Жаңалықтар

ҚАЗАҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – а. ш-н механикаландыру және электрлендіру саласында-ғы ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізетін бас мекеме. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. 1948 ж. Алматы қ-нда құрылған. 1978 ж. қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік з-т беріліп, Қазақ а. ш-н жарақтандыру ғыл.-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 жылдан А. ш-н механикаландыру ғыл.-өндірістік орт-ның құрамындағы респ. мемл. қазыналық кәсіпорын. Ин-т құрамында: а. ш. дақылдарын егу және жинауды механикаландыру, қой ш. жұмыстарын механикаландыру, мал фермаларын жобалау, жемшөп дайындау жұмыстарын механикаландыру, а. ш-нда электр қуатын пайдалану, а. ш. дақылдарын өңдеуді механикаландыру, табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану, а. ш. нормативтерін жасау және машина-трактор ст-ларын құруды ғыл.-зерттеулермен негіздеу, а. ш. машиналарын сынақтан өткізу лабораториялары және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех, сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік з-т, Ақмола обл. Ақкөл қ-нда бөлімшесі бар. 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғыл. бағыты – а. ш. өнімдерін өндіруде жаңа технологиялар мен  тех. құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғыл.-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Ин-тта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды. Дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың технологиялары ұсынылды. Жер өңдеу механикасының теор. негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін ин-т Қазақ КСР-інің «Алтын кітабына» жазылған (1976). Ин-т мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәлік, Қазақстан Республикасының 32 патенті берілді. Ин-т ғалымдарының 30-ға жуық ғыл. басылымы, 50-ден астам ұсынысы, а. ш-н механикаландыру және электрлендіруге арналған 22 ғыл. жинағы жарық көрді. Ин-тта акад. М.Р.Алшынбаев, В.А.Голиков, А.П.Грибановский, Л.Сейітбеков, т.б. ғалымдар жұмыс істеді.  
05.12.2012 08:33 8794

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға