Жаңалықтар

Халықаралық бизнес академиясы

Халықаралық бизнес академиясы (ХБА) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды. ХБА Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды. 1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналды. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды. 1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға ХБА-ны серіктес ретінде шақырды. 1999 жылы ХБА канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келісті. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізеді. 2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өтті, оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, ХБА қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатысты. Бұл кезеңде ХБА құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасы. 2000 жылдың шілде айында ХБА «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иеленді. 2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілді. 2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде ХБА да болды. 2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атанды. 2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналады. 2003 жылы ХБА-ның Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі. 2003 жылдың шілдесінде ХБА базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN). «National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болды. 2009 жылы ХБА президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. ХБА Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды. 2009 жылдан бастап ХБА жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады. 2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша ХБА оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды. 2010 жылдың маусымынан бастап ХБА Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара. 2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты. 2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты. 2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған.  
05.12.2012 08:39 9792

Халықаралық бизнес академиясы (ХБА) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды.

ХБА Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды.

1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналды. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды.

1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға ХБА-ны серіктес ретінде шақырды.

1999 жылы ХБА канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келісті. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізеді.

2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өтті, оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, ХБА қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатысты. Бұл кезеңде ХБА құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасы.

2000 жылдың шілде айында ХБА «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иеленді.

2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілді.

2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде ХБА да болды.

2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атанды.

2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналады.

2003 жылы ХБА-ның Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі.

2003 жылдың шілдесінде ХБА базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN).

«National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болды.

2009 жылы ХБА президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. ХБА Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды.

2009 жылдан бастап ХБА жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады.

2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша ХБА оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды.

2010 жылдың маусымынан бастап ХБА Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара.

2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты.

2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты.

2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға