Жаңалықтар

Ақкөл ауданы

  Ақкөл ауданы — облыстың орт. өңіріндегі әкімш. аудан. 1928 ж. құрылған. 1997 жылға дейін — Алексеев ауд. аталып келді. Аудан солт-нде Еңбекшілдер, солт.-батысында Бұланды, оңт-нде Шортанды, шығысында Ерейментау аудандарымен шектеседі. Солт.-шығысында Степногорск қ. орналасқан. Жерінің аумағы 6,9 мың км2. Тұрғыны 30 мың адам (2008). Халқының орташа тығызд. 1 км2 жерде 6 адам. Этник. құрамы: қазақтар — 11856, орыстар — 11689, украйндар — 1868, немістер — 1756, белорустар — 476, татарлар — 701, поляктар — 442, ингуштар — 90, шешендер — 83, башкирлер — 88, молдовандар — 84, әзербайжандар — 10, удмурттар — 62, кәрістер — 77, марилер — 24, мордвалар — 57, қалған ұлт өкілдері  436 адамды құрайды. Ауданда 1 қалалық, 9 ауылдық әкімш. округі бар. Аудан орт. — Ақкөл қ. А. а-ның жері (абс. биікт. 200 — 400 м) ұсақ шоқылы, белесті болып келеді. Орт. бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Пайдалы қазбалардан: алтын, гранит, қиыршықтас т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы — 17 — 18С, шілдеде 19 — 20С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 350 — 400 мм. Басты өзендері: Қалқұтан, Талқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, Балықтыкөл, Шортанкөл, Жарлыкөл. Жер асты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен атқарады. Топырағы карбонатты, сортаң, оңт-ке қарай қара. Өсімдіктерден: қызғылт және қылқан селеу, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. Орманының ауд. 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақ тиін, дала тышқаны, өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. Аудан орт-нда жөндеу-мех., темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт з-ттары, тұрмыстық қызмет көрсету комб., 3 орман ш., баспахана жұмыс істейді. А. а-ның тұрғындары негізінен астық және мал ш-мен шұғылданады. А.ш. жерінің ауд. 822974 га, оның 165886 га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. А.а-нда 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, ауд. мамандандырылған бірлестік, қожалық, акцион. және кооп. ш-тар құрылған. Егіншілікте негізінен дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал ш. бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. А.а-нда кәсіптік-тех. уч-ще, 34 мектеп, бала-бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауд. «Знамя Родины» газеті шығады. Аудан облыс орт. — Көкшетау қ., елді мекендермен темір және автомоб. жолдары арқылы қатынасады.  
05.12.2012 08:06 6088

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға