Жаңалықтар

Қытай казақтарының әлеуметтік мәдениетінің дамуы

Қазіргі замандағы мәдениеттің дамуы оқу-ағарту ісінің алға басуымен тығыз байланысты. Сондықтан,Қытайдағы қазақтардың білім беру саласының жалпы жағдайына тоқталайық. ҚХР-ның білім беру бағдарламасы «Бас бағдарламада» көрсетілген.Онда «Қытай Халық Республикасының мәдениет,білім беру істері жаңа демократиялық бағытта болады. яғни ұлттық, ғылыми және халықтық мәдени білім беру болып табылады» деп белгіленген. ҚХР үкіметі құрылғаннан кейін Қытайдың Гоминьдан кезіндегі білім беру саласына толығымен мемлекеттік басқару түзімін орнатты. Осыған орай Шынжаңдағы қазақтардың оқу-ағарту ісі де мемлекеттік басқаруға өтті. ҚХР құрылган алғашқы жылдары бұрынғы ескі мектептерді пайдаланумен қатар, жаңа мектептер ашылып, оқу жасына толған балалар жаппай мектепке тартылды. Сонымен қатар ересектерге сауатсыздықты жою қозғалысын жүргізіп, қазақтардың сауаттануына, білім алуына жақсы жағдай жасалды. Білім алуға құштар халқымыз сауат ашуға ұмтылып, балаларын мектепке беруге белсенді болды. Оның үстіне Қытайдағы қазақ жастарының білім алуы бұрынғы негізде жүргізілді. яғии өз ана тілінде, төте жазуда, Қазақстанда басылған оқулықтар бойынша білім берілді, олар тіл-жазу қолдануда ешқандай қиыншылықтарға ұшырамады. 1958 жылға дейін қазақтар коныстанған аудан, ауылдардың барлығында мектептер салынып, оқу жасындағы балалардың 90%-ы мектептерге барды. Орта мектеп бітірген қазақ жастары мемлекеттік және өлкелік жоғары оқу орындарына жіберілді. 1961 жылғы толық емес сандық мәліметке сүйенсек, «тек Үрімжідегі төрт жоғары оқу орнында - 642 студент, орта дәрежелі педучилищелерде 788 бала оқыған, ол 1949 жылғыдан 13.3 есе артқан; әр түрлі орта техникумдардағы қазақ жастарының саны 231 адамға жетіп, 1949 жылғыдан 55 есеге көбейген» көрінеді. ҚХР үкіметі 1957 жылы Маоның «Біздің білім беру бағдарымыз - білім алушыларды моральды, білікті және физиологиялық жақтан жетілгсн соңиалистік санадағы мәдени еңбекшілерге айналдыру» деген нұсқауын  мемлекеттік білім беру бағдары етіп белгіледі. Осы жылдан бастап Шынжаң оқу-ағарту мекемесі казақ бастауыш, орта мектептерінде қолданылатын оқулықтарды қытай мектептерінде қолданылатын оқулықтар негізінде кайта дайындау жұмысын қолға алды. Сондай-ақ, қазақтар қолданып келген араб графикасындағы төте жазуды латын әрпіне ауыстыру жоспары жасалды. 1960 жылдан бастап қазақ, ұйғыр мектептерінде қытайдың тілші ғалымдары латын әрпінде дайындаған оқулықтар қолдануға енгізілді. Сонымен, Шынжаңда көне жазу (төте жазу) жөне жаңа жазу (латын әрпі) қатар қолданылды. Қазақ тілінің ерекшелігі ескерілмей жасалған латыи әліпбиі балалардың білім алуына көп қиыншылықтар тудырды. Ақыры ол 1982 жылы токтатылып, тек төте жазу қолданыста қалды. Сонда да қазақ оқу-ағартуы 1966 жылға дейін жалпы даму үрдісінде болды деп айтуға тұрады, тек «мәдени революция» жылдарында (1966-1976 жж.) қазақ оқу-ағартуы да ауыр соққыға ұшырап, білім беру сапасы қатты төмендсді. 1978 жылдан бастап Қытайдың коғамдық-саяси жағдайының оңала бастауына байланысты білім, ғылым, техника саласы тез қарқынмен дами бастады. Сонымен, Қытайдағы қазақтардың да білім беру ісі жүйеге келтіріліп, бала-бақша тәрбиесінен бастауыш, орта мектеп, орта техникум және жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің қазақша жүйесі қалыптасты. 1982 жылдан бастап малшылардың балаларына арналған интернат-мектептер салынып, қазақ балаларынын білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Соның нәтижесінде «қазақ жан басынан әр он мың адамның 1733-і - бастауышта, 487-сі - орталауда, 190-ы - толық ортада, 23-І жоғары оқу орнында оқыды». Педагог зерттеуші ғалымдардың есебінше, қазақтардың әр түрлі мектептер мен жоғары, орта оқу орындарында білім алушыларының он мың адамдық салыстырмасы бүкіл Шынжаңнын он мың адамдык салыстырмасынан жоғары тұрады екен. Бұл сөздің де жаны бар, өйткені Шынжанда қазақ тілінде сабақ беруді негіз еткен үш педагогикалық училище және бір пединститут жұмыс жүргізеді. Бүл орындарда оқитын қазақ жастарының үлес салмағы 40 %-дан жоғары тұрады. ҚХР Шынжаң үкіметінің 1987 жылғы шешімімен соған дейінгі он жылдық білім беру (бес жыл - бастауыш, бес жыл -орта мектеп) жүйесі он екі жылдық (алты жыл - бастауыш, үш жыл - орталау, үш жыл - толық орта) білім беру жүйесіне өзгерді, қазақ, ұйғыр мектептерінде кытай тілі сабағының сағаты көбейтілді. Бірақ казақ, ұйғыр тілінде оқыған талапкерлер өз ана тілінде мемлекеттік емтихан тапсырып, конкурстарға түсуге ерікті болды. Сондай-ақ, оларды жоғары оқу орнына қабылдауда белгілі дәрежеде жеңілдіктер жасалады, Талапкерлерге өздерінің жинаған балдары бойынша әр дәрежелі жоғары оқу орындарына түсуге толық мүмкіндіктер берілген. Қытайда тоғыз жылдық міндетті білім беру тізімі жолға қойылған. Одан кейінгі жалғасты білім беру істері нарықтык қатынастарға байланыстырылған. 1997 жылдан бастап жоғары орта оқу орыңдарын, негізінен, ақылы оқытуға көшірді. Сондай-ақ, оқу бітірушілер өздері жұмыс табуға тиісті болды. Бұл жүйені колдану Қытай үшін, әрине, орынды. Бірақ экономикалық табысы шамалы, әлеуметтік жағдайы төмен болып келетін қазақтар үшін тым тиімсіз болды. Содан соң Қытайдағы қазақ жастарының толық орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуі киындай түсті, түскен күннің өзінде олардың мамандығына сәйкес жұмысқа орналасу мүмкіндігі азайып кетті. Соның салдарынан және қытай тілін оқуды асыра дәріптеуден қазақ балаларының қытай мектептеріне көптеп баруы соңғы жылдарда қазақ мектептерінің жабылуына немесе қазақ мектептеріндегі бала санының күрт азаюына әкеліп соқты. Бұл жағдайға көзі қарақты ата-аналар қатты алаңдайды, бірақ оған дәрменсіз екендіктерін мойындайды. Қытайдағы қазақтардың ақпарат, баспасөз істері 1950 жылдан бастап дами түсті. ҚХР 1950 жылы бұрыннан қалған ақпарат баспасөз мекемелері мен басылымдардың барлығына мемлекеттік басқару жүйесін орнатты. Соған орай Шынжаңда шығатын қазақ, ұйғыр тілдеріндегі басылымдардың барлығын ҚЮП Шынжаң өлкесі мен аймақтардың органдарына айнаддырды. Үрімжіден шығатын «Шынжаң газеті», Құлжадан жарық көретін «Алға» газеті 1951 жылдан «Іле газеті», Шәуешектен шығатын «Халықшы газеті» - «Тарбағатай газеті», Алтайдан (Сарсүмбеден) шығатын «Ерікті Алтай газеті» - «Алтай халқы», 1959 жылдан «Алтай газеті» деген атпен шығарылды. Сондай-ақ, бұл газеттердің бет саны көбейтіліп, мазмұндары кеңейтіліп, күнделікті шығарылды. Биліктің идеологиялық қажетіне қазақ халқының мәдени өмірінің сұранысы бойынша бірқатар жана газеттер де дүниеге келді. Мысалы, 1959 жылдың каңтарынан бастап оқушыларға арналған «Іле пионерлері» (Құлжада) газеті, 1974 жылдың қазан айынан бастап басшы кадрлар мен зиялыларға арналған «Пайдалану хабарлары» (Үрімжіде) газеті, 1984жылдың тамызынан бастап ғылым мен техника саласына арналған «Шынжаң ғылым-техника газеті» (Үрімжіде) сиякты газеттер қазақ тілінде шығарылды. Қазақ тілінде кітап шығаратын баспалар да XX ғасырдың 50-жылдары құрылып, замана талабына сай кобейіп отырды. 1951 жылы Үрімжіде «Шынжаң халык баспасы» қазақ редакция бөлімі құрылды; 1953 жылы Пекинде «Ұлттар баспасы» казак редакциясы бөлімі жұмыс істей бастады; 1956 жылы Үрімжіде «Шынжаң оқу-ағарту баспасы» мен «Шынжаң жастар-өрендер баспасы» қазақ редакциясы бөлімдері дүниеге келді; 1978 жылы Күйтін қаласында тек қазақ тілінде ғана кітап шығаратын «Іле халық баспасы» құрылды; 1982 жылы Үрімжіде «Ғылымды жалпыластыру баспасы» қазақ редакция бөлімі құрылды. Осы алты баспа Қытайдағы 1.5 миллиондай қазақтарға қажетті әр түрлі кітаптар шығарумен айналысып келеді. Қытайда қазақ тіліндегі мерзімді ресми басылымдар да 1950 жылдардан кейін дүниеге келе бастаған еді, қазір олар салалық жүйелерге жіктеліп шығатын болды. Олардың ең негізгілерін атап айтар болсақ, әдебиет саласында Үрімжіден 1953 жылдан бастап «Әдебиет - көркемөнер» атты айлық журнал шықты, 1959 жылдан ол «Шұғыла» деген атқа өзгерген, казірге дейін шығып келеді; 1979 жылдан бастап Құлжа қаласында «Іле айдыны» атты маусымдық әдеби журнал жарық көрді; 1980 жылдан Алтай қаласында «Алтай аясы» атты маусымдық әдеби журнал дүниеге келеді; 1982 жылдан Шәуешек қаласында «Тарбағатай» деген маусымдық әдеби журнал шыға бастады. Ал ауыз әдебиетіне арналған «Мұра» маусымдық журналы 1982 жылдан Үрімжіде жарық көріп келеді. Шетел әдебистіне арналған аударма әдебиетгерді басатын «Көкжиек» маусымдық журналы да Үрімжіде 1982 жылдан бері шығып келеді. Ғылым саласына арналған журналдар: 1979 жылдан Үрімжіде -«Ғылым бұлағы», 1980 жылдан - «Шынжаң мал шаруашылығы», 1983 жылдан Алтайда - «Ғылым және өнер», 1982 жылдан Үрімжіде — «Тіл  және аударма»,   1990 жылдан -  «Шынжаң коғамдық ғылымы», 1992 жылдан «Қоғамдық гылымдар мінбесі» қатарлы екі айда бір шығатын немесе маусымдық журналдар бар. Оку-ағарту саласы бойынша 1953 жылдан Үрімжіде -«Шынжан оқу-ағартуы», 1982 жылдан - «Шынжаң даше ғылыми жорналы», 1985 жылдан Құлжада - «Мектеп дене торбиесі» және 1984 жылдан «Іле педагогикалық институты ғылым журналы» қатарлы басылымдар жарық көріп келеді. Қоғамдық-саяси әмбебап журналдар: 1956 жылдан Құлжа қаласында - «Іле жастары», 1969 жылдан Пекинде - «Қызыл ту» (1981 жылдан бастап «Іздену» деген атқа өзгерген), 1990 жылдан «Ұлттар ынтымағы» қатарлы журналдар шыгып келеді. Егер Қытайдағы акпарат баспасөз тарихын зерттеушілерінің мәліметіне жүгінсек, XX ғасырдың 90-жылдарының орта шегіне дейін Қытайда қазақ тілінде «әшкере шығатын 11 газет, 30 журнал, ішкі жақтан таратылатын 3 газет, 10 журнал бар» екен» . Қытайдағы радио және теледидар қатарлы қазіргі заман техникасы да қазақ тілінде жұмыс істейді. XX гасырдың 50-жылдарынан бастап Пекиндегі Орталық халық радиосынан күніне екі сағат қазақ тілінде бағдарлама беріледі. Үрімжідегі Шынжаң халық радиосы мен аймақтық, аудандық радио станциялары да қазақ тілінде күнделікті жұмыс істейді, Қытайда қазақ тіліндс теледидардан хабар беру 1985 жылы Үрімжіде басталды. 1987 жылдан соң «Қазақ тіліндегі телебағдарламалар 8-арнада дербес берілетін болып тұрақтанды». 1990 жылдың ортасынан кейін Үрімжіде үш теледидар арнасы ор күні жалпы 30 сағаттан аса қазақ тілінде бағдарлама жүргізіп келеді. Жоғарыда келтірілген фактілер Қытайдағы казақ ақпарат баспасөз ісінің XX ғасырдың соңғы жартысыида айтарлықтай дамығандығын көрсетеді. Ал қазақ тіліндегі басылымдардын біртіндеп көбеюі ондағы казақ авторлар қатарының да молайғандығынан дерек береді. Сондай-ақ, олардың шығармашылық еңбектерін алып қарайтын болсақ, қазір Қытайда әдебиеттің әр жанрынан шығарма жазатын, қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдардың біраз саласынан зерттеу еңбектер жазатын казақ тілді жазушы, ақын, ғалымдар қатарының қалыптаскандығын толық    байқаймыз. Олардың еңбектерін саралап, бағамдауды бұл еңбегіміздің көлемі көтермейді, сонда да олардың шығармаларындағы бір ортақ қасиетті айтпауға болмайды, ол өз халқының тіл, жазуын, ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, ондағы қазақ қауымын замана талабына сай дамытуға қызмет ету болып табылады. Міне, Қытайдағы қазақ шенеуніктері мен зиялыларында осындай жауапкершілік болғандықтан, қазірге дейін ондағы қазақтардың өзіндік ұлттық мәдени ерекшеліктері сақталып келді деп қараймыз. Дегенмен, қазіргі кезде Қытайдағы қазақтардың мәдениеті замана қыспағына түсіп отырғандығын да айга кетуіміз керек. Қытайда нарықтық экономика жүйесінің қалыптасуына байланысты білім беру мен баспасөз саласына тауар қатынасынып енгізілуімен басталған бәсекеде қазақ мәдениеті ұлы қытай мәдениетінің қасында әлсіз де дәрменсіз күйге түсті. Қазақ балаларының мектептерге түсуі және жоғары сыныптарда оқу салыстырмасы соңғы жылдары күрт төмендеді. Оның себебі екеу: біріншісі - отбасылық табыстың төмен болуы; екіншіден, «қос тілде» білім беру жүйесінің қолданылуына байланысты қазақ балаларының қытай мектептеріне көптеп баруынан қазақ мектептеріндегі балалардың саны азайып, қазақ орта мектептері жылдан-жылға қысқарып барады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандары азайды, кейбір қазақ тіліндегі газет-журналдар «өзін-өзі бағаламай», табиғи түрде «өлуге» - жабылуға мәжбүр болуда. Бұл үрдіс әлі де жалғаса бермекші, сонда Қытайдағы қазақтардын ұлттық мәдениетінің ендігі жерде дамуы қиындай түседі деген сөз.  
05.12.2012 08:14 9509

Қазіргі замандағы мәдениеттің дамуы оқу-ағарту ісінің алға басуымен тығыз байланысты. Сондықтан,Қытайдағы қазақтардың білім беру саласының жалпы жағдайына тоқталайық.

ҚХР-ның білім беру бағдарламасы «Бас бағдарламада» көрсетілген.Онда «Қытай Халық Республикасының мәдениет,білім беру істері жаңа демократиялық бағытта болады. яғни ұлттық, ғылыми және халықтық мәдени білім беру болып табылады» деп белгіленген. ҚХР үкіметі құрылғаннан кейін Қытайдың Гоминьдан кезіндегі білім беру саласына толығымен мемлекеттік басқару түзімін орнатты. Осыған орай Шынжаңдағы қазақтардың оқу-ағарту ісі де мемлекеттік басқаруға өтті.

ҚХР құрылган алғашқы жылдары бұрынғы ескі мектептерді пайдаланумен қатар, жаңа мектептер ашылып, оқу жасына толған балалар жаппай мектепке тартылды. Сонымен қатар ересектерге сауатсыздықты жою қозғалысын жүргізіп, қазақтардың сауаттануына, білім алуына жақсы жағдай жасалды. Білім алуға құштар халқымыз сауат ашуға ұмтылып, балаларын мектепке беруге белсенді болды. Оның үстіне Қытайдағы қазақ жастарының білім алуы бұрынғы негізде жүргізілді. яғии өз ана тілінде, төте жазуда, Қазақстанда басылған оқулықтар бойынша білім берілді, олар тіл-жазу қолдануда ешқандай қиыншылықтарға ұшырамады. 1958 жылға дейін қазақтар коныстанған аудан, ауылдардың барлығында мектептер салынып, оқу жасындағы балалардың 90%-ы мектептерге барды. Орта мектеп бітірген қазақ жастары мемлекеттік және өлкелік жоғары оқу орындарына жіберілді. 1961 жылғы толық емес сандық мәліметке сүйенсек, «тек Үрімжідегі төрт жоғары оқу орнында - 642 студент, орта дәрежелі педучилищелерде 788 бала оқыған, ол 1949 жылғыдан 13.3 есе артқан; әр түрлі орта техникумдардағы қазақ жастарының саны 231 адамға жетіп, 1949 жылғыдан 55 есеге көбейген» көрінеді.

ҚХР үкіметі 1957 жылы Маоның «Біздің білім беру бағдарымыз - білім алушыларды моральды, білікті және физиологиялық жақтан жетілгсн соңиалистік санадағы мәдени еңбекшілерге айналдыру» деген нұсқауын  мемлекеттік білім беру бағдары етіп белгіледі. Осы жылдан бастап Шынжаң оқу-ағарту мекемесі казақ бастауыш, орта мектептерінде қолданылатын оқулықтарды қытай мектептерінде қолданылатын оқулықтар негізінде кайта дайындау жұмысын қолға алды. Сондай-ақ, қазақтар қолданып келген араб графикасындағы төте жазуды латын әрпіне ауыстыру жоспары жасалды. 1960 жылдан бастап қазақ, ұйғыр мектептерінде қытайдың тілші ғалымдары латын әрпінде дайындаған оқулықтар қолдануға енгізілді. Сонымен, Шынжаңда көне жазу (төте жазу) жөне жаңа жазу (латын әрпі) қатар қолданылды. Қазақ тілінің ерекшелігі ескерілмей жасалған латыи әліпбиі балалардың білім алуына көп қиыншылықтар тудырды. Ақыры ол 1982 жылы токтатылып, тек төте жазу қолданыста қалды. Сонда да қазақ оқу-ағартуы 1966 жылға дейін жалпы даму үрдісінде болды деп айтуға тұрады, тек «мәдени революция» жылдарында (1966-1976 жж.) қазақ оқу-ағартуы да ауыр соққыға ұшырап, білім беру сапасы қатты төмендсді.

1978 жылдан бастап Қытайдың коғамдық-саяси жағдайының оңала бастауына байланысты білім, ғылым, техника саласы тез қарқынмен дами бастады. Сонымен, Қытайдағы қазақтардың да білім беру ісі жүйеге келтіріліп, бала-бақша тәрбиесінен бастауыш, орта мектеп, орта техникум және жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің қазақша жүйесі қалыптасты. 1982 жылдан бастап малшылардың балаларына арналған интернат-мектептер салынып, қазақ балаларынын білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Соның нәтижесінде «қазақ жан басынан әр он мың адамның 1733-і - бастауышта, 487-сі - орталауда, 190-ы - толық ортада, 23-І жоғары оқу орнында оқыды». Педагог зерттеуші ғалымдардың есебінше, қазақтардың әр түрлі мектептер мен жоғары, орта оқу орындарында білім алушыларының он мың адамдық салыстырмасы бүкіл Шынжаңнын он мың адамдык салыстырмасынан жоғары тұрады екен. Бұл сөздің де жаны бар, өйткені Шынжанда қазақ тілінде сабақ беруді негіз еткен үш педагогикалық училище және бір пединститут жұмыс жүргізеді. Бүл орындарда оқитын қазақ жастарының үлес салмағы 40 %-дан жоғары тұрады.

ҚХР Шынжаң үкіметінің 1987 жылғы шешімімен соған дейінгі он жылдық білім беру (бес жыл - бастауыш, бес жыл -орта мектеп) жүйесі он екі жылдық (алты жыл - бастауыш, үш жыл - орталау, үш жыл - толық орта) білім беру жүйесіне өзгерді, қазақ, ұйғыр мектептерінде кытай тілі сабағының сағаты көбейтілді. Бірақ казақ, ұйғыр тілінде оқыған талапкерлер өз ана тілінде мемлекеттік емтихан тапсырып, конкурстарға түсуге ерікті болды. Сондай-ақ, оларды жоғары оқу орнына қабылдауда белгілі дәрежеде жеңілдіктер жасалады, Талапкерлерге өздерінің жинаған балдары бойынша әр дәрежелі жоғары оқу орындарына түсуге толық мүмкіндіктер берілген.

Қытайда тоғыз жылдық міндетті білім беру тізімі жолға қойылған. Одан кейінгі жалғасты білім беру істері нарықтык қатынастарға байланыстырылған. 1997 жылдан бастап жоғары орта оқу орыңдарын, негізінен, ақылы оқытуға көшірді. Сондай-ақ, оқу бітірушілер өздері жұмыс табуға тиісті болды. Бұл жүйені колдану Қытай үшін, әрине, орынды. Бірақ экономикалық табысы шамалы, әлеуметтік жағдайы төмен болып келетін қазақтар үшін тым тиімсіз болды. Содан соң Қытайдағы қазақ жастарының толық орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуі киындай түсті, түскен күннің өзінде олардың мамандығына сәйкес жұмысқа орналасу мүмкіндігі азайып кетті. Соның салдарынан және қытай тілін оқуды асыра дәріптеуден қазақ балаларының қытай мектептеріне көптеп баруы соңғы жылдарда қазақ мектептерінің жабылуына немесе қазақ мектептеріндегі бала санының күрт азаюына әкеліп соқты. Бұл жағдайға көзі қарақты ата-аналар қатты алаңдайды, бірақ оған дәрменсіз екендіктерін мойындайды.

Қытайдағы қазақтардың ақпарат, баспасөз істері 1950 жылдан бастап дами түсті. ҚХР 1950 жылы бұрыннан қалған ақпарат баспасөз мекемелері мен басылымдардың барлығына мемлекеттік басқару жүйесін орнатты. Соған орай Шынжаңда шығатын қазақ, ұйғыр тілдеріндегі басылымдардың барлығын ҚЮП Шынжаң өлкесі мен аймақтардың органдарына айнаддырды. Үрімжіден шығатын «Шынжаң газеті», Құлжадан жарық көретін «Алға» газеті 1951 жылдан «Іле газеті», Шәуешектен шығатын «Халықшы газеті» - «Тарбағатай газеті», Алтайдан (Сарсүмбеден) шығатын «Ерікті Алтай газеті» - «Алтай халқы», 1959 жылдан «Алтай газеті» деген атпен шығарылды. Сондай-ақ, бұл газеттердің бет саны көбейтіліп, мазмұндары кеңейтіліп, күнделікті шығарылды. Биліктің идеологиялық қажетіне қазақ халқының мәдени өмірінің сұранысы бойынша бірқатар жана газеттер де дүниеге келді. Мысалы, 1959 жылдың каңтарынан бастап оқушыларға арналған «Іле пионерлері» (Құлжада) газеті, 1974 жылдың қазан айынан бастап басшы кадрлар мен зиялыларға арналған «Пайдалану хабарлары» (Үрімжіде) газеті, 1984жылдың тамызынан бастап ғылым мен техника саласына арналған «Шынжаң ғылым-техника газеті» (Үрімжіде) сиякты газеттер қазақ тілінде шығарылды.

Қазақ тілінде кітап шығаратын баспалар да XX ғасырдың 50-жылдары құрылып, замана талабына сай кобейіп отырды. 1951 жылы Үрімжіде «Шынжаң халык баспасы» қазақ редакция бөлімі құрылды; 1953 жылы Пекинде «Ұлттар баспасы» казак редакциясы бөлімі жұмыс істей бастады; 1956 жылы Үрімжіде «Шынжаң оқу-ағарту баспасы» мен «Шынжаң жастар-өрендер баспасы» қазақ редакциясы бөлімдері дүниеге келді; 1978 жылы Күйтін қаласында тек қазақ тілінде ғана кітап шығаратын «Іле халық баспасы» құрылды; 1982 жылы Үрімжіде «Ғылымды жалпыластыру баспасы» қазақ редакция бөлімі құрылды. Осы алты баспа Қытайдағы 1.5 миллиондай қазақтарға қажетті әр түрлі кітаптар шығарумен айналысып келеді.

Қытайда қазақ тіліндегі мерзімді ресми басылымдар да 1950 жылдардан кейін дүниеге келе бастаған еді, қазір олар салалық жүйелерге жіктеліп шығатын болды. Олардың ең негізгілерін атап айтар болсақ, әдебиет саласында Үрімжіден 1953 жылдан бастап «Әдебиет - көркемөнер» атты айлық журнал шықты, 1959 жылдан ол «Шұғыла» деген атқа өзгерген, казірге дейін шығып келеді; 1979 жылдан бастап Құлжа қаласында «Іле айдыны» атты маусымдық әдеби журнал жарық көрді; 1980 жылдан Алтай қаласында «Алтай аясы» атты маусымдық әдеби журнал дүниеге келеді; 1982 жылдан Шәуешек қаласында «Тарбағатай» деген маусымдық әдеби журнал шыға бастады. Ал ауыз әдебиетіне арналған «Мұра» маусымдық журналы 1982 жылдан Үрімжіде жарық көріп келеді. Шетел әдебистіне арналған аударма әдебиетгерді басатын «Көкжиек» маусымдық журналы да Үрімжіде 1982 жылдан бері шығып келеді.

Ғылым саласына арналған журналдар: 1979 жылдан Үрімжіде -«Ғылым бұлағы», 1980 жылдан - «Шынжаң мал шаруашылығы», 1983 жылдан Алтайда - «Ғылым және өнер», 1982 жылдан Үрімжіде — «Тіл  және аударма»,   1990 жылдан -  «Шынжаң коғамдық ғылымы», 1992 жылдан «Қоғамдық гылымдар мінбесі» қатарлы екі айда бір шығатын немесе маусымдық журналдар бар.

Оку-ағарту саласы бойынша 1953 жылдан Үрімжіде -«Шынжан оқу-ағартуы», 1982 жылдан - «Шынжаң даше ғылыми жорналы», 1985 жылдан Құлжада - «Мектеп дене торбиесі» және 1984 жылдан «Іле педагогикалық институты ғылым журналы» қатарлы басылымдар жарық көріп келеді.

Қоғамдық-саяси әмбебап журналдар: 1956 жылдан Құлжа қаласында - «Іле жастары», 1969 жылдан Пекинде - «Қызыл ту» (1981 жылдан бастап «Іздену» деген атқа өзгерген), 1990 жылдан «Ұлттар ынтымағы» қатарлы журналдар шыгып келеді.

Егер Қытайдағы акпарат баспасөз тарихын зерттеушілерінің мәліметіне жүгінсек, XX ғасырдың 90-жылдарының орта шегіне дейін Қытайда қазақ тілінде «әшкере шығатын 11 газет, 30 журнал, ішкі жақтан таратылатын 3 газет, 10 журнал бар» екен» .

Қытайдағы радио және теледидар қатарлы қазіргі заман техникасы да қазақ тілінде жұмыс істейді. XX гасырдың 50-жылдарынан бастап Пекиндегі Орталық халық радиосынан күніне екі сағат қазақ тілінде бағдарлама беріледі. Үрімжідегі Шынжаң халық радиосы мен аймақтық, аудандық радио станциялары да қазақ тілінде күнделікті жұмыс істейді,

Қытайда қазақ тіліндс теледидардан хабар беру 1985 жылы Үрімжіде басталды. 1987 жылдан соң «Қазақ тіліндегі телебағдарламалар 8-арнада дербес берілетін болып тұрақтанды». 1990 жылдың ортасынан кейін Үрімжіде үш теледидар арнасы ор күні жалпы 30 сағаттан аса қазақ тілінде бағдарлама жүргізіп келеді.

Жоғарыда келтірілген фактілер Қытайдағы казақ ақпарат баспасөз ісінің XX ғасырдың соңғы жартысыида айтарлықтай дамығандығын көрсетеді. Ал қазақ тіліндегі басылымдардын біртіндеп көбеюі ондағы казақ авторлар қатарының да молайғандығынан дерек береді. Сондай-ақ, олардың шығармашылық еңбектерін алып қарайтын болсақ, қазір Қытайда әдебиеттің әр жанрынан шығарма жазатын, қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдардың біраз саласынан зерттеу еңбектер жазатын казақ тілді жазушы, ақын, ғалымдар қатарының қалыптаскандығын толық    байқаймыз. Олардың еңбектерін саралап, бағамдауды бұл еңбегіміздің көлемі көтермейді, сонда да олардың шығармаларындағы бір ортақ қасиетті айтпауға болмайды, ол өз халқының тіл, жазуын, ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, ондағы қазақ қауымын замана талабына сай дамытуға қызмет ету болып табылады. Міне, Қытайдағы қазақ шенеуніктері мен зиялыларында осындай жауапкершілік болғандықтан, қазірге дейін ондағы қазақтардың өзіндік ұлттық мәдени ерекшеліктері сақталып келді деп қараймыз.

Дегенмен, қазіргі кезде Қытайдағы қазақтардың мәдениеті замана қыспағына түсіп отырғандығын да айга кетуіміз керек. Қытайда нарықтық экономика жүйесінің қалыптасуына байланысты білім беру мен баспасөз саласына тауар қатынасынып енгізілуімен басталған бәсекеде қазақ мәдениеті ұлы қытай мәдениетінің қасында әлсіз де дәрменсіз күйге түсті. Қазақ балаларының мектептерге түсуі және жоғары сыныптарда оқу салыстырмасы соңғы жылдары күрт төмендеді. Оның себебі екеу: біріншісі - отбасылық табыстың төмен болуы; екіншіден, «қос тілде» білім беру жүйесінің қолданылуына байланысты қазақ балаларының қытай мектептеріне көптеп баруынан қазақ мектептеріндегі балалардың саны азайып, қазақ орта мектептері жылдан-жылға қысқарып барады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандары азайды, кейбір қазақ тіліндегі газет-журналдар «өзін-өзі бағаламай», табиғи түрде «өлуге» - жабылуға мәжбүр болуда. Бұл үрдіс әлі де жалғаса бермекші, сонда Қытайдағы қазақтардын ұлттық мәдениетінің ендігі жерде дамуы қиындай түседі деген сөз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға