Жаңалықтар

Еуразия

Еуразия – Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-ы), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуропа мен Азиядан тұрады, арасындағы шартты шекара – Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азияға бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Жерінің үштен екісі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған километрге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг. Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Араб түбегі – Жер шарындағы ең ыстық (абсолюттік максимум 53ӘС) аудандардың қатарына жатады. Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын (жылына 12000 мм) түседі. Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың бестен бірі шоғырланған. Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың төрттен үші). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км2 жерге 1000 – 1500 адамнан келеді. Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Қазіргі кезде де әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.  
05.12.2012 08:16 44201

Еуразия – Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-ы), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуропа мен Азиядан тұрады, арасындағы шартты шекара – Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азияға бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік.
Жерінің үштен екісі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған километрге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.
Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Араб түбегі – Жер шарындағы ең ыстық (абсолюттік максимум 53ӘС) аудандардың қатарына жатады. Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын (жылына 12000 мм) түседі.
Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың бестен бірі шоғырланған.
Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың төрттен үші). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км2 жерге 1000 – 1500 адамнан келеді. Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек.
Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Қазіргі кезде де әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға