Ақпарат саласындағы медиа-кәсіпорындар
05.12.2012 08:28
3545
Ақпарат саласындағы медиа-кәсіпорындар– БАҚ өнімдерін жинақтау, даярлау, халыққа ұсыну қызметтерін атқаратын кәсіпорындар. Оларға теле-, радио] хабарларын тарату компаниялары, баспа өнімдері, баспаханалар, компьютерлік және желілік ақпараттық қызметтер ұсыну жөнінде компаниялар, медиалық емес кәсіпорындар кіруі мүмкін. Осының нәтижесінде бір немесе көптеген мемлекеттер аумақтарында түрлі бейнедегі кәсіпорындарды иеленетін және оларға бақылауды жүзеге асыратын ұлттық конгломераттар мен трансұлттық корпорациялар құрылады.
Жергілікті нарық бір елді мекеннің (ен бастысы, қаланын) және сонымен іргелес аудандар нарығын білдіреді. Қазақстанда осы нарықта обл., қалалық және ауд. БАҚ: "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" және басқалары, "Астана қаласының теледидары", "Эра-ТВ" және басқалары жұмыс істейді. Өңірлік ішкі нарық онда бір-біріне іргелес және жақын (халқының құрамы, тарихи өткені, дүниетанымы жағынан) аумақтардағы аудиториялардың көрермендері үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Мәселен, АҚШ-та солт.-шығыс (жаңа Англия), оңт.-шығыс (Алабама, қос Каролина, Вирджиния, Флорида, Джорджия), оңт. (Луи-зиана, Джорджия, Техас, Аризона), жартасты (Миннесота, Иллинойс, Юта, кос Дакота), батыс (Калифорния, Орегон, Вашингтон) өңірлері болып бөлінеді. Қазақстанда осы нарықта "KTK", "31 арна", "Рахат ТД", "Астана қаласының теледидары" және басқалар жұмыс істейді.
Жалпыұлттық нарық жалпыұлттық аудитория үшін ақпарат таратушы БАҚ-тар жұмыс істейді. АҚШ-та ол "US NEWS and World Report" газеті, "CNN" телекомпаниясы, Ұлыбританияда "Inde-pendent", "Guardian" газеттері, "SKY", "ВВС" компаниялары. жалпыұлттық БАҚ-ка қатысушылар қатарына "MTV", "History", "Discove-ry", "ESPN", "FOX Movie Nerwork","MS-CNBC" (АҚШ), "RAI Utile", "RAJ Sport" (Италия) сиякты мамандандырылған тақырыптық күрылымдарды (спорттық, іскер, мәдени, ғылыми, білім беру, көркем-деректі, музыкалық, басқаларын) жаткызута болады. Осы нарықта Қазақстанда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Панорама" сияқты газеттер, "Континент", "Мысль" сиякты журналдар, "Қазақстан", "Ха-бар", "Ел арна" сиякты телеарналар, "Мир" ХТРА-сы және басқалар жұмыс істейді. Өңірлік сыртқы нарық екі және одан да коп мемлекеттермен іргелес аумақтардың аудиториялары үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. БАҚ-тың осындай батдары Батыс Еуропада таралған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халифат