Жаңалықтар

Халықаралық қазақ-түрік университеті

Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы, 1991 жылы 6 маусымда Президент Жарлығымен құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Алғашында Йасауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті болып аталған бұл оқу орны 1992 жылы 31 қазанда Қазақстан мен Түркия Республикаларының арасындағы келісім негізінде Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды. Жалпы мәліметтер Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда. 300 га жерді алып жатқан унивеситет қалашығында ботаника бағы, профессорлық оқытушылар құрамына арналған тұрғын үйлер, оқу корпусы, т.б. ғимараттар орналасқан, шаруашылық, кілем тоқу, үлгілеу, тігу, шаштараз цехтары жұмыс істейді. Еуропалық үлгідегі мәдениет сарайы мен қонақ үй, 80 пәтерлік 10 коттеджі бар. Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады. Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады. Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің бірінші төрағасы Намық Кемал Зейбек 1993-2006 жылдар аралығында университеттің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. 2006-2008 жылдарда Четин Доған, 2008 жылдан бастап Өкілетті Кеңес төрағасы болып профессор Осман Хората тағайындалды. Университеттің алғашқы президенті, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 1991-2001 жылдар аралығында университет президенті қызметін атқарды. 2001-2003 жылдар аралығында э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбден, 2003-2007 жылдары п.ғ.д., профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев басқарды. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов басқарып келеді. Қысқаша тарихы •    1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді. •    1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды. •    Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды. •    1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Факультеттер 1.    Медицина факультеті 2.    Экономика факультеті 3.    Заң факультеті 4.    АТИФ факультеті 5.    Дайындық факультеті 6.    Филология факультеті 7.    Тарих педагогика факультеті 8.    Жаратылыстану факультеті 9.    Спорт және өнер факультеті 10.    Инженерлік-педагогикалық факультет  
05.12.2012 08:44 14570

Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы, 1991 жылы 6 маусымда Президент Жарлығымен құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Алғашында Йасауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті болып аталған бұл оқу орны 1992 жылы 31 қазанда Қазақстан мен Түркия Республикаларының арасындағы келісім негізінде Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды.

Жалпы мәліметтер

Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда.

300 га жерді алып жатқан унивеситет қалашығында ботаника бағы, профессорлық оқытушылар құрамына арналған тұрғын үйлер, оқу корпусы, т.б. ғимараттар орналасқан, шаруашылық, кілем тоқу, үлгілеу, тігу, шаштараз цехтары жұмыс істейді. Еуропалық үлгідегі мәдениет сарайы мен қонақ үй, 80 пәтерлік 10 коттеджі бар. Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады.

Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады.

Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің бірінші төрағасы Намық Кемал Зейбек 1993-2006 жылдар аралығында университеттің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. 2006-2008 жылдарда Четин Доған, 2008 жылдан бастап Өкілетті Кеңес төрағасы болып профессор Осман Хората тағайындалды.

Университеттің алғашқы президенті, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 1991-2001 жылдар аралығында университет президенті қызметін атқарды. 2001-2003 жылдар аралығында э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбден, 2003-2007 жылдары п.ғ.д., профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев басқарды. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов басқарып келеді.

Қысқаша тарихы

•    1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді.
•    1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды.
•    Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды.
•    1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.

Факультеттер

1.    Медицина факультеті
2.    Экономика факультеті
3.    Заң факультеті
4.    АТИФ факультеті
5.    Дайындық факультеті
6.    Филология факультеті
7.    Тарих педагогика факультеті
8.    Жаратылыстану факультеті
9.    Спорт және өнер факультеті
10.    Инженерлік-педагогикалық факультет
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға