Оксфорд Университеті
05.12.2012 09:06
10915
University of Oxford
Оксфорд университеті (ағыл. University of Oxford) - Ұлыбритания, Оксфордтық графствода, Оксфорд қаласында орналасқан университет болып табылады. Дүниежүзіндегі ең көне университеттерінің арасынан екінші орынды иеленуде ( Болонский университетінен кейін), дүниежүзіндегі ағылшын тілдік ең көне университет және де Ұлыбританиядағы ең бірінші университет болып табылады. Пайда болу уақыты дәл көрсетілмегенімен, ондағы оқу ХІ ғасырда болды деседі. Ұлыбритания мен Ирландияның "ең көне университеттерінің" және Ұлыбританияның 20 ең үздік университеттерінің "Рассел тобына" кіреді. Университет факультеттер мен 38 колледждерден тұрады, сонымен қатар, 6 жатақханасы бар - олар оқу орны деген атауы жоқ, дін орденіне тиесілі болып келетін жабық орындар. Емтихандар мен лекциялар, семинар сабақтары университте орталықтандырылған болса, ал колледжде барлығы тек оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Тарихы
Оксфорд колледждері мен Radcliffe Camera
Кларендон ғимараты, Оксфорд
Оксфорд университетінің пайда болу уақыты дәл көрсетілген емес. Оксфордтағы оқу 1096 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1167 ж. шетелдік студентттердің Париж университетінен қуылуы ( Генриха II Плантагенеттің реформасы бойынша, ол ағылшындық студенттерге Сорбонна университетінде оқуға тыйым салады) көптеген ағылшындық студенттердің Франциядан қайтып келіп, Оксфордқа көшуіне түрткі болады. Джерард Уэльский атты тарихшы студенттерге лекцияларды 1188 ж. оқыған болатын, ал шетелдік студенттер туралы ең алғышқа мағлұматтар 1190 ж. пайда болған, оларды «Emo of Friesland» деп атаған. Университеттің басшысы болған және қазіргі кезде болады - канцлер. Студенттер солтүстік (шотландықтар) және оңтүстік ( ирландықтар мен валлиялықтар) болып бөлінеді. Осыдан бергі жылдары да студенттердің туылған жерлері олардың достастықтарына әсерін тигізген. Көптеген монахтық ордендер мүшелері: Доминикандықтар, Францискандықтар, Кармелиттер, Августиндер Оксфордта ХІІІ ғасырдың ортасында тұра бастаған. Олар студенттік үйлерге қолдау көрсетіп, бақылау жүргізген. Осы уақытта да көптеген жеке тұлғалардың көмегімен колледждер ашылып, оларды бөлек оқытушылық қоғамдастық ретінде атаған. Олардың ішінде біріншілер қатарында, Уильям Дарем, ол 1249 ж. Университеттік колледждің (англ. University College) негізін қалайды, және Иоанн I де Баллиол, Шотландияның болашақ патшасының әкесі , оның атымен Баллиол Колледжді атайды (англ. Balliol College). Ағылшындық лорд-канцлер и негізін қалаушы (англ. Merton College), Вальтер де Мертон колледждерге ережелерді ойлап табады. Мертон колледж Оксфорд пен Кембридждің басқа колледждеріне жақсы үлгі болды. Осыдан кейін көптеген студенттер жатақханалар мен дін үйлерінде тұрмай, колледждерге көшіп барады. Уақыт өте келе ел басшыларының осы университетте оқуы міндетті болатын болса, орта ғасырларда бұған дейін әлі ерте еді. Онда негізінен діни қызметкерлер оқытылып, көбінесе қарапайым қала адамдарынан үйлерін жалға алған әрі өте кедей болған.
Университет құрылымы
Колледждер көрінісі
Университет факультеттер мен 38 колледждерден тұрады, сонымен қатар, 6 жатақханасы бар - олар оқу орны деген атауы жоқ, дін орденіне тиесілі болып келетін жабық орындар. Емтихандар мен лекциялар, семинар сабақтары университте орталықтандырылған болса, ал колледжде барлығы тек оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Оксфордте 20 000 студент оқуда, оның төрттен бір бөлігін шетелдік студенттер құрайды. Олардың саны жаз айында, жазғы тілдік мектептер ашылғанда күрт көбейеді. Оксфордтың ректоры Крис Паттен атты сэр. Оксфордқа әйелдерді тек 1920 жж. қабылдаған, дегенмен 1970 жж. бөлек оқытылу жүйесі жойылған. Оксфорд оқытушыларының штаты өте үлкен - 4 мың. адамдай, оның 70 - Корольдік Қоғамның ( Королевское общество) мүшелері, 100-дей Британ Академиясының мүшелері болып табылады. Оксфорд студенттерді оқытуда тьюторство атты жүйені пайдаланады, ол бойынша, студентпен тағдалған мамандық бойынша белгілі бір оқытушы қойылып, оған бақылау жүргізеді. Студенттерді дайындаудың негізгі бағыттары - гуманитарлық, математикалық, физикалық, әлеуметтік ғылым, медицина, өмір туралы ғылым және қоршаған орта. Оксфорд құрылымы өте көптеген жағдайларды қамтиды. Оксфорд өз кезегінде бөлек бір қала болып табылады. Онда өзінің дүкендері, мұражайлары, шіркеулері, көшелері және т.б. бар. Студенттердің білімінде өте үлкен рөлді көптеген үйірмелерге қатысуды атауға болады. Бұл дәстүр ежелгі ағылшындық тілді университеттердің арасында кең таралған. Оның маңызы ретінде, студенттер мен оқытушылар берлігі бір үйірмеге жазылғанна кейін, біршама қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзіне деген атаққа ие болады. Ал оған жайдан-жай ие бола алмайсың[5].
Бөлімдері
• Бодлейн кітапханасы
• Кларендон лабораториясы
• Психология факультеті
• Оксфордтың ботаникалық саябағы
• Емтихандық мектептері
• классикалық тілдер мен әдебиет;
• көне тарих;
• филология, лингвистика мен фонетика;
• көркем сурет пен бейнелеу өнері;
• ағылшын тілі мен әдебиет;
• ортағасырлық және қазіргі заман тілдері;
• қазіргі заман тарихы;
• музыка;
• шығыстану;
• философия;
• теология;
• Кытай туралы;
• өнер тарихы;
• медицина тарихы;
• антропология;
• археология;
• биохимия;
• география;
• өсімдіктер туралы ғылым;
• зоология;
• математика;
• санақ ғылымы;
• химия;
• Жер туралы ғылымдар;
• инженерлік ғылым;
• материал жүргізушілік;
• физика;
• анестезия;
• кардиоваскулярлық медицина;
• клинических лабораторных наук;
• клиникалық медицина;
• клиникалық неврология;
• клиникалық фармакология;
• генетика;
• молекулярлық медицина;
• акушерлік қызмет пен гинекология;
• офтальмология;
• педиатрия;
• психиатрия;
• бірінші көмек пен денсаулығы мықты қоғам;
• хирургия;
• тәжірибелік психология;
• анатомия мен адам генетикасы;
• патология;
• фармакология;
• физиология;
• Африка туралы;
• Бразилия туралы;
• қазіргі заманғы Қытай туралы;
• Жапония;
• Латын Америкасы;
• Ресей мен Шығыс Европа;
• Оңтүстік Азия;
• экономика;
• білім беру;
• интернет инчтитуты;
• құқық;
• менеджмент;
• саясат пен халықаралық байланыстар;
• қоғамдық саясат пен әлеуметтік жұмыс;
• әлеуметтану;
• қосымша білім беру.
Оксфорд - бұл тек университет ғана емес, ірі ғылыми зерттеу орталығы болып табылады. Оксфордта жүздеген кітапханалар бар ( Англияның ең көлемді кітапханаларының бірі), мұражайлар мен өзінің баспасы бар. Студенттер көптеген уақытын демалуға жұмсай алады - мұнда 300-дей сан қилы үйірмелер бар.
Атақты түлектері
• Томас Гоббс — философ
• Джонатан Свифт — жазушы
• Джон Локк — философ
• Оскар Уайльд — ақын,жазушы, драматург, эссеист, эстет
• Джон Рональд Руэл Толкин — лингвист, жазушы
• Олдос Хаксли — жазушы
• Стивен Хокинг — физик
• Тим Бернерс-Ли — Дүниежүзілік тордың негізін қалады
• Эдуард VII — Ұлыбритания патшасы 1902 - 1910 жж.
• Эдуард VIII — 1936 ж. Ұлыбритания патшасы
• Тони Блэр — Ұлыбританияның премьер-министрі 1997-2007жж.
• Гарольд Вильсон — Ұлыбританияның премьер-министрі 1964-1976 жж.(үзілістермен)
• Уильям Юарт Гладстон — Ұлыбританияның премьер-министрі 1868-1894 жж.(үзілістермен)
• Дэвид Кэмерон — Ұлыбританияның премьер-министрі 2010 ж. 11 мамыр айынан бастап, 2005 ж. бастап Консервативті партияның көшбасшысы
• Генри Пелэм — Ұлыбританияның 3 -ші премьер-министрі 1743-1754жж.
• Уильям Питт, 1- ші граф Четэм — Ұлыбританияның 10 -шы премьер-министрі 1766-1768жж.
• Маргарет Тэтчер — Ұлыбританияның премьер-министрі 1979-1990жж.
• Гарегин I — 131-ші Жоғарғы Патриарх және Барлық Армяндардың Католикосы 1995-1999жж.
• Эдвард Хит — Ұлыбританияның премьер-министрі 1970-1974жж.
• Абингдон Уиллоуби Берти — сазгер және меценат.
• Маргарет Тэтчер
• Дэвид Кэмерон
• Оскар Уайльд
• Джон Рональд Руэл Толкин
• Эдуард VIII
• Джон Локк
• Джонатан Свифт
• Гоббс Томас
Оксфорд колледждері
Оксфорд университетінің ең бірінші колледжі - Университетский (ағыл. University College) - 1929 ж. негізі қаланған болатын. Оксфордтың тарихи біріншілікке ие болам деген қалған екі колледжі «Баллиоль» (ағыл. Balliol, 1260 ж.) және «Мертон» (ағыл. Merton, 1264 ж.) - өздерінің негізін қалаған тұлғалардың атымен аталған .Джон Баллиоль Иоанн I — Шотландияның болашың патшасының әкесі болса , ал екіншісінің негізін лорд-канцлер Уолтер де Мертон қалаған болатын.
• Баллиол Колледжі
• Мертон колледжі
• Brasenose College
• Ханшайым колледжі
• Blackfriars (1221)
• Университеттік колледж (University College, 1249)
• Баллиол Колледжі (Balliol College, 1263)
• Merton College (1264)
• Exeter College (1314)
• Oriel College (1326)
• The Queen’s College (1341)
• New College (1379)
• Lincoln College (1427)
• Барлық Әулиелер Колледжі (All Souls College, 1438)
• Magdalen College (1458)
• Brasenose College (1509)
• Corpus Christi College (1517)
• Крайст-Чёрч (1546)
• Trinity College (1554)
• Әулие Иоанн Колледжі (St John’s College, 1555)
• Jesus College (1571)
• Wadham College (1610)
• Pembroke College (1624)
• Worcester College (1714)
• Hertford College (1740)
• Regent’s Park College (1810)
• Keble College (1870)
• St Stephen’s House (1876)
• Lady Margaret Hall (1878)
• Әулие Анна Колледжі (St Anne’s College, 1878)
• Somerville College (1879)
• Mansfield College (1886)
• Әулие Хью Колледжі (St Hugh’s College, 1886)
• Harris Manchester College (1889)
• Әулие Хильда Колледжі (St Hilda’s College, 1893)
• Campion Hall (1896)
• St Benet’s Hall (1897)
• Әулие Петр Колледжі (St Peter’s College, 1929)
• Әулие Антонио Колледжі (St Antony’s College, 1953)
• St Edmund Hall (1957)
• Nuffield College (1958)
• Linacre College (1962)
• Әулие Екатерина Колледжі (St Catherine’s College, 1963)
• St Cross College (1965)
• Wolfson College (1966)
• Green College (1979) ( Templeton College бірігіп және 2008 ж. Green Templeton College негізін қалады)
• Kellogg College (1990)
• Templeton College (1995) ( Green College бірігіп және 2008 ж. Green Templeton College негізін қалады )
Университетке қабылдау шарттары
А-level, IB; UCAS-формасы 1 қырқүйек пен 15 қараша аралығында қабылданады ; ағылшын тілін білу деңгейі төмен емес : GCSE - B; IELTS - 7 әрбір төрт компонент бойынша емтихан бағасы 7-ден төмен емес ), TOEFL (компьютерлік/ қағаз күйінде) - 250/ 600 (жазбаша тест бағасы 5.5-тен төмен емес); әңгімелесу. Минимум дегенде жазбаша жұмыстың 2 үлгісін көрсету қажет болады (ағылшын тілінде).
Оқу бағасы:
2009/2010 жылдарға төлемі:
Теоретикалық курстар үшін - 11750 GBP; лабораториялық практикасы бар курстар үшін - 13450 GBP, клиникалық практикасы бар курстар үшін - 24500 GBP. Оқуға төлейтін ақашадан басқа университетердің колледждері (Green Templeton, Kellogg, Nuffield, St Cross, Wolfson басқасы ) әкімшілік жарна төлейді - 5473 GBPшамасында.
Тұруға кететін шығындар:
Тұруға кететін шығындар - жылына 6800-8000 GBP шамасында (26 апта).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бақан
Келесі жаңалық
Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі басталды