Жаңалықтар

Облыс кітапханалары.

  Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі (КҚАКЖ) 8 кітапханадан тұрады: Орт. қалалық, Орт. қалалық балалар мен жасөспірімдер, Қалалық қазақ, Красноярск қалалық, Қалалық стансалық, Қалалық көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған арнайы, Қалалық Көкшетау-2 ст-ның, Қалалық «Достар» мәдениет үйінің кітапханалары. Бұл кітапханалар жүйесінің кітап қорында 188,2 мыңнан аса кітап бар. Жылына 21 мыңға тарта оқырманға қызмет көрсетіліп, оларға 460 мың кітап беріледі. КҚАКЖ белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана және ұлттық мәдениет», «Ғасырлар үні бүгінде — тамыры кеткен тереңге», «Үлкен әлемге саяхат», «Кітапхана — балалардың оқу орталығы», «Отбасылық кітапхана». Бұл кітапханалар жүйесінде 36 қызметкер жұмыс істейді.   Ақкөл орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ОКЖ) 22 кітапхана кіреді. Олар қазіргі уақытта мәдениет және ақпарат орталығы болып табылады. АОКЖ 1976 жылдан жұмыс істейді. Мұндағы кітап қоры 299,2 мың дананы құрайды. Кітапханалар жыл сайын 12 мың оқырман мен ақпарат пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Жыл сайын оқырманға 270 мың кітап беріледі. Кітапханалар мынадай бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана — өлкелік ақпарат орталығы», «Кітапхана, Кітап. Біз». Кітапханаларда «Эрудит», «Милосердие», «Жас актер театры», «Алтын жас», т.б. клубтар жұмыс істейді. 2007 ж. кітапханалар жұмысын жеделдететін РАБИС бағдарламасын іске қосты. АОКЖ-нің Новорыбинский ауылдық кітапханасы модельдік кітапхана, оның кітап қоры 17392 дананы құрайды, жылына 600 оқырман мен пайдаланушыға қызмет көрсетіп, 12000 дана кітапты пайдаланушысына ұсынады. «Эстетикалық дамуды жетілдіру» жобасы бойынша жұмыс істейді. «Лира» клубы 20 жылдан астам уақыт оқырмандарына қызмет көрсетіп келеді. 37 кітапхана қызметкері жұмыс істейді.   Аршалы ОКЖ 27 кітапханадан тұрады, оның екеуі орт. және 25-і елді мекендерде орналасқан. Әрбір ауылдық кітапхана 16 мерзімді басылымға жазылып, алып тұрады. Жыл сайын кітапханалар жүйесі 9 мың оқырманды қабылдап, 200 мың сұранысты қанағаттандырады. Кітапханалар өлкетану; балалар мен ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізу орны; патриоттық, эстетик. және экол. тәрбие; отбасы бағыттарында жұмыс жасайды. «Арлекино», «Хозяюшка», «Қозғалыстағы қолдар», т.б. 15 клуб бар. Жүйенің 2 орт. және Михайлов ауылдық кітапханасы интернетке қосылған. Михайлов ауылдық кітапханасы — модельдік (2007 жылдан). Оның кітап қоры 15620 дана. Оқырмандарының саны 480, жыл сайын оқырманға 9330 кітап ұсынады. Модельдік кітапхана «Мен осы жерде туып-өскенмін» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Кітапханалар жүйесінде 33 қызметкер жұмыс жасайды.   Астрахан ОКЖ 17 кітапханадан тұрады, біреуі орт., 16-сы ауылдық жерлерде. Кітап қоры 100 мың дананы құрайды. Бұл кітапханалар жүйесі жылына 9 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырманға 174 мың дана кітап ұсынады. Аудан кітапханалары әдеби кітаптар оқу, қалың оқырманға ақпараттар жеткізу, қоғамның рухани және мәдени жаңаруы, жастарды патриоттық пен өнегелілікке тәрбиелеу бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл кітапханалар жүйесінде қалың оқырман үшін «Ақ босаға», «Отбасы», «Өлкетанушы», «Берегиня», т.б. клубтары жұмыс жасайды. АОКЖ-нде 23 қызметкер жұмыс жасайды.    Атбасар ОКЖ-нде 30 кітапхана бар, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балаларға арналған орт., 1 қалалық кітапхана — филиал, 1 балалар кітапханасы — филиал және 26 ауылдық кітапханалар. Бұл жүйеде 455 мың дана құжаттар сақталған. Кітапханалар жылына 16 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 381 мың данадан аса кітаптарды оқушысына ұсынады. Кітапханаларының басты бағыттары: өлкетану; тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуі; патриоттық, эстетик. және экол. тәрбие беру; отбасылық оқу. «Бұлақ», «Өлкетанушы», «Замандас», т.б. 15 клуб бар. Кітапханалар жүйесінде 41 қызметкер жұмыс жасайды.    Бұланды ОКЖ 30 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар кітапханасы, 3 қалалық, 25 ауылдық кітапханалар бар. Бұланды ОКЖ-нің кітап қоры 323,0 мың дана. Жылына 15 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 251,4 мың сұранысын қанағаттандырады. «Айналайын», «Өзіңді өзің емде», т.б. клубтары жұмыс істейді. Мұнда 39 қызметкер еңбек етеді.   Бурабай ОКЖ-нде 30 кітапхана бар, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 3 қалалық, 25 ауылдық кітапхана. Кітап қоры 379,0 мың дананы құрайды. Жүйе кітапханалары жылына 16,0 мың адамға қызмет көрсетіп, 354,0 мың дана кітапты оқырманға ұсынады. Кітапханалар жұмысының негізгі бағыты: өлкетану; патриоттық, құқықтық және экол. білім беру; салауатты өмір салтын насихаттау. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін кітапханалар «Менің шежірем: тарих, өлке, ауыл, отбасы», «Бала. Кітап. Отбасы», «Біз өз ортамызды өзіміз қалыптастырамыз», т.б. белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. ОКЖ-нде 40 қызметкер еңбек етеді.   Егіндікөл ОКЖ 13 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар кітапханасы және 11 ауылдық филиалдар. Кітап қоры 115,0 мың дананы құрайды. Әрбір ауылдық кітапханаларға 54 мерзімдік басылымдар келіп тұрады. Жүйе кітапханалары жыл сайын 4 мың оқырманды қабылдап, оқырманның 119 мың сұранысын қанағаттандырады. Жүйе кітапханалары ең бірінші тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау; интеллектуалды, ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру бағытында жұмыс істейді. Кітапханалардың оқу-ағарту және ақпараттық қызмет көрсетудегі негізгі бағыттары — өлкетану, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту, Қазақстан әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармаларын танымал ету болып табылады. «Шабыт», «Негеш?», «Қолөнер», ««Жарқырауық», «Бұлақ», «Үміт», «Айгөлек», «Сәуле», т.б. клубтар жұмыс істейді. Бауман ауылдық кітапханасына 2007 ж. модельдік кітапхана мәртебесі берілген. Бұл кітапхананың кітап қоры 7 мың дана. Оқырмандарының саны 500-ден асады, жылына 10,0 мың дана кітап беріледі. ОКЖ-нің 17 қызметкері бар.   Еңбекшілдер ОКЖ 24 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар, 22 ауылдық кітапхана. ОКЖ-нің кітап қоры 142,0 мың дананы құрайды. Кітапханалары жылына 8,0 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, 160 мың дана кітап ұсынады. Жүйе кітапханалары ең бірінші тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін тиімді жағдайлар жасау; интеллектуалды, ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру бағытында жұмыс істейді. Кітапханалардың оқу-ағарту және ақпараттық қызмет көрсетудегі негізгі бағыттары — өлкетану, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту, Қазақстан әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармаларын танымал ету. «Ақжаулық», «Шаңырақ», «Ертегілер», т.б. клубтар жұмыс істейді. ЕОКЖ-нің Жаңаауыл кітапханасына модельдік кітапхана мәртебесі берілген. Оның кітап қоры 5 мыңнан асады. Оқырмандарының саны 500-ден астам, жыл сайын олардың 8,0 мыңнан астам сұранысын қанағаттандырады. ОКЖ-нде 32 қызметкер еңбек етеді.   Ерейментау ОКЖ 17 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар, 1 жасөспірімдер, 14 ауылдық кітапхана. Ерейментау ОКЖ-нің кітап қоры 226,0 мың дананы құрайды, кітапханалары жылына 11,0 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандарына 238,7 мың дана кітап ұсынады. Ерейментау ОКЖ-нің жасөспірімдерге арналған кітапханасы белгіленген «Кітапхана және жасөспірім шақ», «Кітаппен дос болыңдар», «Кітап оқитын уақыт» бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Жүйе кітапханалары жұмысының басты бағыттары: ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талдау және насихаттау, өлкетану, экол. білім беру, ҚР-ның айтулы және мерекелік күндерін атап өту, т.б. ОКЖ-нің 24 қызметкері бар.    Есіл ОКЖ 18 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің қоры 118 мың дананы құрайды, жылына 11 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандардың 233 мың сұранысын қанағаттандырады. Оқырман қауымға сапалы қызмет көрсету үшін «Ауылым менің», «Атамұра», «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз», т.б. бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Кітапханалардың қызмет көрсетудегі басты бағыты: ҚР Үкіметінің мақалаларын, Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын, Қазақстан тарихы туралы әдебиеттерді насихаттау, ауыл тұрғындарының көркемөнерпаздық мәдениетін қалыптастыру, отбасылық салт-дәстүрлерді жаңғырту. ОКЖ-нде 22 қызметкер еңбек етеді.   Жақсы ОКЖ 22 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 313 мың дананы құрайды, жылына 12 мың адамға қызмет көрсетіп, 242 мың данадан астам сұраныстарын қанағаттандырады. Кітапхана жұмысының басты бағыты: ҚР Президентінің халыққа кезекті Жолдауын насихаттау, «Бір мемлекет — бір кітап» акциясына қатысу, ауд. «Менің шежірем» байқауын өткізу, халықпен қарым-қатынасты нығайту. ОКЖ-нің 31 қызметкері бар.   Жарқайың ОКЖ 22 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 278 мың дананы құрайды, жыл сайын 8 мың адамды қабылдап, оқырманға 168 мың дана кітап беріледі. ОКЖ-нің кітапханалары «Отбасылық-тұрмыстық мәдениет және отбасымен оқу орталығы», «Кітапхана — өлкетану орталығы» бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Кітапханаларында 29 қызметкер еңбек етеді.  Зеренді ОКЖ 21 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 105 мың дананы құрайды. Кітапханалары жыл сайын 12 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандардың 190 мың сұранысын қанағаттандырады. Жүйе кітапханалары жұмысының негізгі міндеттерінің бірі — оқырмандар арасында рухани-өнегелілік құндылықтарды, патриоттық, гуманистік сезімдерді, салауатты өмір салтын қалыптастыру және сақтауға насихаттау. Зеренді ОКЖ-нде 27 кітапхана қызметкері жұмыс істейді.    Қорғалжын ОКЖ 13 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 11 ауылдық кітапханалардан тұрады. Кітап қоры 75,3 мың дананы құрайды. Кітапханалар жылына 3 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандарға 56 мың дана кітап ұсынады. Жүйе кітапханалары жұмысының басты бағыты тарихи-мәдени мұраларды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау болып табылады. ОКЖ-нің 13 қызметкері бар.   Сандықтау ОКЖ 26 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 24 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің кітап қоры 196,2 мың дананы құрайды, жыл сайын 9 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 186,9 мың дана кітап береді. ОКЖ-нің кітапханалары белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: өлкетану орт., балалар оқу орт., отбасылық оқу орт., экол. мәдениет орт., мәдени қарым-қатынас орт., «21 ғасыр кітапханасы», т.б. Сандықтау ауд-нда Гвардейский және Широкое модельдік ауыл кітапханалары жұмыс істейді. Гвардейский модельдік кітапханасының кітап қоры 5623 дана. Жылына 300-ден аса оқырман келіп, 7 мың данаға дейін кітап беріледі. Кітапхана балалар оқу орт. ретінде жұмыс жасайды. Широкое модельдік ауыл кітапханасының кітап қоры 8 мың дананы құрап, жылына 200-ден аса оқырманды қабылдайды және оқырмандардың 4000-нан аса сұранысын қанағаттандырады. Кітапхана ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану орт. болып қалыптасқан. Сандықтау ОКЖ-нде 31 кітапхана қызметкері еңбек етеді.   Степногорск қаласының ОКЖ 8 кітапханадан, оның ішінде 1 орт. қалалық, 3 қалалық, 2 балалар, 2 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 393,2 мың дананы құрайды. Жылына 15,9 мың адамды қабылдап, оқырмандарға 401,5 мыңнан аса кітап беріледі. Жүйе кітапханалары белгіленген кешенді бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды: «Жастар және уақыт», « 21-ғасыр кітапханасы», «Кітап және отбасы», «Ауыл кітапханасы — тарихи ескерткіштердің, руханилықтың көзі». Кітапханалар жұмысының негізгі бағыты — жастармен, халықтың әлеум. жағынан қорғалмаған тобымен жұмыс істеу, өлкетанулық, патриоттық, құқықтық, экол. білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау. Қарабұлақ модельдік ауыл кітапханасының кітап қоры 15,0 мың данадан тұрады. Жылына 700-ден аса оқырманға қызмет көрсетіп, 28 мыңдай сұранысты қанағаттандырады. Степногорск қ-лық ОКЖ-нің 32 қызметкері бар.   Целиноград ОКЖ 13 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 12 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің кітап қоры 119 мың дананы құрайды. Жылына 3 мыңнан аса адамды қабылдап, оқырмандарға 87 мыңнан аса кітап ұсынады. Жүйенің кітапханалары белгіленген кешенді бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітаппен кездесуге асығу», «Любовь к Отечеству сквозь таинство страниц», «Жер ана — біздің ортақ үйіміз», «Из нашего прошлого для нашего будущего», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», т.б. Целиноград ОКЖ-нің 15 кітапхана қызметкері бар.   Шортанды ОКЖ 29 кітапханадан, 1 ауд., 2 балалар, 1 қалалық, 25 ауылдық кітапханадан тұрады. Шортанды ОКЖ-нің кітап қоры 354,7 мың данадан асады, жыл сайын 11 мыңнан аса оқырманды қабылдап, 252,8 мыңнан аса кітап беріледі. Жүйе кітапханалары жұмысының негізі оықрмандардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады Кітапханалары белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана — мәдениет және демалыс орталығы», «Қазақстанды таны!», «Кітапхана — өлкетану орталығы», «Отбасыңмен оқы». ОКЖ-нде 38 қызметкер еңбек етеді.  
05.12.2012 08:04 6259

 

Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі (КҚАКЖ) 8 кітапханадан тұрады: Орт. қалалық, Орт. қалалық балалар мен жасөспірімдер, Қалалық қазақ, Красноярск қалалық, Қалалық стансалық, Қалалық көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған арнайы, Қалалық Көкшетау-2 ст-ның, Қалалық «Достар» мәдениет үйінің кітапханалары. Бұл кітапханалар жүйесінің кітап қорында 188,2 мыңнан аса кітап бар. Жылына 21 мыңға тарта оқырманға қызмет көрсетіліп, оларға 460 мың кітап беріледі. КҚАКЖ белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана және ұлттық мәдениет», «Ғасырлар үні бүгінде — тамыры кеткен тереңге», «Үлкен әлемге саяхат», «Кітапхана — балалардың оқу орталығы», «Отбасылық кітапхана». Бұл кітапханалар жүйесінде 36 қызметкер жұмыс істейді.
 
Ақкөл орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне (ОКЖ) 22 кітапхана кіреді. Олар қазіргі уақытта мәдениет және ақпарат орталығы болып табылады. АОКЖ 1976 жылдан жұмыс істейді. Мұндағы кітап қоры 299,2 мың дананы құрайды. Кітапханалар жыл сайын 12 мың оқырман мен ақпарат пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Жыл сайын оқырманға 270 мың кітап беріледі. Кітапханалар мынадай бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана — өлкелік ақпарат орталығы», «Кітапхана, Кітап. Біз». Кітапханаларда «Эрудит», «Милосердие», «Жас актер театры», «Алтын жас», т.б. клубтар жұмыс істейді. 2007 ж. кітапханалар жұмысын жеделдететін РАБИС бағдарламасын іске қосты. АОКЖ-нің Новорыбинский ауылдық кітапханасы модельдік кітапхана, оның кітап қоры 17392 дананы құрайды, жылына 600 оқырман мен пайдаланушыға қызмет көрсетіп, 12000 дана кітапты пайдаланушысына ұсынады. «Эстетикалық дамуды жетілдіру» жобасы бойынша жұмыс істейді. «Лира» клубы 20 жылдан астам уақыт оқырмандарына қызмет көрсетіп келеді. 37 кітапхана қызметкері жұмыс істейді.
 
Аршалы ОКЖ 27 кітапханадан тұрады, оның екеуі орт. және 25-і елді мекендерде орналасқан. Әрбір ауылдық кітапхана 16 мерзімді басылымға жазылып, алып тұрады. Жыл сайын кітапханалар жүйесі 9 мың оқырманды қабылдап, 200 мың сұранысты қанағаттандырады. Кітапханалар өлкетану; балалар мен ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізу орны; патриоттық, эстетик. және экол. тәрбие; отбасы бағыттарында жұмыс жасайды. «Арлекино», «Хозяюшка», «Қозғалыстағы қолдар», т.б. 15 клуб бар. Жүйенің 2 орт. және Михайлов ауылдық кітапханасы интернетке қосылған. Михайлов ауылдық кітапханасы — модельдік (2007 жылдан). Оның кітап қоры 15620 дана. Оқырмандарының саны 480, жыл сайын оқырманға 9330 кітап ұсынады. Модельдік кітапхана «Мен осы жерде туып-өскенмін» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Кітапханалар жүйесінде 33 қызметкер жұмыс жасайды.
 
Астрахан ОКЖ 17 кітапханадан тұрады, біреуі орт., 16-сы ауылдық жерлерде. Кітап қоры 100 мың дананы құрайды. Бұл кітапханалар жүйесі жылына 9 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырманға 174 мың дана кітап ұсынады. Аудан кітапханалары әдеби кітаптар оқу, қалың оқырманға ақпараттар жеткізу, қоғамның рухани және мәдени жаңаруы, жастарды патриоттық пен өнегелілікке тәрбиелеу бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл кітапханалар жүйесінде қалың оқырман үшін «Ақ босаға», «Отбасы», «Өлкетанушы», «Берегиня», т.б. клубтары жұмыс жасайды. АОКЖ-нде 23 қызметкер жұмыс жасайды. 
 
Атбасар ОКЖ-нде 30 кітапхана бар, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балаларға арналған орт., 1 қалалық кітапхана — филиал, 1 балалар кітапханасы — филиал және 26 ауылдық кітапханалар. Бұл жүйеде 455 мың дана құжаттар сақталған. Кітапханалар жылына 16 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 381 мың данадан аса кітаптарды оқушысына ұсынады. Кітапханаларының басты бағыттары: өлкетану; тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуі; патриоттық, эстетик. және экол. тәрбие беру; отбасылық оқу. «Бұлақ», «Өлкетанушы», «Замандас», т.б. 15 клуб бар. Кітапханалар жүйесінде 41 қызметкер жұмыс жасайды. 
 
Бұланды ОКЖ 30 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар кітапханасы, 3 қалалық, 25 ауылдық кітапханалар бар. Бұланды ОКЖ-нің кітап қоры 323,0 мың дана. Жылына 15 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 251,4 мың сұранысын қанағаттандырады. «Айналайын», «Өзіңді өзің емде», т.б. клубтары жұмыс істейді. Мұнда 39 қызметкер еңбек етеді.
 
Бурабай ОКЖ-нде 30 кітапхана бар, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 3 қалалық, 25 ауылдық кітапхана. Кітап қоры 379,0 мың дананы құрайды. Жүйе кітапханалары жылына 16,0 мың адамға қызмет көрсетіп, 354,0 мың дана кітапты оқырманға ұсынады. Кітапханалар жұмысының негізгі бағыты: өлкетану; патриоттық, құқықтық және экол. білім беру; салауатты өмір салтын насихаттау. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін кітапханалар «Менің шежірем: тарих, өлке, ауыл, отбасы», «Бала. Кітап. Отбасы», «Біз өз ортамызды өзіміз қалыптастырамыз», т.б. белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. ОКЖ-нде 40 қызметкер еңбек етеді.
 
Егіндікөл ОКЖ 13 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар кітапханасы және 11 ауылдық филиалдар. Кітап қоры 115,0 мың дананы құрайды. Әрбір ауылдық кітапханаларға 54 мерзімдік басылымдар келіп тұрады. Жүйе кітапханалары жыл сайын 4 мың оқырманды қабылдап, оқырманның 119 мың сұранысын қанағаттандырады. Жүйе кітапханалары ең бірінші тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау; интеллектуалды, ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру бағытында жұмыс істейді. Кітапханалардың оқу-ағарту және ақпараттық қызмет көрсетудегі негізгі бағыттары — өлкетану, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту, Қазақстан әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармаларын танымал ету болып табылады. «Шабыт», «Негеш?», «Қолөнер», ««Жарқырауық», «Бұлақ», «Үміт», «Айгөлек», «Сәуле», т.б. клубтар жұмыс істейді. Бауман ауылдық кітапханасына 2007 ж. модельдік кітапхана мәртебесі берілген. Бұл кітапхананың кітап қоры 7 мың дана. Оқырмандарының саны 500-ден асады, жылына 10,0 мың дана кітап беріледі. ОКЖ-нің 17 қызметкері бар.
 
Еңбекшілдер ОКЖ 24 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар, 22 ауылдық кітапхана. ОКЖ-нің кітап қоры 142,0 мың дананы құрайды. Кітапханалары жылына 8,0 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, 160 мың дана кітап ұсынады. Жүйе кітапханалары ең бірінші тұрғындардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін тиімді жағдайлар жасау; интеллектуалды, ақпараттық сұраныстарды қанағаттандыру бағытында жұмыс істейді. Кітапханалардың оқу-ағарту және ақпараттық қызмет көрсетудегі негізгі бағыттары — өлкетану, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту, Қазақстан әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармаларын танымал ету. «Ақжаулық», «Шаңырақ», «Ертегілер», т.б. клубтар жұмыс істейді. ЕОКЖ-нің Жаңаауыл кітапханасына модельдік кітапхана мәртебесі берілген. Оның кітап қоры 5 мыңнан асады. Оқырмандарының саны 500-ден астам, жыл сайын олардың 8,0 мыңнан астам сұранысын қанағаттандырады. ОКЖ-нде 32 қызметкер еңбек етеді.
 
Ерейментау ОКЖ 17 кітапханадан тұрады, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 орт. балалар, 1 жасөспірімдер, 14 ауылдық кітапхана. Ерейментау ОКЖ-нің кітап қоры 226,0 мың дананы құрайды, кітапханалары жылына 11,0 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандарына 238,7 мың дана кітап ұсынады. Ерейментау ОКЖ-нің жасөспірімдерге арналған кітапханасы белгіленген «Кітапхана және жасөспірім шақ», «Кітаппен дос болыңдар», «Кітап оқитын уақыт» бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Жүйе кітапханалары жұмысының басты бағыттары: ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талдау және насихаттау, өлкетану, экол. білім беру, ҚР-ның айтулы және мерекелік күндерін атап өту, т.б. ОКЖ-нің 24 қызметкері бар. 
 
Есіл ОКЖ 18 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің қоры 118 мың дананы құрайды, жылына 11 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандардың 233 мың сұранысын қанағаттандырады. Оқырман қауымға сапалы қызмет көрсету үшін «Ауылым менің», «Атамұра», «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз», т.б. бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Кітапханалардың қызмет көрсетудегі басты бағыты: ҚР Үкіметінің мақалаларын, Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын, Қазақстан тарихы туралы әдебиеттерді насихаттау, ауыл тұрғындарының көркемөнерпаздық мәдениетін қалыптастыру, отбасылық салт-дәстүрлерді жаңғырту. ОКЖ-нде 22 қызметкер еңбек етеді.
 
Жақсы ОКЖ 22 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 313 мың дананы құрайды, жылына 12 мың адамға қызмет көрсетіп, 242 мың данадан астам сұраныстарын қанағаттандырады. Кітапхана жұмысының басты бағыты: ҚР Президентінің халыққа кезекті Жолдауын насихаттау, «Бір мемлекет — бір кітап» акциясына қатысу, ауд. «Менің шежірем» байқауын өткізу, халықпен қарым-қатынасты нығайту. ОКЖ-нің 31 қызметкері бар.
 
Жарқайың ОКЖ 22 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд. орталық, 1 балалар, 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 278 мың дананы құрайды, жыл сайын 8 мың адамды қабылдап, оқырманға 168 мың дана кітап беріледі. ОКЖ-нің кітапханалары «Отбасылық-тұрмыстық мәдениет және отбасымен оқу орталығы», «Кітапхана — өлкетану орталығы» бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Кітапханаларында 29 қызметкер еңбек етеді. 
Зеренді ОКЖ 21 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 20 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 105 мың дананы құрайды. Кітапханалары жыл сайын 12 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандардың 190 мың сұранысын қанағаттандырады. Жүйе кітапханалары жұмысының негізгі міндеттерінің бірі — оқырмандар арасында рухани-өнегелілік құндылықтарды, патриоттық, гуманистік сезімдерді, салауатты өмір салтын қалыптастыру және сақтауға насихаттау. Зеренді ОКЖ-нде 27 кітапхана қызметкері жұмыс істейді. 
 
Қорғалжын ОКЖ 13 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 11 ауылдық кітапханалардан тұрады. Кітап қоры 75,3 мың дананы құрайды. Кітапханалар жылына 3 мың адамға қызмет көрсетіп, оқырмандарға 56 мың дана кітап ұсынады. Жүйе кітапханалары жұмысының басты бағыты тарихи-мәдени мұраларды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау болып табылады. ОКЖ-нің 13 қызметкері бар.
 
Сандықтау ОКЖ 26 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 1 балалар, 24 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің кітап қоры 196,2 мың дананы құрайды, жыл сайын 9 мың оқырманға қызмет көрсетіп, 186,9 мың дана кітап береді. ОКЖ-нің кітапханалары белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: өлкетану орт., балалар оқу орт., отбасылық оқу орт., экол. мәдениет орт., мәдени қарым-қатынас орт., «21 ғасыр кітапханасы», т.б. Сандықтау ауд-нда Гвардейский және Широкое модельдік ауыл кітапханалары жұмыс істейді. Гвардейский модельдік кітапханасының кітап қоры 5623 дана. Жылына 300-ден аса оқырман келіп, 7 мың данаға дейін кітап беріледі. Кітапхана балалар оқу орт. ретінде жұмыс жасайды. Широкое модельдік ауыл кітапханасының кітап қоры 8 мың дананы құрап, жылына 200-ден аса оқырманды қабылдайды және оқырмандардың 4000-нан аса сұранысын қанағаттандырады. Кітапхана ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану орт. болып қалыптасқан. Сандықтау ОКЖ-нде 31 кітапхана қызметкері еңбек етеді.
 
Степногорск қаласының ОКЖ 8 кітапханадан, оның ішінде 1 орт. қалалық, 3 қалалық, 2 балалар, 2 ауылдық кітапханадан тұрады. Кітап қоры 393,2 мың дананы құрайды. Жылына 15,9 мың адамды қабылдап, оқырмандарға 401,5 мыңнан аса кітап беріледі. Жүйе кітапханалары белгіленген кешенді бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды: «Жастар және уақыт», « 21-ғасыр кітапханасы», «Кітап және отбасы», «Ауыл кітапханасы — тарихи ескерткіштердің, руханилықтың көзі». Кітапханалар жұмысының негізгі бағыты — жастармен, халықтың әлеум. жағынан қорғалмаған тобымен жұмыс істеу, өлкетанулық, патриоттық, құқықтық, экол. білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау. Қарабұлақ модельдік ауыл кітапханасының кітап қоры 15,0 мың данадан тұрады. Жылына 700-ден аса оқырманға қызмет көрсетіп, 28 мыңдай сұранысты қанағаттандырады. Степногорск қ-лық ОКЖ-нің 32 қызметкері бар.
 
Целиноград ОКЖ 13 кітапханадан, оның ішінде 1 ауд., 12 ауылдық кітапханадан тұрады. Жүйенің кітап қоры 119 мың дананы құрайды. Жылына 3 мыңнан аса адамды қабылдап, оқырмандарға 87 мыңнан аса кітап ұсынады. Жүйенің кітапханалары белгіленген кешенді бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітаппен кездесуге асығу», «Любовь к Отечеству сквозь таинство страниц», «Жер ана — біздің ортақ үйіміз», «Из нашего прошлого для нашего будущего», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», т.б. Целиноград ОКЖ-нің 15 кітапхана қызметкері бар.
 
Шортанды ОКЖ 29 кітапханадан, 1 ауд., 2 балалар, 1 қалалық, 25 ауылдық кітапханадан тұрады. Шортанды ОКЖ-нің кітап қоры 354,7 мың данадан асады, жыл сайын 11 мыңнан аса оқырманды қабылдап, 252,8 мыңнан аса кітап беріледі. Жүйе кітапханалары жұмысының негізі оықрмандардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады Кітапханалары белгіленген бағдарламалар бойынша жұмыс істейді: «Кітапхана — мәдениет және демалыс орталығы», «Қазақстанды таны!», «Кітапхана — өлкетану орталығы», «Отбасыңмен оқы». ОКЖ-нде 38 қызметкер еңбек етеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға