Жаңалықтар

Қышқылға берік заттар

Қышқылға берік заттар, қышқылға төзімді материалдар, қышқылдың зиянды әсеріне төзімді заттар. Металдық және бейметалдық болып бөлінеді. Металдық І. б. з-ға темір негізіндегі легирлеуші элементтері (хром, никель, марганец, т.б.) бар қорытпалар, түсті металдар мен олардың қорытпалары, сонымен бірге құралымдық заттар (титан, ниобий, тантал, молибден, цирконий және олардың қорытпалары) жатады. Мұндай металдар ауадағы оттекпен тотығып, тотық қабығын түзеді. Егер металдардың бетіндегі тотық қабығы мықты, берік және тұтас болса, ол оны әрі қарай бүлінуден сақтайды. Мыс., мыс хром-никельді болаттардың күкірт қышқылына беріктігін жақсартса, хром – концентрлі азот пен фосфор қышқылына, молибден – сірке, құмырсқа, сүт қышқылдарына беріктігін арттырады. Өндірісте легирлеуші элементтердің әркелкі көлемдегі пайыздық қатынастарынан әр түрлі болаттар шығарылады. Құрамында хромның мөлшері жоғары шойындар азот, күкірт және фосфор қышқылдарына, ал кремнийлі және кремний-молибденді шойындар H2SO4, HNO3 және HCl-дың әсеріне берік болады. Мыс пен оның қорытпалары (қола) минералды және органик. қышқылдардың әсеріне, сондай-ақ, никель мен никель-молибденді қорытпалар тұз және фосфор, күкірт, азот қышқылдарына, сірке, құмырсқа және басқа органик. қышқылдарға, ал никель-мыс қорытпалары фосфор және органик. қышқылдарға төзімді келеді. Алюминий және оның қорытпалары азот қышқылының жоғары концентрациясына, күкірт қышқылының сұйық ерітінділеріне және органик. қышқылдарға берік. Титан және оның қорытпалары азот, сірке, құмырсқа және басқа минералды қышқылдарға, сұйық тұзға «патша сұйығына» берік, ал титан-цирконий қорытпаларының да осы қышқылдарға төзімділігі өте жоғары болады. Цирконий мен оның қорытпалары тұз қышқылының барлық концентрациясына, фосфор қышқылына, сондай-ақ, титан және оның құймалары сияқты қышқылдардың барлығына төзімді. Өте берік заттар қатарында цирконийдің 1,5% қалайымен қорытпасы да бар. Ниобий мен оның қорытпалары тұз, азот, фосфор және күкірт (тек өте жоғары концентрациясынан басқа) қышқылдарының барлық концентрацияларына төзімді келеді. Бейметалдық І. б. з. бейорганик. және органик. болып бөлінеді. Бейметалдық бейорганик.  қышқылға берік заттар кремний және поликремний қышқылдарының тұздары, мыс., күрделі алюмосиликаттар минералды қышқылдардың бәріне берік заттар (тек балқытқыш қышқылынан басқа). Заттардың қышқылға төзімділігі олардың құрылымына байланысты, кристалдық заттардың қышқылға беріктігі аморфты заттарға қарағанда жоғары. Бейорганик. заттардың қышқылға беріктігі олардың салмағының өзгеруімен анықталады. Бейорганик. І. б. з. табиғи (тау жыныстары) және жасанды силикатты заттар болып бөлінеді. Табиғи заттарға гранит, базальт, мәрмәр, әктас, т.б. жатады. Жасанды силикатты заттарды тау жыныстарын балқыту немесе қақтап пісіру арқылы алады. Олардың қатарына кварцты және силикатты шыны, ситал мен эмальдар, т.б. жатқызуға болады. Бейметалдық органик. І. б. з-ға фторлы полимерлер (политетрафторэтилен, политрифторхлорэтилен, фторкаучук, т.б.), фенолды шайырлар кіреді. І. б. з. өндірісте жабын материалы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, олар коррозияға да төзімді болғандықтан минералды қышқылдар өндірісінде аппараттардың металдық корпустарын футерлеу үшін, хим. жабдықтар жасауда, әр түрлі құрылыстар мен қорғандар салуда, құбырлар, түтіктер, крандар жасау үшін қолданылады. Әдеб.: Аханбаев Е., Химия негіздері, А., 2001; Бірімжанов Б.А., Жалпы химия, А., 2002. Ө. Жүсіпбеков  
05.12.2012 09:21 7084

Қышқылға берік заттар, қышқылға төзімді материалдар, қышқылдың зиянды әсеріне төзімді заттар. Металдық және бейметалдық болып бөлінеді. Металдық І. б. з-ға темір негізіндегі легирлеуші элементтері (хром, никель, марганец, т.б.) бар қорытпалар, түсті металдар мен олардың қорытпалары, сонымен бірге құралымдық заттар (титан, ниобий, тантал, молибден, цирконий және олардың қорытпалары) жатады. Мұндай металдар ауадағы оттекпен тотығып, тотық қабығын түзеді. Егер металдардың бетіндегі тотық қабығы мықты, берік және тұтас болса, ол оны әрі қарай бүлінуден сақтайды. Мыс., мыс хром-никельді болаттардың күкірт қышқылына беріктігін жақсартса, хром – концентрлі азот пен фосфор қышқылына, молибден – сірке, құмырсқа, сүт қышқылдарына беріктігін арттырады. Өндірісте легирлеуші элементтердің әркелкі көлемдегі пайыздық қатынастарынан әр түрлі болаттар шығарылады. Құрамында хромның мөлшері жоғары шойындар азот, күкірт және фосфор қышқылдарына, ал кремнийлі және кремний-молибденді шойындар H2SO4, HNO3 және HCl-дың әсеріне берік болады. Мыс пен оның қорытпалары (қола) минералды және органик. қышқылдардың әсеріне, сондай-ақ, никель мен никель-молибденді қорытпалар тұз және фосфор, күкірт, азот қышқылдарына, сірке, құмырсқа және басқа органик. қышқылдарға, ал никель-мыс қорытпалары фосфор және органик. қышқылдарға төзімді келеді. Алюминий және оның қорытпалары азот қышқылының жоғары концентрациясына, күкірт қышқылының сұйық ерітінділеріне және органик. қышқылдарға берік. Титан және оның қорытпалары азот, сірке, құмырсқа және басқа минералды қышқылдарға, сұйық тұзға «патша сұйығына» берік, ал титан-цирконий қорытпаларының да осы қышқылдарға төзімділігі өте жоғары болады. Цирконий мен оның қорытпалары тұз қышқылының барлық концентрациясына, фосфор қышқылына, сондай-ақ, титан және оның құймалары сияқты қышқылдардың барлығына төзімді. Өте берік заттар қатарында цирконийдің 1,5% қалайымен қорытпасы да бар. Ниобий мен оның қорытпалары тұз, азот, фосфор және күкірт (тек өте жоғары концентрациясынан басқа) қышқылдарының барлық концентрацияларына төзімді келеді. Бейметалдық І. б. з. бейорганик. және органик. болып бөлінеді. Бейметалдық бейорганик.  қышқылға берік заттар кремний және поликремний қышқылдарының тұздары, мыс., күрделі алюмосиликаттар минералды қышқылдардың бәріне берік заттар (тек балқытқыш қышқылынан басқа). Заттардың қышқылға төзімділігі олардың құрылымына байланысты, кристалдық заттардың қышқылға беріктігі аморфты заттарға қарағанда жоғары. Бейорганик. заттардың қышқылға беріктігі олардың салмағының өзгеруімен анықталады. Бейорганик. І. б. з. табиғи (тау жыныстары) және жасанды силикатты заттар болып бөлінеді. Табиғи заттарға гранит, базальт, мәрмәр, әктас, т.б. жатады. Жасанды силикатты заттарды тау жыныстарын балқыту немесе қақтап пісіру арқылы алады. Олардың қатарына кварцты және силикатты шыны, ситал мен эмальдар, т.б. жатқызуға болады. Бейметалдық органик. І. б. з-ға фторлы полимерлер (политетрафторэтилен, политрифторхлорэтилен, фторкаучук, т.б.), фенолды шайырлар кіреді. І. б. з. өндірісте жабын материалы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, олар коррозияға да төзімді болғандықтан минералды қышқылдар өндірісінде аппараттардың металдық корпустарын футерлеу үшін, хим. жабдықтар жасауда, әр түрлі құрылыстар мен қорғандар салуда, құбырлар, түтіктер, крандар жасау үшін қолданылады.

Әдеб.: Аханбаев Е., Химия негіздері, А., 2001; Бірімжанов Б.А., Жалпы химия, А., 2002.

Ө. Жүсіпбеков

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға