Байланыстың спутниктік жүйелері
05.12.2012 08:26
11519
Байланыстың спутниктік жүйелері (БСЖ) – РБ регламентіне сәйкес барлық (БСЖ) келесі РБ қызметтерінің құрамында қолданылатын жүйелер. Олар:
- тіркелген спутниктік қызмет – тіркелген пункттерде орналасқан жердегі студиялар арасында байланысты ұйымдастыруға арналған;
- жылжымалы БСЖ – жылжымалы ЖС арналарында бір немесе бірнеше спутниктер көмегімен байланыс орнатуға арналған. Жылжымалы БСЖ құрғақ жердегі, теңіздік және әуелік болады;
- радиоқабылдағыш БСЖ – теледидарлық және дыбыстық хабарлау бағдарламаларын жалғыз (жеке қабылдау) не бір топ (ұжымдық қабылдау) абонентке аралық техникалық құралдарды (телеорталық) қолданбай таратуды қамтамасыз етеді. Оның тарату жылдамдығы үлкен, бірақ РРЛ-ға қарағанда бағасы да үлкен. БСЖ-да теледидарлықжәне дыбыстық хабарлау бағдарламаларына қарағанда 3 түрлі жағдайды білу керек: а) екі бірдей ЖС арасында хабарлау бағдарламаларымен алмасуға арналған ЖСБ; ә) таратушы желіні құрайтынды ЖС нақты сандар арасында хабарлау бағдарламаларын циркуляцияларды таратуға арналған ЖСБ; б) хабарлау бағдарламаларын ұжымдық қолданудағы ЖС-ныңанықталмаған немесе көп саны арасында және тікелей жеке абоненттік қабылдау құрылғылары арасында таратуға арналған ЖСБ. Алғашқы екі жағдайдағы ЖСБ-ны аумағы үлкен мемлекеттерде бағдарламалар көзіне алшақ орналасқан хабарлаудың жер үстіндік құралдарына хабарлау бағдарламаларын жіберу немесе алмасу үшін ұйымдастырады. "Орбита" студиясы осыған мысал бола алады. Соңғы жыл-дарда ЖСБ спутникті хабарлау жүйесі қызығушылық тудырып отыр. Себебі, қызмет көрсету кезінде экономикалық жағынан тиімді. Қамтитын аумағына, қатыстылығына және мақсатына қарай барлық ЖСБ және ХСЖ халықаралық, ұлттықжәне ведомстволық болып бөлінеді: а) халықаралық ЖСБ – әртүрлі континенттерде орналасқан елдерге қызмет көрсету үшін қажет. Мысалы, "Интерспутник", "Интелсат"; ә) ұлттық ЖСБ – бір мемлекеттің аумағына қызмет ету үшін керек. Аймактық ЖСБ – мемлекеттен тұратын жердің бөлігіне қажет. Мысалы, Батыс Еуропаның бірқатар ел-деріне қызмет көрсетуі үшін "ETELSAT" жүйесі, араб елдері үшін "ARABSAT" жүйесі қолданылады. ә) ведомстволық ЖСБ – қандай да бір ведомстволыққызмет фирма үшін байланыс орнатуға керек. Спутникті байланыстар арнайы және көпфункционалды болып болінеді. Арнайы – бір мәселені шешуге арналған спутниктер. Көпфункционалды – әртүрлі ақпаратты қамтамасыз ететін және кен колданыека ие болатын спутниктер. Қазіргі заманғы спутниктерге геостационарлық орбита қолданылады. ТМД елдерінде элипстік орбита қолданылады. ЖС төмендегі түрлерге бөлінеді: а) қабылдау-таратушы ЖС – көпарналы телефон хабарламаларын дуплексті таратуды және хабар тарату бағдарламаларымен ауысушы ЖС. Бұл түрдегі ЖС тіркелген спутниктік қызмет жүйесінін кұрамындагы циркуляры хабарлау бағдарламаларын қабылдау үшін де қолданылады; ә) қабылдаушы ЖС – ХСЖ құрамында Жердей спутникке циркулярлықбағдарламаларды жіберуді іске асыратын ЖС. Егер таратушы ЖС ХСЖ-ныңқызмет аймағында болса, онда сигналды басқару мақсатымен, оның соңынан қабылдау құрылғысын қояды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақпарат аудармасындағы кейбір мәселелер