Жаңалықтар

Ақпарат аудармасындағы кейбір мәселелер

  Аударматану  туралы  монографиялық  еңбегінде  зерттеуші  А.Алдашева  ойлау  типіне  сүйене  отырып,аударма  нұсқаларды   шартты түрде көркем аударма  әдебиет  және  арнаулы  ақпаратты  әдебиет деп екіге  бөледі. Ақпараты  әдебиеттер –– публицистика, ғылыми  әдебиет, ресми  іс-қағаздары  ойлаудың  логикалық типі  арқылы  аударылады,бірақ газеттің интервью,репортаж,сұқбат    жанрларында  тілдесуші адамның  образды   ойлауы  іске  қосылуы   әбден мүмкін. Сол себепті газет тіліндегі  аударма дүниелер  ойлаудың  екі  типі  арқылы да дүниеге келеді  де деу аса  нанымды  бола  қоймас, өйткені газетке тән типлогиялық  лексика  түрінің  маңыздысы  саналатын  қоғамдық-саяси  лкесика  идеалды  сөздер  ретінде  логикалық  ойлау  типінің  жемісі  саналады  әрі  аударма  сөздерінің  көбі  аталған  лексика  құрамына  енеді; жаңа  құбылыстар  мен  ұғымдар  атауларын  аударып  қолдану  қажетіліг  де  осы  лексика  түрінде  жиі  туындайды.   Ал образды ойлау типі бағалауыштық типі  лексика  элементтерін  аударуда қолданылады, бірақ образды ойлау ұлттық  менталитетпен астасып жататындықтан, бөтен тілдік  көркемдеуші  құралдар, образды тіркесерді өзге ұлтың менталитетін сақтай  отыра ана тілімізге аударып қолдану қажеттілігі туа  қоймайды, тіпті қолданған күннің өзінде сіңісуі, газет оқырмандарының  қабылдауына, түсінуіне  қиындық  келтіреді.    Ақпаратты әдебиетте сөзбе-сөз және балама аударма  пайдаланылады, өйткені аударманың осы  түрі тілдік единицаның  ішкі  мазмұнын  нақ,  дәл  берудің  бірден –бір  жолы  саналады.    Калька  арқылы  тілде  жаңа  номинациялар  пайда  болады  әрі  терминжасам  жүйесінде   жаңа  терминдер  дүниеге  келеді.Калька  тәсілі  алғашқы  қазақ  газеттерінен  бастап  қолданылды  да,қазақ  қауымының   бұрын  ұғымында  жоқ  атауларды  атап-түстеуде, қолданыстағы  төл  сөздердің   өрісін  кеңейтіп,олардың  сөзжасам  саласындағы  ерекше  өнімділігін  ашуда,жаңа  номинация  атаулар  ретінде  қолдануында  қозғалыс  жасады.     Калька  ––  сөз  мағынасын  кеңейту,тарылту,  процестерінің  де  түрткісі,қозғаушысы.Аударманың  аса  тиімді  тәсілі  ретінде  кальканы  пайдалану  қазақ  тілінде   жаңа  атаулар  туғызуда   зор  мүмкіндікері  бар  екендігін,  тілдік  қабаттардың  бәрін  қозғалысқа  түсіретіндігін  көрсетті.    Аудару  барысындағы   тағы  бір  мәселе  әр  елдің  ұлттық  пішіні   хақында   болмақ. «Ұлттық  пішін   дегеніміз  халықтық   ойлау  машығының  көркем  бейнелерде   көрініс  тапқан   тұтас   жүйесі.Ол  әрбір  халықтың  тарихының,тұрмысының,сенім-нанымының,әдет-ғұрыптарының,  үйренген  үрдістерінің,талғамының  ерекшелігінен  құралады.Аудармашының  еңсеруіне   тура  келетін   қиындықтарының  ең   үлкенінің  бірі  ұлттық  пішіннің   ерекшеліктерін   дәл  ұстай  білу,  оны  өзге  тілде   жеткізе  білу» –– деген  Белинскийдің  пікірі  бар.Аударма –– әрбір  ұлттық   мәдениеттің  ажырағысыз  бөлігі.   Аударманың  құдіреті   өлі  тілдерді  тірілтуінен-ақ  танылып  тұр.Көне  Қытай, Көне  грек,  ескі  орыс  тілдерінен   жасалған   аудармалар  арқылы   қаншама   мәдени   мұра   адамзат   игілігінен   айналғаны  жақсы   мәлім.Тәржімшілер   болмаса  олардың   бәріне   де   санаулы   тіл  мамандарының  ған   қолы  жетер  еді.    Аудармашылық  –– жалғыз  шабытпен   шалып  түсетін,тек  алымдылықпен   алып  түсетін   шаруа  емес.Тәржіменің   машығын  алмайынша,  аударманың   техникасын   емін-еркін  меңгермейінше,көркем   сөзді   алақанында   ойнататын   зергерлікке   қол  қол  жеткізбейінше   аударма   алуы  алдырмайды.     Талантты   шығарманы  өзге   тілде  өз  деңгейінде   қайта  туындатудың   басты  шарты ––  оқи  білу.Талантты  тәржімеші   тек  талантты   оқырманнан   шықпақ.  
05.12.2012 08:26 8202

 

Аударматану  туралы  монографиялық  еңбегінде  зерттеуші  А.Алдашева  ойлау  типіне  сүйене  отырып,аударма  нұсқаларды   шартты түрде көркем аударма  әдебиет  және  арнаулы  ақпаратты  әдебиет деп екіге  бөледі. Ақпараты  әдебиеттер –– публицистика, ғылыми  әдебиет, ресми  іс-қағаздары  ойлаудың  логикалық типі  арқылы  аударылады,бірақ газеттің интервью,репортаж,сұқбат    жанрларында  тілдесуші адамның  образды   ойлауы  іске  қосылуы   әбден мүмкін. Сол себепті газет тіліндегі  аударма дүниелер  ойлаудың  екі  типі  арқылы да дүниеге келеді  де деу аса  нанымды  бола  қоймас, өйткені газетке тән типлогиялық  лексика  түрінің  маңыздысы  саналатын  қоғамдық-саяси  лкесика  идеалды  сөздер  ретінде  логикалық  ойлау  типінің  жемісі  саналады  әрі  аударма  сөздерінің  көбі  аталған  лексика  құрамына  енеді; жаңа  құбылыстар  мен  ұғымдар  атауларын  аударып  қолдану  қажетіліг  де  осы  лексика  түрінде  жиі  туындайды.

  Ал образды ойлау типі бағалауыштық типі  лексика  элементтерін  аударуда қолданылады, бірақ образды ойлау ұлттық  менталитетпен астасып жататындықтан, бөтен тілдік  көркемдеуші  құралдар, образды тіркесерді өзге ұлтың менталитетін сақтай  отыра ана тілімізге аударып қолдану қажеттілігі туа  қоймайды, тіпті қолданған күннің өзінде сіңісуі, газет оқырмандарының  қабылдауына, түсінуіне  қиындық  келтіреді.

   Ақпаратты әдебиетте сөзбе-сөз және балама аударма  пайдаланылады, өйткені аударманың осы  түрі тілдік единицаның  ішкі  мазмұнын  нақ,  дәл  берудің  бірден –бір  жолы  саналады.

   Калька  арқылы  тілде  жаңа  номинациялар  пайда  болады  әрі  терминжасам  жүйесінде   жаңа  терминдер  дүниеге  келеді.Калька  тәсілі  алғашқы  қазақ  газеттерінен  бастап  қолданылды  да,қазақ  қауымының   бұрын  ұғымында  жоқ  атауларды  атап-түстеуде, қолданыстағы  төл  сөздердің   өрісін  кеңейтіп,олардың  сөзжасам  саласындағы  ерекше  өнімділігін  ашуда,жаңа  номинация  атаулар  ретінде  қолдануында  қозғалыс  жасады.

    Калька  ––  сөз  мағынасын  кеңейту,тарылту,  процестерінің  де  түрткісі,қозғаушысы.Аударманың  аса  тиімді  тәсілі  ретінде  кальканы  пайдалану  қазақ  тілінде   жаңа  атаулар  туғызуда   зор  мүмкіндікері  бар  екендігін,  тілдік  қабаттардың  бәрін  қозғалысқа  түсіретіндігін  көрсетті.

   Аудару  барысындағы   тағы  бір  мәселе  әр  елдің  ұлттық  пішіні   хақында   болмақ. «Ұлттық  пішін   дегеніміз  халықтық   ойлау  машығының  көркем  бейнелерде   көрініс  тапқан   тұтас   жүйесі.Ол  әрбір  халықтың  тарихының,тұрмысының,сенім-нанымының,әдет-ғұрыптарының,  үйренген  үрдістерінің,талғамының  ерекшелігінен  құралады.Аудармашының  еңсеруіне   тура  келетін   қиындықтарының  ең   үлкенінің  бірі  ұлттық  пішіннің   ерекшеліктерін   дәл  ұстай  білу,  оны  өзге  тілде   жеткізе  білу» –– деген  Белинскийдің  пікірі  бар.Аударма –– әрбір  ұлттық   мәдениеттің  ажырағысыз  бөлігі.

  Аударманың  құдіреті   өлі  тілдерді  тірілтуінен-ақ  танылып  тұр.Көне  Қытай, Көне  грек,  ескі  орыс  тілдерінен   жасалған   аудармалар  арқылы   қаншама   мәдени   мұра   адамзат   игілігінен   айналғаны  жақсы   мәлім.Тәржімшілер   болмаса  олардың   бәріне   де   санаулы   тіл  мамандарының  ған   қолы  жетер  еді.

   Аудармашылық  –– жалғыз  шабытпен   шалып  түсетін,тек  алымдылықпен   алып  түсетін   шаруа  емес.Тәржіменің   машығын  алмайынша,  аударманың   техникасын   емін-еркін  меңгермейінше,көркем   сөзді   алақанында   ойнататын   зергерлікке   қол  қол  жеткізбейінше   аударма   алуы  алдырмайды.

    Талантты   шығарманы  өзге   тілде  өз  деңгейінде   қайта  туындатудың   басты  шарты ––  оқи  білу.Талантты  тәржімеші   тек  талантты   оқырманнан   шықпақ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға