Жаңалықтар

Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2012 жылы www.topuniversities.com сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады. Университет туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет[2], Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады. Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлiмшелерде 61,3 пайызды құқрайтын ғылым докторлары мен профессорлар, түрлі академиялардың корреспондент-мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының лауреаттары, ғылым кандидаттары, доценттер барлығы 1678 оқытушы жұмыс істейді. 2011 жылдың шілде айынан бастап ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов болып табылады. Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар. 2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Батташұлы Сыдықов. Тарихы 2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Канддат және доктор дисс. қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт.алықтары бар. Е.у. базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. Даму хронологиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды. 2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді. 2000 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған. 2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). 2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті. 2012 жылы еуразия ұлттық университеті ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. Рейтингтер Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерт­теу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын. 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өт­етін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордамыздың ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді. 2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.
05.12.2012 08:21 20309

Еуразия ұлттық университеті
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2012 жылы www.topuniversities.com сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады.
Университет туралы
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет[2], Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады. Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлiмшелерде 61,3 пайызды құқрайтын ғылым докторлары мен профессорлар, түрлі академиялардың корреспондент-мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының лауреаттары, ғылым кандидаттары, доценттер барлығы 1678 оқытушы жұмыс істейді. 2011 жылдың шілде айынан бастап ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов болып табылады.
Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Батташұлы Сыдықов.
Тарихы
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Канддат және доктор дисс. қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт.алықтары бар. Е.у. базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған.
Даму хронологиясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2000 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған.
2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.).
2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті.
2012 жылы еуразия ұлттық университеті ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Рейтингтер
Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерт­теу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын.
2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті.
Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өт­етін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордамыздың ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді. 2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға