Жаңалықтар

Еуропа

Еуропа – Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Аумағы 10 млн. км2-ге жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Еуропаға (грекше Europa, семит тілінің «эреб» – «батыс» сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының төрттен бірін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері. Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Жер аумағының 60%-ға жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-ы 200 м-ден 500 м-ге дейінгі қыраттардың, 10%-ы 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен таулы үстірттердің, 6%-ы 1000 м-ден жоғары таулардың үлесіне тиеді. Еуропаны кемінде төрт рет мұз басты. Ең үлкен Днепр мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков, Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан он мың жыл бұрын аяқталды. Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Шығыс бөлігінің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы арктикалық аралдарда – 24ӘС, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12ӘС. Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3ӘС-тан, оңтүстігінде 29ӘС-қа дейін өзгереді. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында жауады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), т.б. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді. Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар Еуропа жерінде отыздан астам аса ірі және екі мыңнан астам шағын бөгендер салынған. 20 ғасырдың соңғы онжылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті. КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. 2001 жылдың басында Еуропада мынандай мемлекеттер болды: Австрия, Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Югославия.  
05.12.2012 08:24 24963

Еуропа – Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Аумағы 10 млн. км2-ге жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Еуропаға (грекше Europa, семит тілінің «эреб» – «батыс» сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының төрттен бірін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері.
Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Жер аумағының 60%-ға жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-ы 200 м-ден 500 м-ге дейінгі қыраттардың, 10%-ы 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен таулы үстірттердің, 6%-ы 1000 м-ден жоғары таулардың үлесіне тиеді.
Еуропаны кемінде төрт рет мұз басты. Ең үлкен Днепр мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков, Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан он мың жыл бұрын аяқталды.
Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Шығыс бөлігінің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы арктикалық аралдарда – 24ӘС, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12ӘС. Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3ӘС-тан, оңтүстігінде 29ӘС-қа дейін өзгереді. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында жауады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), т.б. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді.
Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар Еуропа жерінде отыздан астам аса ірі және екі мыңнан астам шағын бөгендер салынған.
20 ғасырдың соңғы онжылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті. КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. 2001 жылдың басында Еуропада мынандай мемлекеттер болды: Австрия, Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Югославия.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға