Жаңалықтар

Сыма Цянь және оның тарихи жазбалары

Сыма Цяньның «Ши цзи» енбегі «Тарихи жазбалар» деп ол қайтыс болғаннан кейін аталды. Сыма Цянь өз шығармасын «Хан сарайының тарихнамасының кітабы »  «Тайшигун шу» деп атаған. Бұл шығармада көне салт-дәстурге деген құрмет көрсетілген. Көне Қытай тілінде «тарих» сөзінің түсінігі «ши» деп аталады. Оның бастапқы түрі - жазбаға арналған кесені ұстап тұрған қолды суреттейді, бастапқы мағынасыда осыдан шыққан - «жазба білетін адам». Бұндай жазбалардың көне үлгілері тасбақаның тасына және сүйектерге жазылған «Инь» жазулары.  Шан шу Қытайдың көне тарихи ескерткішінің бірі, «Басшы сөзінің» жазбасын үлгі етіп ұсынады. Қола ыдыстардағы жазулар тарихнамашының басшысының қасында жүріп бұйрықтарын хабарлап, астрологиямен, көріпкелдікпен айналысқанын дәлелдейді. Жаксылыкпен жамандықты салыстыра отырып тарихнамашы кейіпкер-лермен болған жағдайларға баға берді. Сонымен қатар бұндай баға беруді тағы бір көне Қытай тарихнамашысы Чунь Цюмен байланыстыруға болады. Дәстүр бойынша Чунь Цюдің авторлығы  Конфуцияға жазылғанымен, негізінде Лу патшалығында болған оқиғалар жазылған. Чунь Цю көне Қытай жазбасының үлгісі, Лян Ци-чао оның ерекшеліктерін былай көрсетеді: 1. Әр жазба 40 иероглифтан аспайды бір иероглифтан құрылғандары да бар. 2. Әр жазба бір оқиғаға арналған және жазбаларда байланыс жоқ. 3. Чжухоу басшыларының кезінде болған оқиғалар көрсетілген. 4. Аппаттар, зілзала ай мен күннің тұтылуы туралы толық айтылған. Бұрынғы жазбалардың ерекшелігі көрсетілгенмен оларға сараптама жасалмаған. Бұндай мақсат бірінші рет екі көне тарихи шығармада қойылған «Полибияның тарихында» және Сыма Цяньның «Тарихи жазбаларында». Бұл еңбектердің көп жерлері ұқсайды. Олардың авторлары замандас еді. Сонымен қатар Полибия мен Сыма Цяньның айырмашылығы бар. «Полибия-ның тарихында» бірнеше елдің тарихы жазылған (50 жылдық  кезеңмен шетеледі). «Тарихи жазбалар» б.э.д. ІІ-ғасырдың аяғында жазылған яғни Қытай тарихын көне заманнан автордың өмірінің аяғына дейін баяндайды (2000 жылдық эпоханы көрсетеді).  «Тарихи жазбалар» 130 тараудан құралған, 500мың иероглифтен тұрады. Бұндай керемет еңбекті сол уақыттағы тарихнамада жалпы ғылымда білмеген. «Тарихи жазбалар» Қытай тарихнамасының жаңа кезеңі болып табылады. «Тарихи жазбалар» тарихты зерттеуге әсерін тигізді. Сыма Цяньға дейін Қытайда 190 цзюань(том) тарихи шығармалар жазылса, Ши цзи шыққанан кейін олардың саны 235 цзюаньға жетті, 6 ғасырда  тарихи шығармалардың саны 16585 цзюаньға жетті, яғни бірнеше ғасырда 40 есе көбейген. Кітаптардың каталогына енген тарихи шығармалар ерекше бөлімге жазылға.   Әулеттің  дәстүрлері. Чжоулық Сюань-ван басқарған кезде (б.з.д. 827-782жж) Сыма Цяньның аталарының бірі тарихнамашы қызметін атқарған. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл қызмет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Сыма Цяньның атасының аты күміс құмыраға жазылған. Б.э.д. VII ғасырда Сыма Цяньның аталары Чжоудан көшіп Цзин патшалығына қоныс аударды. Бес ғасырдан кейін Сыма Цяньның әкесі Сыма Тань дәстүрді қайта жалғастырды. Тань білімді кісі болған еді. Ол аты шыққан ғалымдардан астрология, философияны оқыды және классикалық философияны да керемет білген, оған дәлел оның «Алты философия мектебінің негізі» атты шығармасы. Б.з.д. 140 жылы Сыма Тань басты тарихнамашы қызметіне тағайындалады.  Б.з.д. 80 жылдан кейін Қытаймен Цинь Ши-Хуанның біріккен орталық империясы қосылған соң билікті У-ди қолына алады. Чинь империясы 15 жылдан соң халық көтерілісінен кейін құлады. Билік үшін болған соғыстар мемлекеттің экономикасына кесірін тигізді. Жаңадан болған патша салықтарды азайтып шаруашылықты ретке келтіру шараларын қолданды. ІІ ғасырдың ортасында жалпы шаруашылық көтеріліп экономикалық байланыстар күшейе бастады. Мемлекеттік басқарманың күшеюі сыртқы саясаттың жетістіктері, мемлекеттің территориясының едәуір үлкейгені, бұның бәрі У-дидің Қытай тарихындағы «Алтын ғасырды» басқарғанын дәлелдеп отыр. Қытай патшалығы әлемнің ірі мемлекеттерінің қатарына қосылды. Тарихнамашы қызметі жоғары қызмет деп саналмайтын, өйткені чэнсян(бас кеңесші) көк жіпті күміс белгі тағып, ал тарихнамашы қола белгі қара жіпті тағатын. Бірақ құжаттардың бәрі тарихнамашыда болатын. Құжаттарды сақтаудан басқа бас тарихнамашы күнтізбе ойластыратын.  
05.12.2012 08:17 59268

Сыма Цяньның «Ши цзи» енбегі «Тарихи жазбалар» деп ол қайтыс болғаннан кейін аталды. Сыма Цянь өз шығармасын «Хан сарайының тарихнамасының кітабы »  «Тайшигун шу» деп атаған. Бұл шығармада көне салт-дәстурге деген құрмет көрсетілген. Көне Қытай тілінде «тарих» сөзінің түсінігі «ши» деп аталады. Оның бастапқы түрі - жазбаға арналған кесені ұстап тұрған қолды суреттейді, бастапқы мағынасыда осыдан шыққан - «жазба білетін адам». Бұндай жазбалардың көне үлгілері тасбақаның тасына және сүйектерге жазылған «Инь» жазулары. 

Шан шу Қытайдың көне тарихи ескерткішінің бірі, «Басшы сөзінің» жазбасын үлгі етіп ұсынады.
Қола ыдыстардағы жазулар тарихнамашының басшысының қасында жүріп бұйрықтарын хабарлап, астрологиямен, көріпкелдікпен айналысқанын дәлелдейді.
Жаксылыкпен жамандықты салыстыра отырып тарихнамашы кейіпкер-лермен болған жағдайларға баға берді. Сонымен қатар бұндай баға беруді тағы бір көне Қытай тарихнамашысы Чунь Цюмен байланыстыруға болады. Дәстүр бойынша Чунь Цюдің авторлығы  Конфуцияға жазылғанымен, негізінде Лу патшалығында болған оқиғалар жазылған. Чунь Цю көне Қытай жазбасының үлгісі, Лян Ци-чао оның ерекшеліктерін былай көрсетеді:
1. Әр жазба 40 иероглифтан аспайды бір иероглифтан құрылғандары да бар.
2. Әр жазба бір оқиғаға арналған және жазбаларда байланыс жоқ.
3. Чжухоу басшыларының кезінде болған оқиғалар көрсетілген.
4. Аппаттар, зілзала ай мен күннің тұтылуы туралы толық айтылған.
Бұрынғы жазбалардың ерекшелігі көрсетілгенмен оларға сараптама жасалмаған. Бұндай мақсат бірінші рет екі көне тарихи шығармада қойылған «Полибияның тарихында» және Сыма Цяньның «Тарихи жазбаларында». Бұл еңбектердің көп жерлері ұқсайды. Олардың авторлары замандас еді. Сонымен қатар Полибия мен Сыма Цяньның айырмашылығы бар. «Полибия-ның тарихында» бірнеше елдің тарихы жазылған (50 жылдық  кезеңмен шетеледі). «Тарихи жазбалар» б.э.д. ІІ-ғасырдың аяғында жазылған яғни Қытай тарихын көне заманнан автордың өмірінің аяғына дейін баяндайды (2000 жылдық эпоханы көрсетеді). 
«Тарихи жазбалар» 130 тараудан құралған, 500мың иероглифтен тұрады. Бұндай керемет еңбекті сол уақыттағы тарихнамада жалпы ғылымда білмеген.
«Тарихи жазбалар» Қытай тарихнамасының жаңа кезеңі болып табылады. «Тарихи жазбалар» тарихты зерттеуге әсерін тигізді. Сыма Цяньға дейін Қытайда 190 цзюань(том) тарихи шығармалар жазылса, Ши цзи шыққанан кейін олардың саны 235 цзюаньға жетті, 6 ғасырда  тарихи шығармалардың саны 16585 цзюаньға жетті, яғни бірнеше ғасырда 40 есе көбейген. Кітаптардың каталогына енген тарихи шығармалар ерекше бөлімге жазылға.
 
Әулеттің  дәстүрлері.
Чжоулық Сюань-ван басқарған кезде (б.з.д. 827-782жж) Сыма Цяньның аталарының бірі тарихнамашы қызметін атқарған. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл қызмет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Сыма Цяньның атасының аты күміс құмыраға жазылған. Б.э.д. VII ғасырда Сыма Цяньның аталары Чжоудан көшіп Цзин патшалығына қоныс аударды. Бес ғасырдан кейін Сыма Цяньның әкесі Сыма Тань дәстүрді қайта жалғастырды. Тань білімді кісі болған еді. Ол аты шыққан ғалымдардан астрология, философияны оқыды және классикалық философияны да керемет білген, оған дәлел оның «Алты философия мектебінің негізі» атты шығармасы. Б.з.д. 140 жылы Сыма Тань басты тарихнамашы қызметіне тағайындалады. 
Б.з.д. 80 жылдан кейін Қытаймен Цинь Ши-Хуанның біріккен орталық империясы қосылған соң билікті У-ди қолына алады. Чинь империясы 15 жылдан соң халық көтерілісінен кейін құлады. Билік үшін болған соғыстар мемлекеттің экономикасына кесірін тигізді. Жаңадан болған патша салықтарды азайтып шаруашылықты ретке келтіру шараларын қолданды. ІІ ғасырдың ортасында жалпы шаруашылық көтеріліп экономикалық байланыстар күшейе бастады. Мемлекеттік басқарманың күшеюі сыртқы саясаттың жетістіктері, мемлекеттің территориясының едәуір үлкейгені, бұның бәрі У-дидің Қытай тарихындағы «Алтын ғасырды» басқарғанын дәлелдеп отыр. Қытай патшалығы әлемнің ірі мемлекеттерінің қатарына қосылды. Тарихнамашы қызметі жоғары қызмет деп саналмайтын, өйткені чэнсян(бас кеңесші) көк жіпті күміс белгі тағып, ал тарихнамашы қола белгі қара жіпті тағатын. Бірақ құжаттардың бәрі тарихнамашыда болатын. Құжаттарды сақтаудан басқа бас тарихнамашы күнтізбе ойластыратын.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға