Жаңалықтар

Халық бұқарасы революциялық-саяси белсенділігінің артуы

Халық бұқарасы революциялық-саяси белсенділігінің артуы «Алаш» партиясының құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылы Ресейде басталған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Ұлттық қазақ партиясың құру жолындағы алғашқы қадамдар бірінші орыс революциясы кезенднде жасалды. 1905 жылдың соңында-ақ Орал қаласында Қазақ ұлттық партиясың құру женіндегі шешімдер кабылдауға тиіс болған Қазақстанның бес облысының өкілдері қатысқан «делегаттық съезд» шақырылды. Онда партия құру ниеті туралы айтылды. Қазақ ұлттық партиясын құру жөнінде алдын ала шешім қабылданды. Соның негізінде кейін «Алаш» партиясы құрылды. Осындай жағдайларда хал-ахуалдың жылдам өзгеруі мен саяси күпггердш, екі жаққа бөліну үрдісінің тездеуін ескерген қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары жалпы қазақтық, съезді өткізуді жылдамдату жөнінде шешім қабылдады. 1917 жылы шілдеде Орынборда Бірінші жалпы қазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, сот,Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т. б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съездің негізгі шешімі: «демократиялық, парламенттік және Ресей Федеративтік республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданды. «Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов т.б. сияқты либерал-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» партиясы қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері: М. Тынышбаев, М. Жүмабаев, Ш. Қүдайбердиев т. б. кірді. «Алаш» басшылары мен бүкіл партия, негізінен, Қазанреволюциясын қолдаган жоқ. Олар: «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару!» ұранымен бірікті. Ә. Бекейханов өз отандастарына арнаған үндеуінде Ресейдегі 1917 жылдың оқиғасын төңкеріс деп атады. Қазан революциясынан кеп бұрын-ақ қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі өздерінің бағдарламаларын кеңінен насихаттады. Петроградтағы толкулар басталысымен «Қазақ» газетінде 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасы он мәселені қамтыды: мемлекеттік құрылыс, жергілікті бостандық, негізгі құқын, дін, билік пен сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар мәселесі, ғылым мен оқу-ағарту ісінің дамуы, жер мәселесі. «Алаш» партиясының мақсаты — XVIII ғасырда жойылған қазақтардың ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды. Партияның негізгі багдарламалық міндеттері ретінде: елді отарлық кұлдықтан құтқару; Қазақ қоғамын ортағасырлық жағдайдан алып шығып, мәдениетті елдер қатарына қосу; қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру жарияланды. Бұл ұйым жерді қазақтардың меншіғі ретінде тану, ана тілінде оқытатын мектептер мен университеттер ашу, қазақ өлкесіне Ресей шаруаларының қоныс аудару процесін шектеу, кедейлерге тендік пен бостандық құқықтарын беру жөніндегі заңдардын, жариялануы үшін күресті. Бағдарлама «Алаш» партиясының құрылтай жиналысына сайлау кезінде үлкен табысқа жетуіне жағдай жасады және II БүкілҚазақтық съезде өз теңірегіне қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Самодержавие құлаған соң «Алаш» қозғалысы 1917 жылдың соңында партиялық құрылыс проблемасынан ұлттық автономия құру әрекетіне кешті. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының Екінші жалпы қазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайында болды. Съезд «Алаш» атауымен қазақ автономиясының құрылғаны жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» (Алаш автономиясы укіметі) деген атпен Уақытша халықтық кеңес - укімет құрылғаның мәлімдеді. Съезд қазақ автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен Алтай губерниясының, қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс екені жөнінде қаулы қабылдады. Съезд «Алашордаға» «Қазақ халкына жүргізілетін бүкіл атқарушылық билікті дереу өз қолына алуға» тапсырма берді. Алашорда автономиясының орталығы Семей каласы больш жарияланды. Алашорда үкіметін Әлихан Бөкейханов басқарды. Съезд аймақтық, уездік Кеңестер мен комитеттер ұйымдастыруға қаулы қабылдап, қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Ең маңыздысы, Алашордаға «қазақ тұрғындарының атқарушы билігін қолға алу» міндеттелді. Ресей коғамының жалпы демократиялық талаптарының жетегінде бола отырып, 1917 жылғы Ақпан революциясының жеңістерін табанды қорғаған «Алаш» - өлкеде Кеңестер өкіметі орнаған соң және онымен келісімге келу әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін объективті түрде демократиялық федерация мен Құрылтай жиналысын қорғауды жақтаушылармен большевиктерге қарсы одаққа кірді. Қозғалыс басшылары осы коалицияда болу өз халқының түбірлі мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді деп есептеді. «Алаш» қозғалысы тарихының соты кезенднің (1918-1920) өн бойында оның басшылары әскери-саяси жағдай, қазақ коғамының экономикалық дамуының әлсіздігі мен орасан үлкен аумаққа орналасуына байланысты толық автономия алу идеяларының қиындық тудыратынын айқын сезінді. Кеңес өкіметінің орнау кезеңінде «Алаш» партиясының жаңа өкіметпен қарым-катынасы тұрақты түсінушілік пен келісімге келулерге ауысты. Жағдайды салауатты бағалай білген «Алаш» басшылары кеңестік әскери-саяси басшылық қойған шарттарды мойындады. А. Байтүрсынов 1919 жылы В. И. Ленинмен кездесуден соң төтенше өлкелік орган - Қырғыз Әскери-Революциялық Комитеттің құрамына енгізілді. Алайда іс жүзіндегі басшылықты Түркістан майданының органдары, кейіннен сондағы жетекшілік рөлді Орталықтан жіберілген большевиктер атқарған партия комитеттері жүргізді. Қоқан автономиясының 1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мусылман съезі орталыгы Қоқан болатын Туркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады. Съезд сайлаған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М. Тынышбаев, кейін Мүстафа Шокай басқарды. Мүстафа Шокай мұсылман халықтарының саяси және мәдени жағынан қайта ерлеуінде елеулі рөл атқарған осы құрылымның дем берушілері мен ұйымдастырушыларының бірі болды. М. Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады. Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орта Азия мен Қазақстан аумағында ұлттық мемлекеттілікті құрудың алғапщы өрекеті кайғылы аяқталды. 1918 жылы каңтарда Ташкент кеңесі Қоканға құрамына Ташкенттің қызыл гвардиясы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы экспедиция жіберді. Осы үшін большевиктер өздерінің идеологиялық карсыластары - армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылмантұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатыгездіктерімен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талкандау басталды. Қоқанды қорғаған «автономияшылардың» шағын отрядының қарсылығы оңай тойтарылын, қала басып алынды. Үш күнгі адамдарды қырғынға ұшырату мен талап-тонаудан соң кала өртелді. Банктің қаржысы төркіленді, қаладағы 150 мындай тұрғынның қырғын салудьщ нөтижесінде 60 мыңнан астамы ғана қалды, қалғандары елтірілді немесе қашып кетті. 1918 жылдың тек 4-7 ақпан аралығында 15 мыңға дейін адам өлтірілді. Кеңес өкіметін нығайту үітгін ескі буржуазиялық мемлекеттік агатаратты қиратып, баскарудың жаңа, кеңестік мемлекеттік органың құру қажет еді. Қокан автономиясы түріндегі демократияның алғашқы өскіндерін Қызыл гвардия қанға батырды. Аз уақыт өмір сүргеніне қарамастан Қоқан автономиясы казіргі Орталық Азия халықтарының тарихы мен өміріндегі маңызды құбылыс болды. 1918 жылы 30 сәуірде құрамына Қазақстанның оңтүстік аймактары енген Тцркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР-інің астанасы - Ташкент қаласы болды. 1918 жылы көктемде Түркістан АКСР-інде өнеркәсіптің жетекші салалары (мақтатазалау, май, тау-кен т.б.), банкілер, темір жолдар национализацияланды. Кеңестік биліктің «Алаш» партиясына қарсы қудалау шаралары. Азамат соғысының басталуымен Алашорда бастаған және большевиктер мен Кеңестердің соңынан ерген екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. РК(б)П-ның ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы жөніндегі ресми құжаттарынан үміттенген алашордашылар 20-жылдардың басында оның жүзеге асу мүмкіндігіне сенді. Алайда қазақ автономиясының басшылары Кеңес өкіметінін, сеніміне кіре алмады. Большевиктер партиясы өз позицияларының күшеюіне қарай басқа қозғалыс өкілдерін жоққа шығару, оларды қудалау тактикасына көшті. 1921 жылы күзде «бұрынғы алашордашылардың контрреволюциялық ұйымының анықталғаны» жайлы хабарлар жайылды. Партия мүшелері шаруашылык органдары мен Кеңес мекемелеріндегі жұмыстарынан шеттетілді. Партияньщ көпке Фанылған басшысы Ө. Бөкейханов та жұмыстан босатылды. М. Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Тоталитарлық тәртіптің нығаюымен біртіндеп «Алаш» партиясына қатыстыларды саяси қудалау кушейе бастады. Сонымен бірге өлкедегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың әдістері мен қарқынына разы болмай, жергілікті халықтың мүддесі мен үлттык ерекшеліктерімен санаспаған, саяси-шаруашылык жөне кадрлар саясатында республиканың егемендік құқықтарына өрескел нүксан келтіріп отырған орталыктың саясатына күдік келтірген басшылар да кудалауға үшырады. Өкімет алашордашылардың «революциялық бопсаға» келіскісі келмегенін және 1920 жылдардың бірінші жартысында жарияланған «КСРО-ға тікелей кіретін кырғыздардьщ (казактардың) дербес мемлекетін құру» талабын кепгіре алмады. Өресі биік зиялылардың қаймағы, ұлттық мәдениеттің бетке устарлары бутіндеп жойыла бастады. Осылайша республикада болуы мүмкін оппозицияны басып-жаныштауға идеологиялык дайындық жасау нәтижесінде қазақ халқы күштеп ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы жаппай куғын-сүргін кезеңінде сансыз қайғы-қасіретке душар болды. Алаш қозғалысының тарихи маңызы. Алаш (немесе алашорда) козғалысы Қазақстанда XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нөтижесінде өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттык «Алаш» партиясы еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Ә. Бекейханов, А. Байтүрсынов, М. Шоқай, М. Тынышбаев, М. Дулатов т. б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1.    қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 2.    қазақ қоғамының дұниежүзілік мәдени қауымдастық қаенуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінін,саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы өртекті қазақ ұлттық-демократия- лык зиялыларының саяси үйымы болды. Саяси сахнадан кеткен соң алаш козғалысының кайраткерлері 20-жылдары Қазақстанның мөдениеті, ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулі үлес косты. Кеңес өкіметі жариялаған бірнеше кешірімге (1919, 1920 жылдардағы амнистия) қарамастан қозғалыстьщ белсенді мүшелері большевиктердід 20-жылдардьщ соңы мен 30-жылдардағы «үлтшылдар, халык жауларымен күрес» аталған науканының барысында қуғын-сүргінге ұүшырады. Алашордашылар 1955 жылы ақталса да, одан кейінгі отыз жыл бойы.ресми тарихтан тыс қалып келді. 1988-1989 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің шешімі бойынша А. Байтцрсыновтың, М. Дулатовтың, Ш. Қудайбердиевтің, М. Жұмабаевтың шығармашылық мұралары жария етілді. «Алаш» партиясы басшыларының есімдері халыкка біртіндеп кайта оралып, олардың шығармалары жарық көре бастады. «Үш жүз» партиясы. Қыргыз (Қазақ) «Үш жуз» социалистік партиясы үсақ буржуазияльщ сарындағы үлттык саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың қурамына К. Тогысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабековтер енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси кезқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарынан үш өзекті мөселенің төңірегінде алшактанды: 1.    Қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2.    жер мәселесін қайта қарау; 3.    дін мен мемлекетік өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси кағидалары елеулі езгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезенінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдық қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жүмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үш-жүзшілер басқа қозғалыстарға карсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бөрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті. Революдиялық қозғалыстың өріс алуы. Ақпан революциясынан соң бүкіл Қазақстанда оқушы жастар мен ауыл мұғалімдерінің өкілдерінен ұйымдар мен үйірмелер қалыптаса бастады. Омбыда - «Демократияшыл окушы жастардың кеңесі», Акмолада - «Жас қазақ»,Спасск зауыттарында - «Жас жүрек», Петропавловскіде - «Талап» т. б. ұйымдар жұмыс істеді. Бірқатар жастар үйымдары, мәселен, С. Сейфуллин баскарған «Жас казак» пен Т.Рысқұлов басқарған «Қазақ жастарының» революциялык одағы Кеңестерді жақтады, ал қайсыбірілибералдық ұлт зиялылары жетекшілерін қолдап шықты. Жастар ұйымдары өз қызметінің бастапқы кезеңінде өз алдына мәдени-ағартушылық міндеттер қойып, кейіннен таптық, әлеуметтік және саяси сипаттағы міндеттерді шешуге араласа бастады. 1917 жылдың көктемі мен жазында Уақытша үкіметке қарсы толқулар кеңінен өріс ала бастады. Өлкеде қара жұмыс істейтін жұмысшылардың одақтары және жұмысшы, солдат, шаруалар депутаттары Кеңестеріне пікірлес, ниеттес революцияшыл-демократиялық жастар ұйымдары мен ұсақ буржуазиялық, мұсылмандық мәндегі комитеттер пайда болды. Ташкентте мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесі, Қостанайда - Қостанай шаруа және қазақ депутаттарының уездік Кеңесі, Өскеменде - Өскемен шаруа, қазақ және қазақ депутаттарының Кеңесі құрылды. Төмен жалақы мен ауыр еңбек жағдайына наразылық білдіріп, жұмысшылар ереуілге шықты. Семей облысы Даубай руднигінің және Риддердің жұмысшылары бас көтеріп, жалақыны көбейтуді, тұрмыстық жағдайды жақсартуды талап етті.
05.12.2012 08:35 14123

Халық бұқарасы революциялық-саяси белсенділігінің артуы

«Алаш» партиясының құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылы Ресейде басталған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Ұлттық қазақ партиясың құру жолындағы алғашқы қадамдар бірінші орыс революциясы кезенднде жасалды. 1905 жылдың соңында-ақ Орал қаласында Қазақ ұлттық партиясың құру женіндегі шешімдер кабылдауға тиіс болған Қазақстанның бес облысының өкілдері қатысқан «делегаттық съезд» шақырылды. Онда партия құру ниеті туралы айтылды. Қазақ ұлттық партиясын құру жөнінде алдын ала шешім қабылданды. Соның негізінде кейін «Алаш» партиясы құрылды. Осындай жағдайларда хал-ахуалдың жылдам өзгеруі мен саяси күпггердш, екі жаққа бөліну үрдісінің тездеуін ескерген қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары жалпы қазақтық, съезді өткізуді жылдамдату жөнінде шешім қабылдады. 1917 жылы шілдеде Орынборда Бірінші жалпы қазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, сот,Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т. б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съездің негізгі шешімі: «демократиялық, парламенттік және Ресей Федеративтік республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.

«Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов т.б. сияқты либерал-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» партиясы қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері: М. Тынышбаев, М. Жүмабаев, Ш. Қүдайбердиев т. б. кірді.

«Алаш» басшылары мен бүкіл партия, негізінен, Қазанреволюциясын қолдаган жоқ. Олар: «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару!» ұранымен бірікті. Ә. Бекейханов өз отандастарына арнаған үндеуінде Ресейдегі 1917 жылдың оқиғасын төңкеріс деп атады. Қазан революциясынан кеп бұрын-ақ қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі өздерінің бағдарламаларын кеңінен насихаттады. Петроградтағы толкулар басталысымен «Қазақ» газетінде 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасы он мәселені қамтыды: мемлекеттік құрылыс, жергілікті бостандық, негізгі құқын, дін, билік пен сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар мәселесі, ғылым мен оқу-ағарту ісінің дамуы, жер мәселесі. «Алаш» партиясының мақсаты — XVIII ғасырда жойылған қазақтардың ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды.

Партияның негізгі багдарламалық міндеттері ретінде:

елді отарлық кұлдықтан құтқару;
Қазақ қоғамын ортағасырлық жағдайдан алып шығып, мәдениетті елдер қатарына қосу;
қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру жарияланды.

Бұл ұйым жерді қазақтардың меншіғі ретінде тану, ана тілінде оқытатын мектептер мен университеттер ашу, қазақ өлкесіне Ресей шаруаларының қоныс аудару процесін шектеу, кедейлерге тендік пен бостандық құқықтарын беру жөніндегі заңдардын, жариялануы үшін күресті. Бағдарлама «Алаш» партиясының құрылтай жиналысына сайлау кезінде үлкен табысқа жетуіне жағдай жасады және II БүкілҚазақтық съезде өз теңірегіне қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді.
Самодержавие құлаған соң «Алаш» қозғалысы 1917 жылдың соңында партиялық құрылыс проблемасынан ұлттық автономия құру әрекетіне кешті. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының Екінші жалпы қазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайында болды. Съезд «Алаш» атауымен қазақ автономиясының құрылғаны жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» (Алаш автономиясы укіметі) деген атпен Уақытша халықтық кеңес - укімет құрылғаның мәлімдеді. Съезд қазақ автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен Алтай губерниясының, қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс екені жөнінде қаулы қабылдады. Съезд «Алашордаға» «Қазақ халкына жүргізілетін бүкіл атқарушылық билікті дереу өз қолына алуға» тапсырма берді. Алашорда автономиясының орталығы Семей каласы больш жарияланды. Алашорда үкіметін Әлихан Бөкейханов басқарды. Съезд аймақтық, уездік Кеңестер мен комитеттер ұйымдастыруға қаулы қабылдап, қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Ең маңыздысы, Алашордаға «қазақ тұрғындарының атқарушы билігін қолға алу» міндеттелді.

Ресей коғамының жалпы демократиялық талаптарының жетегінде бола отырып, 1917 жылғы Ақпан революциясының жеңістерін табанды қорғаған «Алаш» - өлкеде Кеңестер өкіметі орнаған соң және онымен келісімге келу әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін объективті түрде демократиялық федерация мен Құрылтай жиналысын қорғауды жақтаушылармен большевиктерге қарсы одаққа кірді. Қозғалыс басшылары осы коалицияда болу өз халқының түбірлі мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді деп есептеді. «Алаш» қозғалысы тарихының соты кезенднің (1918-1920) өн бойында оның басшылары әскери-саяси жағдай, қазақ коғамының экономикалық дамуының әлсіздігі мен орасан үлкен аумаққа орналасуына байланысты толық автономия алу идеяларының қиындық тудыратынын айқын сезінді.

Кеңес өкіметінің орнау кезеңінде «Алаш» партиясының жаңа өкіметпен қарым-катынасы тұрақты түсінушілік пен келісімге келулерге ауысты. Жағдайды салауатты бағалай білген «Алаш» басшылары кеңестік әскери-саяси басшылық қойған шарттарды мойындады.

А. Байтүрсынов 1919 жылы В. И. Ленинмен кездесуден соң төтенше өлкелік орган - Қырғыз Әскери-Революциялық Комитеттің құрамына енгізілді. Алайда іс жүзіндегі басшылықты Түркістан майданының органдары, кейіннен сондағы жетекшілік рөлді Орталықтан жіберілген большевиктер атқарған партия комитеттері жүргізді.
Қоқан автономиясының 1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мусылман съезі орталыгы Қоқан болатын Туркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады. Съезд сайлаған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М. Тынышбаев, кейін Мүстафа Шокай басқарды. Мүстафа Шокай мұсылман халықтарының саяси және мәдени жағынан қайта ерлеуінде елеулі рөл атқарған осы құрылымның дем берушілері мен ұйымдастырушыларының бірі болды. М. Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады.

Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орта Азия мен Қазақстан аумағында ұлттық мемлекеттілікті құрудың алғапщы өрекеті кайғылы аяқталды. 1918 жылы каңтарда Ташкент кеңесі Қоканға құрамына Ташкенттің қызыл гвардиясы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы экспедиция жіберді. Осы үшін большевиктер өздерінің идеологиялық карсыластары - армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылмантұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатыгездіктерімен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талкандау басталды. Қоқанды қорғаған «автономияшылардың» шағын отрядының қарсылығы оңай тойтарылын, қала басып алынды. Үш күнгі адамдарды қырғынға ұшырату мен талап-тонаудан соң кала өртелді. Банктің қаржысы төркіленді, қаладағы 150 мындай тұрғынның қырғын салудьщ нөтижесінде 60 мыңнан астамы ғана қалды, қалғандары елтірілді немесе қашып кетті. 1918 жылдың тек 4-7 ақпан аралығында 15 мыңға дейін адам өлтірілді. Кеңес өкіметін нығайту үітгін ескі буржуазиялық мемлекеттік агатаратты қиратып, баскарудың жаңа, кеңестік мемлекеттік органың құру қажет еді. Қокан автономиясы түріндегі демократияның алғашқы өскіндерін Қызыл гвардия қанға батырды. Аз уақыт өмір сүргеніне қарамастан Қоқан автономиясы казіргі Орталық Азия халықтарының тарихы мен өміріндегі маңызды құбылыс болды.

1918 жылы 30 сәуірде құрамына Қазақстанның оңтүстік аймактары енген Тцркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР-інің астанасы - Ташкент қаласы болды. 1918 жылы көктемде Түркістан АКСР-інде өнеркәсіптің жетекші салалары (мақтатазалау, май, тау-кен т.б.), банкілер, темір жолдар национализацияланды.
Кеңестік биліктің «Алаш» партиясына қарсы қудалау шаралары. Азамат соғысының басталуымен Алашорда бастаған және большевиктер мен Кеңестердің соңынан ерген екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. РК(б)П-ның ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы жөніндегі ресми құжаттарынан үміттенген алашордашылар 20-жылдардың басында оның жүзеге асу мүмкіндігіне сенді. Алайда қазақ автономиясының басшылары Кеңес өкіметінін, сеніміне кіре алмады. Большевиктер партиясы өз позицияларының күшеюіне қарай басқа қозғалыс өкілдерін жоққа шығару, оларды қудалау тактикасына көшті. 1921 жылы күзде «бұрынғы алашордашылардың контрреволюциялық ұйымының анықталғаны» жайлы хабарлар жайылды. Партия мүшелері шаруашылык органдары мен Кеңес мекемелеріндегі жұмыстарынан шеттетілді. Партияньщ көпке Фанылған басшысы Ө. Бөкейханов та жұмыстан босатылды. М. Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.

Тоталитарлық тәртіптің нығаюымен біртіндеп «Алаш» партиясына қатыстыларды саяси қудалау кушейе бастады. Сонымен бірге өлкедегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың әдістері мен қарқынына разы болмай, жергілікті халықтың мүддесі мен үлттык ерекшеліктерімен санаспаған, саяси-шаруашылык жөне кадрлар саясатында республиканың егемендік құқықтарына өрескел нүксан келтіріп отырған орталыктың саясатына күдік келтірген басшылар да кудалауға үшырады. Өкімет алашордашылардың «революциялық бопсаға» келіскісі келмегенін және 1920 жылдардың бірінші жартысында жарияланған «КСРО-ға тікелей кіретін кырғыздардьщ (казактардың) дербес мемлекетін құру» талабын кепгіре алмады. Өресі биік зиялылардың қаймағы, ұлттық мәдениеттің бетке устарлары бутіндеп жойыла бастады. Осылайша республикада болуы мүмкін оппозицияны басып-жаныштауға идеологиялык дайындық жасау нәтижесінде қазақ халқы күштеп ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы жаппай куғын-сүргін кезеңінде сансыз қайғы-қасіретке душар болды.

Алаш қозғалысының тарихи маңызы. Алаш (немесе алашорда) козғалысы Қазақстанда XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нөтижесінде өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттык «Алаш» партиясы еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Ә. Бекейханов, А. Байтүрсынов, М. Шоқай, М. Тынышбаев, М. Дулатов т. б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету:

1.    қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
2.    қазақ қоғамының дұниежүзілік мәдени қауымдастық қаенуін қамтамасыз ету деп жариялады.

Өзінін,саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы өртекті қазақ ұлттық-демократия- лык зиялыларының саяси үйымы болды. Саяси сахнадан кеткен соң алаш козғалысының кайраткерлері 20-жылдары Қазақстанның мөдениеті, ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулі үлес косты. Кеңес өкіметі жариялаған бірнеше кешірімге (1919, 1920 жылдардағы амнистия) қарамастан қозғалыстьщ белсенді мүшелері большевиктердід 20-жылдардьщ соңы мен 30-жылдардағы «үлтшылдар, халык жауларымен күрес» аталған науканының барысында қуғын-сүргінге ұүшырады. Алашордашылар 1955 жылы ақталса да, одан кейінгі отыз жыл бойы.ресми тарихтан тыс қалып келді. 1988-1989 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің шешімі бойынша А. Байтцрсыновтың, М. Дулатовтың, Ш. Қудайбердиевтің, М. Жұмабаевтың шығармашылық мұралары жария етілді. «Алаш» партиясы басшыларының есімдері халыкка біртіндеп кайта оралып, олардың шығармалары жарық көре бастады.

«Үш жүз» партиясы. Қыргыз (Қазақ) «Үш жуз» социалистік партиясы үсақ буржуазияльщ сарындағы үлттык саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың қурамына К. Тогысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабековтер енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси кезқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарынан үш өзекті мөселенің төңірегінде алшактанды:

1.    Қазақ облыстары автономиясының сипаты;
2.    жер мәселесін қайта қарау;
3.    дін мен мемлекетік өзара қарым-қатынасының сипаты.

Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси кағидалары елеулі езгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезенінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдық қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес өкіметін орнату мен нығайту жүмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үш-жүзшілер басқа қозғалыстарға карсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бөрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.

Революдиялық қозғалыстың өріс алуы. Ақпан революциясынан соң бүкіл Қазақстанда оқушы жастар мен ауыл мұғалімдерінің өкілдерінен ұйымдар мен үйірмелер қалыптаса бастады. Омбыда - «Демократияшыл окушы жастардың кеңесі», Акмолада - «Жас қазақ»,Спасск зауыттарында - «Жас жүрек», Петропавловскіде - «Талап» т. б. ұйымдар жұмыс істеді. Бірқатар жастар үйымдары, мәселен, С. Сейфуллин баскарған «Жас казак» пен Т.Рысқұлов басқарған «Қазақ жастарының» революциялык одағы Кеңестерді жақтады, ал қайсыбірілибералдық ұлт зиялылары жетекшілерін қолдап шықты. Жастар ұйымдары өз қызметінің бастапқы кезеңінде өз алдына мәдени-ағартушылық міндеттер қойып, кейіннен таптық, әлеуметтік және саяси сипаттағы міндеттерді шешуге араласа бастады. 1917 жылдың көктемі мен жазында Уақытша үкіметке қарсы толқулар кеңінен өріс ала бастады. Өлкеде қара жұмыс істейтін жұмысшылардың одақтары және жұмысшы, солдат, шаруалар депутаттары Кеңестеріне пікірлес, ниеттес революцияшыл-демократиялық жастар ұйымдары мен ұсақ буржуазиялық, мұсылмандық мәндегі комитеттер пайда болды. Ташкентте мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесі, Қостанайда - Қостанай шаруа және қазақ депутаттарының уездік Кеңесі, Өскеменде - Өскемен шаруа, қазақ және қазақ депутаттарының Кеңесі құрылды. Төмен жалақы мен ауыр еңбек жағдайына наразылық білдіріп, жұмысшылар ереуілге шықты. Семей облысы Даубай руднигінің және Риддердің жұмысшылары бас көтеріп, жалақыны көбейтуді, тұрмыстық жағдайды жақсартуды талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға