Жаңалықтар

Облыс мәдениет үйлері

  Облыс мәдениет үйлері. Ақкөл ауд. мәдениет үйі 1971 ж. ашылған. Жалпы аум. 2883 м2, көрермендер отыратын 475 орындық акт залы, үйірме өткізетін бөлмелер, т.б. бар. «Сударушка» вокалдық ардагерлер, «Детство» вокалдық, қазақ фольклорлық, қазақ отбасылық, «Рахат», «Бозторғай» топтары, ұл балалар хоры, «Элегия» муз. студиясы, халық аспаптар оркестрі, «Тамаша» театр студиясы, бишілер тобы, көркем сөз оқу, көркемөнерпаздар үйірмелері, «Кому за 60...» ардагерлер клубы жұмыс істейді. Мәдениет үйінде концерттер, фестивальдар, байқаулар, муз. кештер, шоу-бағдарламалар өткізіліп тұрады.   Аршалы ауд. мәдениет үйі 2001 ж. ашылған. Аум. 650 м2, 215 орындық көрермендер залы бар. Акт залы, жеке бөлмелер, көркемөнерпаздар үйірмелері, В.Н. Зеленов атынд. халық ансамблі жұмыс істейді. 2005 ж. қазақ халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды. 2008 ж. «Дежавю» бишілер тобы, орыс халық аспаптар ансамблі, вокалдық әйелдер тобы құрылды. 2009 ж. Мәдениет үйінің «Мираж» бишілер ұжымының құрылғанына 10 жыл толды.   Атбасар ауд. мәдениет үйі. 1967 ж. құрылған. Жалпы аум. 3649,57 м2. 460 орындық көрермендер залы бар. Акт залы, жұмыс кабинеттері, көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді.   Біржан сал атынд. Еңбекшілдер ауд. мәдениет үйі. Степняк қ-нда орналасқан. Жалпы аум. 3214 м2. 380 орындық концерттік зал, жұмыс бөлмелері бар. 1974 ж. Тың игерудің 20-жылдық мерейтойына арналған обл. байқауда қалалық хор ұжымы мен хореогр. ансамбль 1-орынды жеңіп алды. «Времена года» тобы «Комсомольцы беспокойные сердца» байқауының лауреаты атанған (Петропавл, 1978). Ж.Нұржанов, Ж.Нұралин, В.Ремпель обл. байқаулардың (Көкшетау, 1979, 1988), «Коробейники» фольклорлық ансамблдердің обл. байқауының (Петропавл, 1999), «Көкек» ансамблі респ. байқаудың (Бурабай ауд. Оқжетпес а., 2004) жеңімпаздары. Обл. көркемөнерпаздар байқауында ауд. мәдениет үйі 5-орынды (2006), 4-орынды (2007), 6-орынды (2008) иеленді. Мәдениет үйінің бишілер ұжымы 2007 ж. Бұланды ауд-нда өткен «Звездопад талантов» байқауында гран-приді жеңіп алды.   Жақсы ауд. мәдениет үйі. Жақсы а-нда орналасқан. 1986 ж. құрылған. 300 орындық көрермендер залы, кітапханасы бар. 2007 ж. мұнда халық өнерпаздарының «Өнер — халық қазынасы», Ш.Қалдаяқовтың әндерінен «Ән аға — Шәмші аға» обл. байқаулары өткізілді. 2008 ж. Белағаш а-дық мәдениет үйінде обл. «Ақмола жұлдыздары» байқауы өткізілді.   Степногорск қ-ның «Горняк» орт. мәдениет сарайы. 1976 жылдан жұмыс істейді. Жалпы аум. 9377 м2. 820 және 260 орындық екі көрермендер залы, 1000 орындық мерекелік шаралар өткізетін, балет қойылымын көрсететін зал, шығарм. ұжымдардың жұмыс бөлмелері бар. Халық шығарм. ұжымдарының саны — 27. 9 ұжымның «халықтық» деген атағы, орыстың халық әндерін орындайтын 2 хор ұжымы бар. Сарай қаладағы барлық мерекелік шараларды өткізетін орын болып табылады. Сарайдың шығарм. ұжымы Степногорск қ-ның атынан басқа қалалардағы, облыстардағы респ. және халықар. байқауларға қатысады. «Радуга» клубының фотосуреттері Сингапурда (1988), Греноблде, Теміртауда (1989) өткен көрмелерге қатысып қайтты. «Радуга» халықтық би ұжымы Астана қ-ның ашылу салтанатында би билеп, Алматы қ-нда «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасына қатысқан (1995). Орыстың халық әндерін орындайтын хор ұжымы Жезқазған қ-ндағы, Германиядағы (1990) Халық хоры фестивалінде өнер көрсетті. Халық драма театры Қарағанды қ-нда өткен Көркемөнерпаздар театры фестивалінде 1-орын (1990) алып, Ақмола қ-нда өткен респ. фестивальдің жүлдегері (1991) атанды. Халықтық балет студиясы «Шабыт — 2000» байқауында 2 орын, «Жас қанат — 2001» байқауында гран-при жеңіп алса, әнші Ш.Шарипова көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әнші А.Данилова 2001 ж. Алматы қ-нда өткен «Біз — тәуелсіздіктің құрдастарымыз» байқауының жеңімпазы атанды. Р.Байғабылов пен «Нежность» триосы «Шабыт — 2002» байқауының дипломанты, ал «Магия» тобы «Жас қанат — 2008» байқауының финалында бақ сынасты. «Серпантин» спорттық би тобы аймақтық және халықар. байқауларда бірнеше рет жеңіске жеткен.    Үмбетей жырау атынд. Ерейментау ауд. мәдениет үйі 1984 ж. құрылған. 500 орындық көрермендер залы бар. 17 бөлімшесі, олардың екеуі ауылдық мәдениет үйлері және 15 ауыл клубы жұмыс істейді. Ауд. мәдениет үйі барлық бөлімшелері үшін әдістемелік жұмыстардың орт. болып табылады. 21 көркемөнерпаздар ұжымы, оның ішінде «Жастар», «Әжелер» халық ансамблі, халық хоры, т.б. бар.  
05.12.2012 08:10 5985

 

Облыс мәдениет үйлері. Ақкөл ауд. мәдениет үйі 1971 ж. ашылған. Жалпы аум. 2883 м2, көрермендер отыратын 475 орындық акт залы, үйірме өткізетін бөлмелер, т.б. бар. «Сударушка» вокалдық ардагерлер, «Детство» вокалдық, қазақ фольклорлық, қазақ отбасылық, «Рахат», «Бозторғай» топтары, ұл балалар хоры, «Элегия» муз. студиясы, халық аспаптар оркестрі, «Тамаша» театр студиясы, бишілер тобы, көркем сөз оқу, көркемөнерпаздар үйірмелері, «Кому за 60...» ардагерлер клубы жұмыс істейді. Мәдениет үйінде концерттер, фестивальдар, байқаулар, муз. кештер, шоу-бағдарламалар өткізіліп тұрады.
 
Аршалы ауд. мәдениет үйі 2001 ж. ашылған. Аум. 650 м2, 215 орындық көрермендер залы бар. Акт залы, жеке бөлмелер, көркемөнерпаздар үйірмелері, В.Н. Зеленов атынд. халық ансамблі жұмыс істейді. 2005 ж. қазақ халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды. 2008 ж. «Дежавю» бишілер тобы, орыс халық аспаптар ансамблі, вокалдық әйелдер тобы құрылды. 2009 ж. Мәдениет үйінің «Мираж» бишілер ұжымының құрылғанына 10 жыл толды.
 
Атбасар ауд. мәдениет үйі. 1967 ж. құрылған. Жалпы аум. 3649,57 м2. 460 орындық көрермендер залы бар. Акт залы, жұмыс кабинеттері, көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді.
 
Біржан сал атынд. Еңбекшілдер ауд. мәдениет үйі. Степняк қ-нда орналасқан. Жалпы аум. 3214 м2. 380 орындық концерттік зал, жұмыс бөлмелері бар. 1974 ж. Тың игерудің 20-жылдық мерейтойына арналған обл. байқауда қалалық хор ұжымы мен хореогр. ансамбль 1-орынды жеңіп алды. «Времена года» тобы «Комсомольцы беспокойные сердца» байқауының лауреаты атанған (Петропавл, 1978). Ж.Нұржанов, Ж.Нұралин, В.Ремпель обл. байқаулардың (Көкшетау, 1979, 1988), «Коробейники» фольклорлық ансамблдердің обл. байқауының (Петропавл, 1999), «Көкек» ансамблі респ. байқаудың (Бурабай ауд. Оқжетпес а., 2004) жеңімпаздары. Обл. көркемөнерпаздар байқауында ауд. мәдениет үйі 5-орынды (2006), 4-орынды (2007), 6-орынды (2008) иеленді. Мәдениет үйінің бишілер ұжымы 2007 ж. Бұланды ауд-нда өткен «Звездопад талантов» байқауында гран-приді жеңіп алды.
 
Жақсы ауд. мәдениет үйі. Жақсы а-нда орналасқан. 1986 ж. құрылған. 300 орындық көрермендер залы, кітапханасы бар. 2007 ж. мұнда халық өнерпаздарының «Өнер — халық қазынасы», Ш.Қалдаяқовтың әндерінен «Ән аға — Шәмші аға» обл. байқаулары өткізілді. 2008 ж. Белағаш а-дық мәдениет үйінде обл. «Ақмола жұлдыздары» байқауы өткізілді.
 
Степногорск қ-ның «Горняк» орт. мәдениет сарайы. 1976 жылдан жұмыс істейді. Жалпы аум. 9377 м2. 820 және 260 орындық екі көрермендер залы, 1000 орындық мерекелік шаралар өткізетін, балет қойылымын көрсететін зал, шығарм. ұжымдардың жұмыс бөлмелері бар. Халық шығарм. ұжымдарының саны — 27. 9 ұжымның «халықтық» деген атағы, орыстың халық әндерін орындайтын 2 хор ұжымы бар. Сарай қаладағы барлық мерекелік шараларды өткізетін орын болып табылады. Сарайдың шығарм. ұжымы Степногорск қ-ның атынан басқа қалалардағы, облыстардағы респ. және халықар. байқауларға қатысады. «Радуга» клубының фотосуреттері Сингапурда (1988), Греноблде, Теміртауда (1989) өткен көрмелерге қатысып қайтты. «Радуга» халықтық би ұжымы Астана қ-ның ашылу салтанатында би билеп, Алматы қ-нда «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасына қатысқан (1995). Орыстың халық әндерін орындайтын хор ұжымы Жезқазған қ-ндағы, Германиядағы (1990) Халық хоры фестивалінде өнер көрсетті. Халық драма театры Қарағанды қ-нда өткен Көркемөнерпаздар театры фестивалінде 1-орын (1990) алып, Ақмола қ-нда өткен респ. фестивальдің жүлдегері (1991) атанды. Халықтық балет студиясы «Шабыт — 2000» байқауында 2 орын, «Жас қанат — 2001» байқауында гран-при жеңіп алса, әнші Ш.Шарипова көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әнші А.Данилова 2001 ж. Алматы қ-нда өткен «Біз — тәуелсіздіктің құрдастарымыз» байқауының жеңімпазы атанды. Р.Байғабылов пен «Нежность» триосы «Шабыт — 2002» байқауының дипломанты, ал «Магия» тобы «Жас қанат — 2008» байқауының финалында бақ сынасты. «Серпантин» спорттық би тобы аймақтық және халықар. байқауларда бірнеше рет жеңіске жеткен. 
 
Үмбетей жырау атынд. Ерейментау ауд. мәдениет үйі 1984 ж. құрылған. 500 орындық көрермендер залы бар. 17 бөлімшесі, олардың екеуі ауылдық мәдениет үйлері және 15 ауыл клубы жұмыс істейді. Ауд. мәдениет үйі барлық бөлімшелері үшін әдістемелік жұмыстардың орт. болып табылады. 21 көркемөнерпаздар ұжымы, оның ішінде «Жастар», «Әжелер» халық ансамблі, халық хоры, т.б. бар.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға