Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ, В.Р.Вильямс атынд. – егіншілік және өсімдік ш. бойынша аймақтық мәселелермен айналысатын жетекші үйлестіруші орт. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. 1934 ж. құрылған. 2002 жылдан Егіншілік және өсімдік ш. ғылыми-өндірістік ортаоығының Респ. мемл. қазыналық кәсіпорны. Алматы обл. Қарасай ауд. Алмалыбақ а-нда орналасқан. Құрамында 19 бөлім мен лаборатория бар. 1961 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Ин-ттың негізгі ғыл. бағыттары: аймақтық  топырақ және су, т.б. ресурс қорларын сақтай отырып, кез келген шаруашылық құрылым жағдайына лайықтап, экол. Жағынан таза әрі жоғары өнімді агроландшафтық егіншілік жүйесін құру; астық, бұршақ тұқымдастарының тех. және жармалық дақылдарының, дәрілік өсімдіктердің құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен зиянкестеріне төзімді, мол өнімді жаңа сорттары мен будандарын шығару, сондай-ақ оларды тұқымынан өсіру тиімділігін арттыру; әлемдік ғыл. жетістіктер мен озат тәжірибені өндіріске енгізу. Ин-т суғарылмалы, суғарылмайтын және тәлімі жерлер үшін аймақтық егіншілік жүйелерін және негізгі танаптық дақылдарды өндіруде топырақ құнарлылығын сақтауға, шикізаттық және энергет. қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қолайлы әдістерді жасады; минералдық және органик. тыңайтқыштарды қолдану, суғару мерзімі және қолдан суғарудың әдістері мен технологиясы, республиканың оңт.-шығыс аймағын гидромодульді аудандастыру жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындылары республиканың 9 облысында өндіріске енгізілді. Қазақстанның батыс, шығыс және оңт.-шығыс аймақтарында аум. 0,4 млн. га жердің биоклиматтық қорларымен егіншілік жүйелерді сәйкестендірудің нәтижесінде астық тұқымдас дақылдарды агроэкол. аудандастыру іске асырылды. Ин-т а. ш. дақылдарының 250-ден астам сорттары мен буданын шығарып, оның 88-ін аудандастырды. Ғыл. жаңалықтары мен өнертабыстары үшін ин-т ғалымдары 24 патент алған. Ин-т Киото (Жапония), Гессен (Германия) ун-ттерімен, «Земун поле» (Югославия), Кембридж (Ұлыбритания), т.б. ин-ттармен, бірнеше шетелдік фирмалармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғыл. жұмыстар жинағын, анықтамалықтар, монографиялар, нұсқау кітапшаларын шығарып тұрады. Ин-тта акад-тер А.И.Бараев, Қ.Әбуғалиев, З.Бияшев, Ю.Д.Зыков, т.б. ғалымдар еңбек еткен.  
05.12.2012 09:11 6572

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға