Жаңалықтар

Хайуанаттар бағы

Хайуанаттар бағы Чанг-Маи бағының көрмесі (Chiang Mai Zoo) Зоопарк қонақтары Барселона Аквариумы Хайуанаттар бағы, зоопарк – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі. Басты міндеті Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау. Тарихы Алғаш хайуанаттар бағы б.з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда («Білім бағы» деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18–19 ғасырларда ашылды (Венада 1752 жылы, Мадридте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде 1864 жылы, тағы басқа). Қазақстанның хайуанаттар бағы Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады. Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған. Жер көлмі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар. Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген  
05.12.2012 08:17 13672

Хайуанаттар бағы

Чанг-Маи бағының көрмесі (Chiang Mai Zoo)

Зоопарк қонақтары

Барселона Аквариумы

Хайуанаттар бағы, зоопарк – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.

Басты міндеті

Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау.

Тарихы

Алғаш хайуанаттар бағы б.з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда («Білім бағы» деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18–19 ғасырларда ашылды (Венада 1752 жылы, Мадридте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде 1864 жылы, тағы басқа).
Қазақстанның хайуанаттар бағы

Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған. Жер көлмі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар.

Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға