Жаңалықтар

Ямайка

Ямайка – Орталық Америкадағы мемлекет. Кариб т-ндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аум. 11 мың км2. Халқы – 2,7 млн. (2004). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Я. – конституц. монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Ген.-губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін ген.-губернатор (премьер-министрдің кеңесімен) тағайындайды. Жоғ. заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Атқару билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Астанасы – Кингстон қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962). Я. БҰҰ-ның (1962), Америка мемлекеттері ұйымының (1969), Кариб қауымдастығының (1973) мүшесі. Ақша бірлігі – Я. долл. Я-ның солт. жағасы жартасты, түзу, оңт. бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі. Аралдың көпшілік бөлігін әктасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалды жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді. (ең биік жері Блу-Маунти, 2256 м.) Оңт. және батыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазбалары – боксит, темір кентасы, қорғасын, марганец, гипс, әктас, мрамор. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардағы орташа темп-ра 24 – 25қС, шілдеде 28қС-ға жуық. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1800 – 2000 м, оңт-нде 800 мм, солт-ндегі таулы өңірлерде 5000 мм. Ара-тұра дауылдар, жер сілкінісі болып тұрады. Жауынды маусымы мамыр – маусым – қыркүйек – қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені – Блэк-Ривер, төм. ағысында кеме жүзеді. Аралдың орт-нда және таудың солт.-шығыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қо-ңыр топырақты (жазықта). Жарқанаттар, жыландар, үй қояны, қолтырауындар мен ламантиндер, тасбақа, игуана кесірткесі, мангустар, майндар, құстардың 256 түрі (оның 46 түрі тек осы жерде ғана) мекендейді. Хелтшир-Хилс фауналық резерваты, ландшафты және орманды қорықшалар, 2 теңіз саябағы ұйымдастырылған. Я-ның ең көне тұрғындары алғашқы қауымдық құрылыстағы өмір сүрген үндістер болған. Олардың негізгі кәсібі – егіншілік, оған қосымша аңшылық пен балықшылық болды. 1494 ж. аралды Х.Колумб ашып, оны Сантьяго деп атаған. Кейін Ямайка (үндістің “Хаймека” – бұлақтар аралы деген сөзінен) атанып кеткен. 1509 жылдан Испанияның отарлауы нәтижесінде үндістер жаппай қырғынға ұшыратылды (1611 ж. 74 үндіс қалды). 1513 жылдан бастап қант құрағы, кофе плантацияларына Африкадан құлдар әкеліне бастады. 1670 ж. Мадрид шарты бойынша Испания Я-ны Англияның билігіне берді. Осы кезден бастап қант құрағы, кофе, индиго бұрынғыданда артық өндіріліп, Африкадан құлдар көп әкелінді. 18 ғ-да Я. шикі қант өндіруден дүние жүзінде 1-орынға шықты. Аяусыз қанау құлдардың наразылығын туғызып, 17 ғ-дың 2-жартысында олар 5 рет, келесі 130 жылда 27 рет көтеріліс жасады. Аралдың қойнауында қашқын құлдар мен олардың ұрпақтарының – марундардың тәуелсіз қауымдары жүздеген жыл бойы отаршыларға қарсы қарулы күрес жүргізді. Гаитиде революцияның жеңуі (1804), Оңт. Американың кейбір республикаларында құлдықтың жойылуы Я-да құлдардың жаңа қозғалысын туғызды (1806, 1808, 1809, 1815, 1823 – 24, 1831 – 32). Соның нәтижесінде 1833 жылғы заң бойынша құлдық біржолата жойылды. 1884 ж. Я-лықтар Заң шығару кеңесі мүшелерінің біразын сайлауға құқық алды. 1867 ж. Солт. Америка компаниялары Я-да банан плантациясын ұйымдастырып, көп ұзамай Я. сыртқа банан шығарудан 1-орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында елде саяси қозғалыстар күшейді. Соның нәтижесінде 1938 ж. қыркүйекте саяси партиялар құруға рұқсат етілді. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Ұлыбританиямен арадағы шарт бойынша АҚШ Я-да соғыс базасын салды. 1943 ж. Я. халқы жалпыға бірдей сайлау құқығын алды, ал 1944 ж. жергілікті парламент шақырылды. 1954 ж. “Бостандық жолындағы халық қозғалысы” партиясы қалыптасып, елдің тәуелсіздігі жолындағы күрес күшейді. Соның нәтижесінде елде референдум өткізіліп, 1962 ж. 6 тамызда Я. тәуелсіздігін жариялады. 1963 ж. Я. АҚШ-пен келісім жасап, одан әскери, экон. жәрдем ала бастады. 1970 – 90 ж. ел экономикасына америка капиталы енді. Осыдан кейін Я. халықар. шиеленістерді бәсеңдетуді, Кубамен арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатын қолдады. 1976 ж. елде боксит өндіру қолға алынды. Ел экономикасына нарықтық қатынастар еніп, реформалық бағдарлама жүзеге асырылды. Бірақ табиғи апаттар мен қылмыс пен зорлық-зомбылықтың өсуі елдегі экон. жағдайдың төмендеуіне алып келді. Я. – агр.-индустриялы ел. А. ш-ның негізгі саласы – өсімдік ш. Қант құрағы, банан, кофе, имбирь, какао, темекі, ямайка бұрышы, үнді кендірі, цитрустық жемістер, ямс, көкөніс, сонымен қатар ішкі қажетті өтеу мақсатында жүгері, күріш, маниок, батат, жемістер, картоп, нан ағашының жемісі өсіріледі. Мал ш. нашар дамыған. Мүйізді ірі қара, ешкі, шошқа өсірледі. Су айдындарынан балық, малюскілер ауланады, теңіз өнімдері өндіріледі. Экономикасының негізгі саласы тау-кен өндірісі. Боксит өндіріледі және экспортқа алюминий тотығы шығарылады (әлемде алдыңғы орында, жылына 3 млн. т). Сонымен қатар гипс, мрамор, әктас, цемент, ақ кірпіш өндіріледі. Жеңіл индустрия, оның ішінде тамақ өнімдері, қант, ром, мата тоқу, қағаз, темекі өнімдері, хим. және фармацевтік тауарлар, киім тігу, сыра қайнату, копра дайындау өндірісі дамыған. Елде шет елдік компаниялардың ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар импорттық шикізат негізінде хим. өнімдер, машиналар, станоктар, әйнек, цемент, металл бұйымдар, электроника шығарады, боксит пен мұнайды қайта өңдейді. Туризм ұлттық табысқа үлкен кіріс кіргізеді. Басты теңіз порттары – Кингстон және Монтего-Бей. Осы қалаларда халықар. әуежай орналасқан. Экспортқа боксит, алюминий тотығы, гипс, тоқыма, қант, темекі, ром, банан, сусындар, цитрустық жемістер, кофе, какао шығарылады. Импортының негізін шикізат, минералды отын, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі өнімдері, көлік құрал-жабдықтары, тұтыну тауарлары, негізгі өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, мал құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 3470 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Венесуэла, Мексика, Германия, Норвегия. Әдеб.: История Латинской Америки, М., 1993; Страны и регионы мира. Экономико-политический справочник, М., 2005. С. Өтениязов, С. Арғынғазин  
05.12.2012 09:00 5379

Ямайка – Орталық Америкадағы мемлекет. Кариб т-ндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аум. 11 мың км2. Халқы – 2,7 млн. (2004). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Я. – конституц. монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Ген.-губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін ген.-губернатор (премьер-министрдің кеңесімен) тағайындайды. Жоғ. заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Атқару билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Астанасы – Кингстон қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962). Я. БҰҰ-ның (1962), Америка мемлекеттері ұйымының (1969), Кариб қауымдастығының (1973) мүшесі. Ақша бірлігі – Я. долл.

Я-ның солт. жағасы жартасты, түзу, оңт. бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі. Аралдың көпшілік бөлігін әктасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалды жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді. (ең биік жері Блу-Маунти, 2256 м.) Оңт. және батыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазбалары – боксит, темір кентасы, қорғасын, марганец, гипс, әктас, мрамор. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардағы орташа темп-ра 24 – 25қС, шілдеде 28қС-ға жуық. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1800 – 2000 м, оңт-нде 800 мм, солт-ндегі таулы өңірлерде 5000 мм. Ара-тұра дауылдар, жер сілкінісі болып тұрады. Жауынды маусымы мамыр – маусым – қыркүйек – қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені – Блэк-Ривер, төм. ағысында кеме жүзеді. Аралдың орт-нда және таудың солт.-шығыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қо-ңыр топырақты (жазықта). Жарқанаттар, жыландар, үй қояны, қолтырауындар мен ламантиндер, тасбақа, игуана кесірткесі, мангустар, майндар, құстардың 256 түрі (оның 46 түрі тек осы жерде ғана) мекендейді. Хелтшир-Хилс фауналық резерваты, ландшафты және орманды қорықшалар, 2 теңіз саябағы ұйымдастырылған.

Я-ның ең көне тұрғындары алғашқы қауымдық құрылыстағы өмір сүрген үндістер болған. Олардың негізгі кәсібі – егіншілік, оған қосымша аңшылық пен балықшылық болды. 1494 ж. аралды Х.Колумб ашып, оны Сантьяго деп атаған. Кейін Ямайка (үндістің “Хаймека” – бұлақтар аралы деген сөзінен) атанып кеткен. 1509 жылдан Испанияның отарлауы нәтижесінде үндістер жаппай қырғынға ұшыратылды (1611 ж. 74 үндіс қалды). 1513 жылдан бастап қант құрағы, кофе плантацияларына Африкадан құлдар әкеліне бастады. 1670 ж. Мадрид шарты бойынша Испания Я-ны Англияның билігіне берді. Осы кезден бастап қант құрағы, кофе, индиго бұрынғыданда артық өндіріліп, Африкадан құлдар көп әкелінді. 18 ғ-да Я. шикі қант өндіруден дүние жүзінде 1-орынға шықты. Аяусыз қанау құлдардың наразылығын туғызып, 17 ғ-дың 2-жартысында олар 5 рет, келесі 130 жылда 27 рет көтеріліс жасады. Аралдың қойнауында қашқын құлдар мен олардың ұрпақтарының – марундардың тәуелсіз қауымдары жүздеген жыл бойы отаршыларға қарсы қарулы күрес жүргізді. Гаитиде революцияның жеңуі (1804), Оңт. Американың кейбір республикаларында құлдықтың жойылуы Я-да құлдардың жаңа қозғалысын туғызды (1806, 1808, 1809, 1815, 1823 – 24, 1831 – 32). Соның нәтижесінде 1833 жылғы заң бойынша құлдық біржолата жойылды. 1884 ж. Я-лықтар Заң шығару кеңесі мүшелерінің біразын сайлауға құқық алды. 1867 ж. Солт. Америка компаниялары Я-да банан плантациясын ұйымдастырып, көп ұзамай Я. сыртқа банан шығарудан 1-орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында елде саяси қозғалыстар күшейді. Соның нәтижесінде 1938 ж. қыркүйекте саяси партиялар құруға рұқсат етілді. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Ұлыбританиямен арадағы шарт бойынша АҚШ Я-да соғыс базасын салды. 1943 ж. Я. халқы жалпыға бірдей сайлау құқығын алды, ал 1944 ж. жергілікті парламент шақырылды. 1954 ж. “Бостандық жолындағы халық қозғалысы” партиясы қалыптасып, елдің тәуелсіздігі жолындағы күрес күшейді. Соның нәтижесінде елде референдум өткізіліп, 1962 ж. 6 тамызда Я. тәуелсіздігін жариялады. 1963 ж. Я. АҚШ-пен келісім жасап, одан әскери, экон. жәрдем ала бастады. 1970 – 90 ж. ел экономикасына америка капиталы енді. Осыдан кейін Я. халықар. шиеленістерді бәсеңдетуді, Кубамен арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатын қолдады. 1976 ж. елде боксит өндіру қолға алынды. Ел экономикасына нарықтық қатынастар еніп, реформалық бағдарлама жүзеге асырылды. Бірақ табиғи апаттар мен қылмыс пен зорлық-зомбылықтың өсуі елдегі экон. жағдайдың төмендеуіне алып келді.

Я. – агр.-индустриялы ел. А. ш-ның негізгі саласы – өсімдік ш. Қант құрағы, банан, кофе, имбирь, какао, темекі, ямайка бұрышы, үнді кендірі, цитрустық жемістер, ямс, көкөніс, сонымен қатар ішкі қажетті өтеу мақсатында жүгері, күріш, маниок, батат, жемістер, картоп, нан ағашының жемісі өсіріледі. Мал ш. нашар дамыған. Мүйізді ірі қара, ешкі, шошқа өсірледі. Су айдындарынан балық, малюскілер ауланады, теңіз өнімдері өндіріледі. Экономикасының негізгі саласы тау-кен өндірісі. Боксит өндіріледі және экспортқа алюминий тотығы шығарылады (әлемде алдыңғы орында, жылына 3 млн. т). Сонымен қатар гипс, мрамор, әктас, цемент, ақ кірпіш өндіріледі. Жеңіл индустрия, оның ішінде тамақ өнімдері, қант, ром, мата тоқу, қағаз, темекі өнімдері, хим. және фармацевтік тауарлар, киім тігу, сыра қайнату, копра дайындау өндірісі дамыған. Елде шет елдік компаниялардың ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар импорттық шикізат негізінде хим. өнімдер, машиналар, станоктар, әйнек, цемент, металл бұйымдар, электроника шығарады, боксит пен мұнайды қайта өңдейді. Туризм ұлттық табысқа үлкен кіріс кіргізеді. Басты теңіз порттары – Кингстон және Монтего-Бей. Осы қалаларда халықар. әуежай орналасқан. Экспортқа боксит, алюминий тотығы, гипс, тоқыма, қант, темекі, ром, банан, сусындар, цитрустық жемістер, кофе, какао шығарылады. Импортының негізін шикізат, минералды отын, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі өнімдері, көлік құрал-жабдықтары, тұтыну тауарлары, негізгі өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, мал құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 3470 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Венесуэла, Мексика, Германия, Норвегия.

Әдеб.: История Латинской Америки, М., 1993; Страны и регионы мира. Экономико-политический справочник, М., 2005.

С. Өтениязов, С. Арғынғазин

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға