Жаңалықтар

Ольмек мәдениеті

  ОЛЬМЕК МӘДЕНИЕТІ, (olmeca ацтекше “каучук елінің тұрғындары”) – б.з.б. 1-мыңжылдықта Мексика жерінде дәуірлеген көне үндіс мәдениеті. 11 – 14 ғ-ларда өмір сүрген кейінгі тұрғындарының тайпалық атауы бойынша аталған. Алғаш рет 1932 ж. Дж.Вайян “Ольмек өнері” деген атауды пайдаланды. Мүсіндер, әшекейлер сияқты жекелеген шағын туындылардың бірінші болып байқалуы себепті “Ольмек стилі” деген ұғым да қолданылды. Ұлттық геогр. қоғам мен Смитсон ин-тының (АҚШ) біріккен экспед. (жетек. М.Стирлинг) жұмыстары аясында 1938 ж. алғашқы қазбалар басталды. Негізгі зерттеушілері қатарында Ф.Дракер, Р.Хейзер, М.Коваррубиас, В.Хименес, М.Портер, Р.Пинья Чан, М.Ко, т.б. американ, мексикан ғалымдары бар. Веракрус, Табаско штаттарының жағалаулық өлкелері мәдениеттің негізгі тараған аумағы болып саналады. Біршама жақсы зерттелген ескерткіштер арасында  мәдениеттің гүлденген кезеңінің деректерін берген Табаскодағы Ла-Вента қонысы ерекше орын алады. Мұндағы аум. 64,5 км жерді алып жатқан  ірі ғұрыптық-архит. кешеннің мәдени қабатының қалыңд. 3 м-ге барады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жер айналасын егінші қауымдар қоршап жатқан, негізінен абыздар мекендеген маңызды діни-ғұрыптық орт-тың қызметін атқарған. Веракрустағы Тустла тауының маңында ауд. 3 км2 Трес-Сапотес қонысында пирамида пішіндес 50-ден астам төбелер анықталған. Биікт. 12 м-ге дейін жететін бұл төбелердің етегінде, айналасында көптеген  құлпытастар, басқадай ғұрыптық құрылыстар, тастан қашалған зәулім адам бастары орналасқан. Сондай-ақ маңызды деректер Серро-де-Лас-Месас, Сан-Лоренсо, Лагуна-де-лос-Серрос, т.б. ескерткіштерді қазу барысында алынды. Жалпы ерекшеліктеріне мынадай негізгі белгілер тән: балшық құрылыстар, тас (әсіресе, базальт) өңдеу, құрылыста ірі базальт бағаналарын жиі қолдану, нефрит пен серпентинді әсемдеп өңдеудің жоғары деңгейі, тас айналар, балшықтан жасалған тәңірлер бейнесі, монохромды керамика. Қыш, негізінен, түбі жайпақ аяқтар мен тәрелкелер, бүйірі шығыңқы көзелер түрінде тараған. Ыдыс өрнегі “адымдайтын” қалыппен басылады, кейде ойып түсірілген сызықтармен беріледі, шеттері ойылған жолақтарды қызыл бояумен жабу да кездеседі. Ягуардың, кейде ягуар мен баланың аралас бейнесін беретін “тәңір” мүсіндері, базальттан қашалған адам бастары мәдениеттің ерекше көзге ұратын белгілеріне жатады. Дулыға киген адам басын бейнелейтін мүсіндер аса ірі болады да, кейбіреуінің салмағы 20 т-ға жетеді. Тұрғындары негізінен егіншілік пен балық аулауды кәсіп еткен. Қоғамда діни ғұрыптардың күрделі жүйесін өз қолдарына жинақтаған абыздар маңызды орын алған. Мерзімі жайлы даулы пікірлер бар. Көптеген зерттеушілердің ойынша, мәдениет орта архаикалық сатының басынан басталады да, соңғы архаикалық сатының аяғында, яғни б.з.б. 1-мыңжылдықтың аяғында жойылады. Гүлденген кезеңі Ла-Вента қонысының уақытын, яғни б.з.б. 900 – 400 жылдарды қамтиды. Металды әлі білмеген, бірақ тас өңдеуді тамаша меңгерген көне ольмек тайпалары жалпы Мезоамериканың орта архаикалық кезеңінің биік мәдениетін өркендетті. Ольмек стиліндегі мәдени нышандар көптеген ғасырлар сақталды. Мексика ғалымы М.Коваррубиас О. м-нің маңызын бағалай келе, ол өзінен кейінгі жергілікті мәдениеттер үшін “аналық” қасиетке ие деп атап өтті. А. Бейсенов  
05.12.2012 09:21 3973

 

ОЛЬМЕК МӘДЕНИЕТІ, (olmeca ацтекше “каучук елінің тұрғындары”) – б.з.б. 1-мыңжылдықта Мексика жерінде дәуірлеген көне үндіс мәдениеті. 11 – 14 ғ-ларда өмір сүрген кейінгі тұрғындарының тайпалық атауы бойынша аталған. Алғаш рет 1932 ж. Дж.Вайян “Ольмек өнері” деген атауды пайдаланды. Мүсіндер, әшекейлер сияқты жекелеген шағын туындылардың бірінші болып байқалуы себепті “Ольмек стилі” деген ұғым да қолданылды. Ұлттық геогр. қоғам мен Смитсон ин-тының (АҚШ) біріккен экспед. (жетек. М.Стирлинг) жұмыстары аясында 1938 ж. алғашқы қазбалар басталды. Негізгі зерттеушілері қатарында Ф.Дракер, Р.Хейзер, М.Коваррубиас, В.Хименес, М.Портер, Р.Пинья Чан, М.Ко, т.б. американ, мексикан ғалымдары бар. Веракрус, Табаско штаттарының жағалаулық өлкелері мәдениеттің негізгі тараған аумағы болып саналады. Біршама жақсы зерттелген ескерткіштер арасында  мәдениеттің гүлденген кезеңінің деректерін берген Табаскодағы Ла-Вента қонысы ерекше орын алады. Мұндағы аум. 64,5 км жерді алып жатқан  ірі ғұрыптық-архит. кешеннің мәдени қабатының қалыңд. 3 м-ге барады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жер айналасын егінші қауымдар қоршап жатқан, негізінен абыздар мекендеген маңызды діни-ғұрыптық орт-тың қызметін атқарған. Веракрустағы Тустла тауының маңында ауд. 3 км2 Трес-Сапотес қонысында пирамида пішіндес 50-ден астам төбелер анықталған. Биікт. 12 м-ге дейін жететін бұл төбелердің етегінде, айналасында көптеген  құлпытастар, басқадай ғұрыптық құрылыстар, тастан қашалған зәулім адам бастары орналасқан. Сондай-ақ маңызды деректер Серро-де-Лас-Месас, Сан-Лоренсо, Лагуна-де-лос-Серрос, т.б. ескерткіштерді қазу барысында алынды. Жалпы ерекшеліктеріне мынадай негізгі белгілер тән: балшық құрылыстар, тас (әсіресе, базальт) өңдеу, құрылыста ірі базальт бағаналарын жиі қолдану, нефрит пен серпентинді әсемдеп өңдеудің жоғары деңгейі, тас айналар, балшықтан жасалған тәңірлер бейнесі, монохромды керамика. Қыш, негізінен, түбі жайпақ аяқтар мен тәрелкелер, бүйірі шығыңқы көзелер түрінде тараған. Ыдыс өрнегі “адымдайтын” қалыппен басылады, кейде ойып түсірілген сызықтармен беріледі, шеттері ойылған жолақтарды қызыл бояумен жабу да кездеседі. Ягуардың, кейде ягуар мен баланың аралас бейнесін беретін “тәңір” мүсіндері, базальттан қашалған адам бастары мәдениеттің ерекше көзге ұратын белгілеріне жатады. Дулыға киген адам басын бейнелейтін мүсіндер аса ірі болады да, кейбіреуінің салмағы 20 т-ға жетеді. Тұрғындары негізінен егіншілік пен балық аулауды кәсіп еткен. Қоғамда діни ғұрыптардың күрделі жүйесін өз қолдарына жинақтаған абыздар маңызды орын алған. Мерзімі жайлы даулы пікірлер бар. Көптеген зерттеушілердің ойынша, мәдениет орта архаикалық сатының басынан басталады да, соңғы архаикалық сатының аяғында, яғни б.з.б. 1-мыңжылдықтың аяғында жойылады. Гүлденген кезеңі Ла-Вента қонысының уақытын, яғни б.з.б. 900 – 400 жылдарды қамтиды. Металды әлі білмеген, бірақ тас өңдеуді тамаша меңгерген көне ольмек тайпалары жалпы Мезоамериканың орта архаикалық кезеңінің биік мәдениетін өркендетті. Ольмек стиліндегі мәдени нышандар көптеген ғасырлар сақталды. Мексика ғалымы М.Коваррубиас О. м-нің маңызын бағалай келе, ол өзінен кейінгі жергілікті мәдениеттер үшін “аналық” қасиетке ие деп атап өтті.
А. Бейсенов
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға