Жаңалықтар

Жазушы баспасы

  Жазушы баспасы “Жазушы” баспасы — Қазақстандағы, негізінен, көркем әдеби шығармаларды басып шығаруға маманданған баспа. Қазақ мемлекеттік баспасының жастар мен балалар әдебиеті, көркем әдебиет бөлімдері негізінде 1933 жылы Қазақ көркем әдебиет баспасы құрылып, ол Қазақстан Жазушылар одағына бағынды. Баспаның тұңғыш директоры Ғ.Мүсірепов болды. 1941 жылы 26 қаңтарда республикадағы барлық кітап баспалары қайта біріктіріліп, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы атанғанда, аталған баспа да соның құрамына кірді. 1950 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы қайта бөлініп, ол Қазақстан Мәдениет министрінің қарамағына беріледі. 1964 жылы “Жазушы” баспасы аталып, Қазақстан Министр Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне бағындырылды. Баспада проза, поэзия, көркем аударма, әдеби сын, қайта басылым, орыс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті, музыка мен өнер редакциялары және балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясы жұмыс істеді. “Жазушы” баспасы қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс тілдерінде көркем әдеби шығармаларды, әдеби зерттеулер мен көркем әдеби сын жанрындағы еңбектерді, музыка, көркемөнер туындыларын, альбом, буклет, әдеби күнтізбелер, т.б. шығарып тұрды. “Жалын” альманағы алғашқы жылдары осы баспаның жанынан жарық көрді. “Жазушы” баспасы қазақ әдебиетін дамытуға, республикадағы баспа ісін өркендетуге елеулі үлес қосты. Әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған М.Әуезовтің “Абай жолынан” бастап, С.Мұқанов, Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, Ә.Әбішев, Д.Әбілев, Ә.Тәжібаев, Б.Момышұлы, Х.Есенжанов, Т.Жароков, С.Ерубаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Қ.Есенберлин, Қ.Мұхамеджанов, О.Сүлейменов, Ә.Әлімжанов, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Т.Әлімқұлов, Б.Соқпақбаев, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, т.б. аса көрнекті қаламгерлердің алғашқы туындыларынан бастап, таңдамалы жинақтары, көп томдық кітаптары осы баспадан жарық көрді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, көп уақыт оқырманнан қол үзіп қалған қазақ әдебиетінің арыстары А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Қ.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиевтердің шығармалары авторлары ақталғаннан кейін алғаш рет осы баспадан оқырман қолына тиді. Халықтың ауыз әдебиетінің асыл мұралары, жыраулық әдебиеттің үздік үлгілері, Абайдың, Жамбылдың шығармалары “Жазушы” баспасынан сан рет басылып шықты. Әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары осы баспадан қазақ тіліне аударылып, республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды. Баспаның директоры болып әр жылдары Есенберлин, Ә.Жұмабаев, Мұратбеков, М.Сқақбаев секілді көрнекті жазушылар қызмет істеді. 1976 жылы қаңтарда “Жазушы” баспасының балалар мен жастар әдебиеті Бас редакциясының негізінде жаңа әдеби баспа “Жалын” құрылды. “Жазушы” баспасы 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.  
05.12.2012 09:02 12114

 

Жазушы баспасы

“Жазушы” баспасы — Қазақстандағы, негізінен, көркем әдеби шығармаларды басып шығаруға маманданған баспа. Қазақ мемлекеттік баспасының жастар мен балалар әдебиеті, көркем әдебиет бөлімдері негізінде 1933 жылы Қазақ көркем әдебиет баспасы құрылып, ол Қазақстан Жазушылар одағына бағынды. Баспаның тұңғыш директоры Ғ.Мүсірепов болды. 1941 жылы 26 қаңтарда республикадағы барлық кітап баспалары қайта біріктіріліп, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы атанғанда, аталған баспа да соның құрамына кірді. 1950 жылы қаңтарда Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы қайта бөлініп, ол Қазақстан Мәдениет министрінің қарамағына беріледі. 1964 жылы “Жазушы” баспасы аталып, Қазақстан Министр Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне бағындырылды. Баспада проза, поэзия, көркем аударма, әдеби сын, қайта басылым, орыс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті, музыка мен өнер редакциялары және балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясы жұмыс істеді. “Жазушы” баспасы қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс тілдерінде көркем әдеби шығармаларды, әдеби зерттеулер мен көркем әдеби сын жанрындағы еңбектерді, музыка, көркемөнер туындыларын, альбом, буклет, әдеби күнтізбелер, т.б. шығарып тұрды. “Жалын” альманағы алғашқы жылдары осы баспаның жанынан жарық көрді. “Жазушы” баспасы қазақ әдебиетін дамытуға, республикадағы баспа ісін өркендетуге елеулі үлес қосты. Әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған М.Әуезовтің “Абай жолынан” бастап, С.Мұқанов, Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, Ә.Әбішев, Д.Әбілев, Ә.Тәжібаев, Б.Момышұлы, Х.Есенжанов, Т.Жароков, С.Ерубаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Қ.Есенберлин, Қ.Мұхамеджанов, О.Сүлейменов, Ә.Әлімжанов, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Т.Әлімқұлов, Б.Соқпақбаев, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, т.б. аса көрнекті қаламгерлердің алғашқы туындыларынан бастап, таңдамалы жинақтары, көп томдық кітаптары осы баспадан жарық көрді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, көп уақыт оқырманнан қол үзіп қалған қазақ әдебиетінің арыстары А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Қ.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиевтердің шығармалары авторлары ақталғаннан кейін алғаш рет осы баспадан оқырман қолына тиді. Халықтың ауыз әдебиетінің асыл мұралары, жыраулық әдебиеттің үздік үлгілері, Абайдың, Жамбылдың шығармалары “Жазушы” баспасынан сан рет басылып шықты. Әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары осы баспадан қазақ тіліне аударылып, республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды. Баспаның директоры болып әр жылдары Есенберлин, Ә.Жұмабаев, Мұратбеков, М.Сқақбаев секілді көрнекті жазушылар қызмет істеді. 1976 жылы қаңтарда “Жазушы” баспасының балалар мен жастар әдебиеті Бас редакциясының негізінде жаңа әдеби баспа “Жалын” құрылды. “Жазушы” баспасы 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға