Жаңалықтар

Бақ-дәулет

Бақ-дәулет – дәстүрлі мәдениетте жеке адамның, ұжымның, қоғамның материалдық игілігі жөнінде түсініктер мен ұғымдар жүйесін қамтитын категория. Бақ пен дәулет туралы түсінік бір-бірімен өзара байланысты айтылып, байлық ұғымымен астасып жатады. Алайда байлық ұғымының мазмұн ауқымы кең: байлық тек заттық игіліктердің (мал, дүние-мүлік, қазына т.б), молшылығын ғана емес, денсаулық, ақыл, білім, өнер т.б. тәрізді абстракты ұғымдар жүйесін қамтиды. Этномэдени ұжымның когнитивтік санасында бақ, дәулет, бақ-дәулет ұғымы құс кейпінде метафораланып, бақ құсы, дәулет құсы деген орнитониммен объективтеледі. Қазақ мақал-мәтелінде «Бақ, керек десе, батпаққа да қонады», «Бақ пұшптың мұрнына да қонады»; «Бақ / дәулет құсы Қыдырдың (Қызырдың) көзі кездейсоқ түскен адамға да қонады» дейді. Бұдан бақтың, дәулеттің (бақ-дәулеттің) адам таңдамайтынын, тіпті кез-келген адамға қонатынын, үріксе, бастан ұшып кететін киелі нәрсе түрінде ұғынылғаны аңғарылады. Қазақтың бақ / дәулет туралы дүниетанымдық пайымдауын «Қыдыр, Бақ, Ақыл» туралы байырғы ертегіден айқын аңғаруға болады. Бірде «Қыдыр», «Бақ», «Ақыл» бірге жолаушылап келе жатып «қайсысының күшті» екеніне таласып қалады. Сөйтіп, жер жыртып жүрген бір бейшара, жынды адамды көреді де күш сынаспақ болады. Алдымен әлгі жындыға Қыдырдың назары түсіп, жыртқан жерлері кесек алтынға толып кетеді. Шөліркеген жынды алыст а кетіп бара жсатқан керуеннен су сұрап ішпек болады. Керуеннің итінен қауіптеніп үлкен бір кесекті қолына ала жүреді, кесектің алтын екеніне мән бермей, керуенге келіп су ішіп, үрген итке кесек алтын лақтырып жібереді. Таң қалған керуеншілерге жыртқан жерінде кесегімен алтын жатқанын айтады. Керуеншілер жігіттің ешнәрсенің қадірін білмейтін, парықсыз екенін білсе де, әйтеуір, бір керекке жарар деп, өздерімен ала жүреді. Сонымен «Қыдырдың» сынағы аяқталып, ендігі кезек «Баққа» келеді. Бір кезде керуен келіп кірген шаһарды тұтқиылдан жау шабады. Жындының мінген аты өзінен-өзі анталаған жауға қарай шабады. Қорыққаннан жол шетінде өсіп түрған ағаштан ұстай алып, түсіп қалмақшы болғанда алып ағаш түбірімен қопарылып, жындының қолында кете барады. Анталаған жау мұны көріп бет-бетіне қаша жөнеледі. Сөйтіп, жауды қашырған жігітке хан қызын, дүние-мүлкімен береді. Бірақ ештеменің парқын білмейтін жынды қызды теуіп, тісін сындырады. Мұны көрген хан жындыны аспақ болып дарға әкелдіреді. «Бақтың» күші осымен аяқталады. Дәл осы ажал алған сәтте жындыға «Ақыл» келіп қонады да қызды тепкені «арам еті барлығынан», ал тісін сындырғаны «арам сор емгеннен» деп себебін айтады. Сөгітіп, жігітті ажалдан тек «Ақыл» арашалап қалады. Сонымен, халық өзінің дүниетанымдық пайымдауында ақылды бәрінен жоғары қояды да және ақыл болмаса, бақ та, дәулет те адамның сорына айналады деп ескертеді. Шындығында, өмір тәжірибесінде адамның ақылсыздығынан басқа қонған бақтың сорға айналғандығы аз кездеспейді.
05.12.2012 09:11 8902

Бақ-дәулет – дәстүрлі мәдениетте жеке адамның, ұжымның, қоғамның материалдық игілігі жөнінде түсініктер мен ұғымдар жүйесін қамтитын категория.

Бақ пен дәулет туралы түсінік бір-бірімен өзара байланысты айтылып, байлық ұғымымен астасып жатады. Алайда байлық ұғымының мазмұн ауқымы кең: байлық тек заттық игіліктердің (мал, дүние-мүлік, қазына т.б), молшылығын ғана емес, денсаулық, ақыл, білім, өнер т.б. тәрізді абстракты ұғымдар жүйесін қамтиды. Этномэдени ұжымның когнитивтік санасында бақ, дәулет, бақ-дәулет ұғымы құс кейпінде метафораланып, бақ құсы, дәулет құсы деген орнитониммен объективтеледі.

Қазақ мақал-мәтелінде «Бақ, керек десе, батпаққа да қонады», «Бақ пұшптың мұрнына да қонады»; «Бақ / дәулет құсы Қыдырдың (Қызырдың) көзі кездейсоқ түскен адамға да қонады» дейді. Бұдан бақтың, дәулеттің (бақ-дәулеттің) адам таңдамайтынын, тіпті кез-келген адамға қонатынын, үріксе, бастан ұшып кететін киелі нәрсе түрінде ұғынылғаны аңғарылады.

Қазақтың бақ / дәулет туралы дүниетанымдық пайымдауын «Қыдыр, Бақ, Ақыл» туралы байырғы ертегіден айқын аңғаруға болады. Бірде «Қыдыр», «Бақ», «Ақыл» бірге жолаушылап келе жатып «қайсысының күшті» екеніне таласып қалады. Сөйтіп, жер жыртып жүрген бір бейшара, жынды адамды көреді де күш сынаспақ болады. Алдымен әлгі жындыға Қыдырдың назары түсіп, жыртқан жерлері кесек алтынға толып кетеді. Шөліркеген жынды алыст а кетіп бара жсатқан керуеннен су сұрап ішпек болады. Керуеннің итінен қауіптеніп үлкен бір кесекті қолына ала жүреді, кесектің алтын екеніне мән бермей, керуенге келіп су ішіп, үрген итке кесек алтын лақтырып жібереді. Таң қалған керуеншілерге жыртқан жерінде кесегімен алтын жатқанын айтады. Керуеншілер жігіттің ешнәрсенің қадірін білмейтін, парықсыз екенін білсе де, әйтеуір, бір керекке жарар деп, өздерімен ала жүреді. Сонымен «Қыдырдың» сынағы аяқталып, ендігі кезек «Баққа» келеді. Бір кезде керуен келіп кірген шаһарды тұтқиылдан жау шабады. Жындының мінген аты өзінен-өзі анталаған жауға қарай шабады. Қорыққаннан жол шетінде өсіп түрған ағаштан ұстай алып, түсіп қалмақшы болғанда алып ағаш түбірімен қопарылып, жындының қолында кете барады. Анталаған жау мұны көріп бет-бетіне қаша жөнеледі. Сөйтіп, жауды қашырған жігітке хан қызын, дүние-мүлкімен береді. Бірақ ештеменің парқын білмейтін жынды қызды теуіп, тісін сындырады. Мұны көрген хан жындыны аспақ болып дарға әкелдіреді. «Бақтың» күші осымен аяқталады. Дәл осы ажал алған сәтте жындыға «Ақыл» келіп қонады да қызды тепкені «арам еті барлығынан», ал тісін сындырғаны «арам сор емгеннен» деп себебін айтады. Сөгітіп, жігітті ажалдан тек «Ақыл» арашалап қалады. Сонымен, халық өзінің дүниетанымдық пайымдауында ақылды бәрінен жоғары қояды да және ақыл болмаса, бақ та, дәулет те адамның сорына айналады деп ескертеді. Шындығында, өмір тәжірибесінде адамның ақылсыздығынан басқа қонған бақтың сорға айналғандығы аз кездеспейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға