невакет қамалын (Қызылөзен қаласының жұрты) қазған кезде осындай тенге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шаршы тесігі бар, теңгенің салмағы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағат тіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)»,—деп түсінік берілген. Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мұнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түргештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналыска түскен.
Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудыңтүргеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аймақ-аралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Сондықтан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды.Сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойқан жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз жоне Испиджаб калалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді және атап айтқанда, қолға түсірілген олжаны сатуға мүмкіндік берді. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды. Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды. Соғдылықтар күміс бұйымдар, түрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын. Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асырылды. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды, ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді. Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталады, олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы)
Келесі жаңалық
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты