Жаңалықтар

Марабай мен Мардан

Марабай мен Мардан   "Марабай"пьесасының ең үлкен түйіні Марабай басында. Бір топ адамның, бір үйірім өмірін алсақ, барлығының айналып - үйірілетін діңгегі сол Марабай. Шығарманың түп - тұлғасы, тірегі сол. Ендеше пьесаның барлық қасиеті де, кемшілігі де осы Марабай маңызына қарай өлшенеді. Жаңа адам, жаңа күндерді суреттерде пьесаның талабы зор. Тапқан табысы да аз емес. Жазушылардың Марабайды көрсетуі жалаң қабат емес, жан-жақты. Оның қоғамдық тірлігі, бас тіршілігі де қатар жүріп, кең саламен беттейді. Және осы арқаулары өзді-өзін жеке алғанда да бір беткей емес. Жалғыз ғана сыртқы қимыл, тартыс қатынаспен ғана көрінбейді. Адамның ішкі дүниесі, ой сезімі, әсіресе көп орындалып отырады. Сонда әрі ақылды, мінезі, әрі советтің өз азаматы Марабай ірі кісі боп, сүйікті адам боп шығады. "Марабай" пьесасының азырақ кемістеу көрінетін жағы, драматизмнің қоюлана түспеуі. Барлық жағынан жақсы әзірленіп келген Марабайға енді бір үй тұрмысында болсын, басқа қарым-қатынастарында болсын, немесе тіпті өзінің кеш оянған махаббат сияқты (мысал үшін) сезімнің жөнімен болсын — әйтеуір бір драмалық әсерлі түйін керек еді. Сонда пьесаның қызықтығы артар еді. Көрушіні толқытып, қозғау салып, қызықтыра жетектер еді. Осының жете қоймағандығынан жақсы Марабай көсіле алмай, құлаш жаза тұрмай алған тәрізді. Әзірленіп, екпіндеп, сүйсіндіріп келеді де "енді бір шарқ ұратын шығар - ау" десең, серіппей де, секірмей де қояды.   Марабай образы мені жазушы есебінде жақсы қызықтырды. Өзіміздің осы бүгінгі зор күндеріміздің талай жақсы жандарын сахнаға дұрыстап, маңызды қып шығара білсек, ескі эпостан, талай тарихтан бірде-бір кем түспейтін шығармалар оңай-ақ оралатын сияқты. "Марабай"пьесасында ораулы көрінетін жалғыз кісі бар. Ол Мардан. Бұған жазушылардың өз көзқарасы әділ емес. Себепсіз жек көреді. Шынында Марданды оп-оңай жақсы, қызық, өзгеше бір ақылды, алғыр жас етіп қоюға болады. Мардан жұмыс істемейді дейді. Олай емес. Мардан кітапты көп оқиды. Сол жүрген жандардың барлығынан мұның естіген - білгені мол. Ол әлі жас. Өзі ағасының қолында тұрады. Мүмкін ол демалысқа келген студент те шығар. Ал оның әрекеті кітап оқу ғана болсын. Сонда Мардан жаман бола ма екен. Ол өзінің өсу, пісу жөнінде еңбек етіп жүрген кісі. Әзіргі жасында сол міндет те жетеді.   Жазушылардың Мардан турасындағы тағы бір кемшілігі, оның тіліне тапқырлық, күлдіргілік, "от ауызды, орақ тіс" дегендей әр мысқылдар бермеген. Сабатайлар, Есіркептер, Алмалар — бұдан құр ғана тосып естімей, ұстараша қылпып түсіп, мысын құртып отыратын, қазадай қатал әжуаны естіп отырса жарасар еді. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 08:27 3491

Марабай мен Мардан

 

"Марабай"пьесасының ең үлкен түйіні Марабай басында. Бір топ адамның, бір үйірім өмірін алсақ, барлығының айналып - үйірілетін діңгегі сол Марабай. Шығарманың түп - тұлғасы, тірегі сол. Ендеше пьесаның барлық қасиеті де, кемшілігі де осы Марабай маңызына қарай өлшенеді. Жаңа адам, жаңа күндерді суреттерде пьесаның талабы зор. Тапқан табысы да аз емес. Жазушылардың Марабайды көрсетуі жалаң қабат емес, жан-жақты. Оның қоғамдық тірлігі, бас тіршілігі де қатар жүріп, кең саламен беттейді. Және осы арқаулары өзді-өзін жеке алғанда да бір беткей емес. Жалғыз ғана сыртқы қимыл, тартыс қатынаспен ғана көрінбейді. Адамның ішкі дүниесі, ой сезімі, әсіресе көп орындалып отырады. Сонда әрі ақылды, мінезі, әрі советтің өз азаматы Марабай ірі кісі боп, сүйікті адам боп шығады. "Марабай" пьесасының азырақ кемістеу көрінетін жағы, драматизмнің қоюлана түспеуі. Барлық жағынан жақсы әзірленіп келген Марабайға енді бір үй тұрмысында болсын, басқа қарым-қатынастарында болсын, немесе тіпті өзінің кеш оянған махаббат сияқты (мысал үшін) сезімнің жөнімен болсын — әйтеуір бір драмалық әсерлі түйін керек еді. Сонда пьесаның қызықтығы артар еді. Көрушіні толқытып, қозғау салып, қызықтыра жетектер еді. Осының жете қоймағандығынан жақсы Марабай көсіле алмай, құлаш жаза тұрмай алған тәрізді. Әзірленіп, екпіндеп, сүйсіндіріп келеді де "енді бір шарқ ұратын шығар - ау" десең, серіппей де, секірмей де қояды.

 

Марабай образы мені жазушы есебінде жақсы қызықтырды. Өзіміздің осы бүгінгі зор күндеріміздің талай жақсы жандарын сахнаға дұрыстап, маңызды қып шығара білсек, ескі эпостан, талай тарихтан бірде-бір кем түспейтін шығармалар оңай-ақ оралатын сияқты. "Марабай"пьесасында ораулы көрінетін жалғыз кісі бар. Ол Мардан. Бұған жазушылардың өз көзқарасы әділ емес. Себепсіз жек көреді. Шынында Марданды оп-оңай жақсы, қызық, өзгеше бір ақылды, алғыр жас етіп қоюға болады. Мардан жұмыс істемейді дейді. Олай емес. Мардан кітапты көп оқиды. Сол жүрген жандардың барлығынан мұның естіген - білгені мол. Ол әлі жас. Өзі ағасының қолында тұрады. Мүмкін ол демалысқа келген студент те шығар. Ал оның әрекеті кітап оқу ғана болсын. Сонда Мардан жаман бола ма екен. Ол өзінің өсу, пісу жөнінде еңбек етіп жүрген кісі. Әзіргі жасында сол міндет те жетеді.

 

Жазушылардың Мардан турасындағы тағы бір кемшілігі, оның тіліне тапқырлық, күлдіргілік, "от ауызды, орақ тіс" дегендей әр мысқылдар бермеген. Сабатайлар, Есіркептер, Алмалар — бұдан құр ғана тосып естімей, ұстараша қылпып түсіп, мысын құртып отыратын, қазадай қатал әжуаны естіп отырса жарасар еді.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға