Жаңалықтар

Хазар ескерткіштері

Хазар ескерткіштері — Хазар қағандығының құрамына енген тайпалардың археологиялық ескерткіштері (7 — 10 ғ-лар). Негізінен Дағыстан өлкесінде, Төм. Еділ, Дон өзендері алқаптарында, Азов т. маңында кеңінен тараған (қ. Салтов-маяцк мәдениеті). Үлкен аумаққа тарағандықтан Х. е. бірнеше жергілікті нұсқаларға бөлініп қарастырылған. Алғашқы қазба жұмыстарын Салтов қорымында 1900 ж. орта мектеп мұғалімі В.А. Бабенко бастады. Арнайы білімі мен дайындығы жоқ бұл адамның өз бетімен, ешқандай әдістемесіз жүргізген қазбалары іс жүзінде жерлеу ғұрпына байланысты көптеген маңызды деректердің ғылым аясынан тыс қалуына әкеп соқтырды. Мұнан соң, зерттеу жұмыстарын В.А. Городцов, А.И. Милютин, Н.Е. Макаренко қолға алып, Қазан төңкерісінен кейінгі негізгі ізденістерге М.И.Артамонов, И.И. Ляпушкин, П.А. Раппопорт, Н.Я. Мерперт, С.А. Плетнева, М.Г. Магомедов, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Жалпы саны 200-ден асатын, көп зерттелген Х. е. бірнеше түрге бөлінеді. Көлемі тым шағын уақытша тұрақтары, жалдармен күшейтілген қоныстары, тас қабырғалы бекіністі қоныстары, қорғанды қалалары, сондай-ақ антик. дәуір қоныстарының жұрттарында бой көтерген Қара т. бойындағы қалалар көп. Тарихи деректерде аты аталатын бұл қорғанды қалалар арасынан Саркел зерттелген. Сонымен қатар басқа да көптеген қалалары тікелей археол. ізденістер нәтижесінде белгілі болды. Хазар мемлекетінің алғашқы қалыптасу кезеңі ерекшеліктерін анықтауда Дағыстаннан табылған ескерткіштер аса маңызды. Мұнда Сулак өз. алқабындағы Чир-Юрт а. маңында ауд. 16 мың м2 аса ірі қала табылған. Ғалымдар хазарлардың алғашқы астанасы тарихи Беленжер осы қала болуы мүмкін деп есептейді. Бұған қоса Махачкала маңында, Терек өз. бойында (Ақташ, Азар, Некрасов), Солт. Кавказдың басқа да таулы және жазықты өлкелерінде көптеген қала орындары ашылған. Тихая Сосна өз-нің Донға құяр жерінде орналасқан Маяцк бекінісі тас қабырғаларының қалыңд. 7 м-ге барады, бекіністің аум. 8080 м, ал оның айналасын көлемді қоныс алып жатыр. Төм. Дондағы Оңжағалаулық Цимлян қалашығының пішіні үшбұрышты келген, шеттерінде және ортасында мұнаралары бар қабырғаларының ұз. 100120 м, қалыңд. 4 м. Қала іші үш бөлікке бөлініп, мұның екеуінде тұрғын үй-жайлар, шаруашылық құрылыстары орналасса, үшіншісінде мініс аттары қа-малатын болған. Донға құятын Сал өз. жағасындағы Семикаракор қалашығы формасы жағынан шаршы пішіндес, аум. 200200 м, қабырғалары шикі кірпіштен қаланған. Ортасына таман орналасқан цитадельдің аум. 7070 м. Қара т-дегі қалалар арасынан хазар мәдени қабаты Фанагория, Таман қалашықтарында анықталды. Антик. дәуірінде өркендеген көне Гермонесса қонысының жұртында бой көтерген Таман қалашығының мәдени қабатының жалпы қалыңд. 12 м-ден асады. Б.з.б. 4 ғ-дан бастап 18 ғ-ға дейін өмір сүрген бұл қаланың хазар кезеңіне жататын мәдени қабаты 2 м тереңдікте аршылған. Зерттеулер ортағасырлық орыс жылнамаларында Тмутаракань деп аталатын қаланың дәл осы ескерткіш екенін көрсетті. Плетнева бұл қаланың хазарлар арасындағы өз атауы Таматарха болуы мүмкін деген пікір ұсынды. Қоныс, қалаларда жүргізілген археол. қазбалар барысында хазарлар үй-жайларының бірнеше түрі болғандығы анықталды (киіз үй тәріздес дөңгелекше баспаналар, жеркепелер, жер үстіндегі тас қабырғалы үйлер). Салтов, Дмитриев, Зливкин, Маяцк, Ютанов, Төм. Лубянск, Багаев, Крым сияқты көптеп зерттелген зираттардан алынған мәліметтер бойынша жерлеу орындары бірнеше түрге жіктеледі. Катакомбалы қабірлер, обасыз шұңқыр қабірлер, оба астындағы лақатты немесе лақатсыз шұңқыр қабірлер кең тараған. Мүрдені өртеп жерлеу үрдісі де кездеседі. Х. е-нен алынған заттай деректер санының молдығы, әр түрлілігі, ақпараттылығы жағынан аса бағалы ғыл. олжа болып табылады. Түрлі құралдар, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар, алтын, күміс, қола, шыны әшекейлер хазар қоғамының пәрменді экономикасын, өнерін сипаттауға мүмкіндік берді. Мұның арасында, темірден соғылған соқа тістері мен орақ, кетпендердің, тас диірмендердің көп табылуы, сондай-ақ қазбалардан бидай, тары, арпа дәндерінің, жүзім сүйекшелерінің, бақша дақылдары тұқымдарының жиі кездесуі егіншіліктің биік деңгейін айғақтайды. Айрықша топты біз, кескіш, қайшы, тескіш, шапқы, балға, төс сияқты қолөнер құралдары құрайды. Қарудан қылыштар, қанжарлар, ауыр садақтың бөлшектері, садақ пен найза жебелері, айбалталар көптеп табылған. Хазар жауынгерінің тұрақты әлеум. белгісі — қола, күміс (кейде алтын жалатылады) қапсырмалы белдіктер арнаулы орынға ие. Ат әбзелдеріне жататын ауыздықтар мен үзеңгілер, айылбастар мен түрлі әшекейлі бұйымдар белгілі. Қыш ыдыстың түрлері көп, металл, ағаш ыдыстар да бар. Кейбір бұйымдарда, тастарда кездескен жазу үлгілері хазар қоғамында түркі халықтарында кеңінен тараған руна жазуы пайдаланылғанын дәлелдеп берді. Саркелді, т.б. қалаларда, кейбір қабірлерде табылған теңгелер арасында араб дирхемдері, византиялық мәнеттермен қатар, хазарлар өздері соғып-пайдаланған мәнеттердің де болуы маңызды жаңалық болды. Ғалымдардың пікірінше, ескерткіштердің таралуында бірнеше мәдени нұсқалардың болуы хазар одағына бірнеше этн. топтардың, яғни тайпалардың кіруімен байланысты. Мыс., кеңес ғалымдарының зерттеулерінде катакомбалы қабірлер алан тайпаларымен сәйкестендірілсе, обасыз қабірлер болғарларға, ал оба астындағы жерлеулер хазарларға жатқызылды.    
05.12.2012 08:12 4593

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға