Жаңалықтар

Сүлеймен І

Ұлы I Сүлеймен (Османлы түрікшесі: سليمانا اول, түр. Birinci Süleyman, Kanuni Sultan Süleyman (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 5/6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды. Сүлеймен XVI ғасырдағы Еуропаның ең танымал монархы, әскери істердің қолбасшысы және Осман империясының ең көрнекті ханы болып табылады. Сүлеймен христиандық Еуропаға қарсы жорықтарды өзі басқарған. Сүлеймен ел басқару, білім, қылмыстық-құқықтық жөніндегі заңдарды өзі қадағалап шығарған. Оның «канунилық» құқықтары оның өлімінен кейін де бірнеше жылдар бойы қолданылған. Ол ақын, зергер болуымен қатар, Осман империясының әдеби әлемінің, сәулет өнерінің және көркемдік өнерінің дамуына зор үлесін қосқан. Сүлеймен қатарынан бес тілді жетік білген. Олар: османлыша, арабша, шағатайша (өзбекше мен ұйғырша арасындағы ежелгі түркі диалектісі), парсыша және сербше. Саясаты, сыртқы соғыстары Сүлеймен I 1494 жылы Трабзонда Селим I Сұлтан мен қырым ханы Меңлі Гирейдің қызы Айша Сұлтанның отбасында дүниеге келген. 1520 жылы сұлтан Селим I көз жұмғанда Сүлеймен Манисада наменгер болған. Ол османлы мемлекетін 26 жасында басқарды. Кардинал Уолси ол туралы Генрих VIII кезінде, Венеция елшісіне: «Бұл Сұлеймен сұлтан жиырма алты жаста, оның есі дұрыс, зерек және ол әкесі сияқты іс-әрекетке бармасына кім кепіл?» деді. Сүлеймен өз басқаруын, Селимнің шырмауында ұсталған, бірнеше жүз ақсүйек отбасынан шыққан, мысырлық тұтқындарды босатумен бастады. Еуропалықтар оның басшылығына қуанышты болды, бірақ Сүлеймен Селим сияқты қанішер болмағанымен, ол да жаулап алуды әкесінен кем жақсы көрмейтіндігін есепке алмады. Алғашында ол венециялықтармен достық қатынаста болды, және Венеция оның Венгрия мен Родосқа қарсы соғыс дайындығына қорқынышсыз қарады. Сүлеймен I Венгрия мен Чехияның королі Лайошқа (Лудвикке) өзіне алым-салық төлеуді талап етуге елші жіберді. Король сол кезде жас және өзінің барондарына қарсы дәрменсіз болған. Барондар түрік елшісін менсінбей келіссөзден бас тартып, зынданға тастады (кебір деректер бойынша — өлтірді), бұл сұлтанның соғыс ашуына сылтау болды. 1521 жылы Сүлейменнің әскері Дунайдағы күшті бекініс Шабацты алды және Белградты қоршады; Еуропалықтар венгрлерге көмек көрсеткісі келмеді. Белград соңына дейін қарсыласты; қала әскерінде 400 адам қалғанда, бекініс берілді, қорғаушылар опасыздықпен талқандалды. 1522 жылы Сүлеймен қалың қолын Родосқа түсірді, 25 желтоқсанда иоандық-рыцарьлардың басты қамалы тізе бүкті. Түріктер зор шығынға ұшырағанымен, Родос және жақын жатқан аралдар Порттың иелігінде болды. 1524 жылы Джиддадан шыққан түрік флоты, Қызыл теңізде португалдықтарды күйретті, сол жер осындай әрекетпен уақытша еуропалықтардан тазартылды. 6 жыл бойы түрікітердің вассалы болып келген Хайр-ад-Дин Барбаросса, 1525 жылдан бастап біржола Алжирде тұрақтап қалды; осы кезден бастап алжирлік флот Осман империясының теңіз шайқасындағы басты күшіне айналады. 1526 жылы Сүлеймен 100 мыңдық әскерін Венгрияға қарсы жорыққа жіберді; 1526 жылы 29 тамызда Мохаче маңындағы ұрыста түріктер Лайоштың әскерін талқандады, тіпті толықтай жойып жіберді, ал корольдің өзі қашып бара жатып батпаққа (болотоға) батып кетті. Венгрияның ойраны шықты, түріктер ондағы он мыңдаған тұрғындарды құлдыққа әкетіп жатты. Чехияны бұндай ауыртпалықтан тек австриялық Габсбурги әулетін бағындыруы құтқарды: осы кезден бастап Австрия мен Түркия арасында ұзаққа созылған соғыс басталды, ал ұрыс алаңы әрқашан дерлік Венгрия болып қалды. 1527—1528 жылдары түріктер Боснияны, Герцеговинаны және Славонияны жаулап алды, 1528 жылы венгрлік таққа үміткер Трансильванияның басшысы — Янош Запольяи өзін Сүлейменнің вассалымын деп мойындады. Оның құқықтарын қорғаймын деген сылтаумен Сүлеймен 1529 жылы тамызда Венгрияның астанасы Буданы басып алды да, ол жерден австриялықтарды қуып шықты, ал 1529 жылдың қыркүйегінде 120 мыңдық әскерінің басшылығымен Венаны қоршады, түріктің алдыңғы жасақтары Баварияға басып кірді. Империялық әскерлердің қызу қарсыластығы, сонымен қатар жаулаушылардың арасындағы індет және азық-түліктің жетіспеушілігі сұлтанның қоршауды түсіріп, Балқанға қарай шегінуіне мәжбүр етті[6]. Қайтар жолында Сүлеймен көптеген қалалар мен қамалдарды қиратып, мыңдаған тұтқындарды алып кетті. 1532—1533 жылдардағы жаңа австрия-түрік соғысы Кёсег қамалын қоршаумен ғана шектелді, оның ерлікпен қорғаушы шебі, Сүлейменнің Венаны қайта қоршауды көздеген жоспарын бұзды. Әлем бойынша Австрия Түріктердің шығыс және орталық Венгрияға үстемдігін мойындап, жыл сайын 30 мың дукат көлемінде алым-салық төлеуге міндеттенді. Сүлеймен осыдан кейін Венаға жорық жасауға әрекеттенбеді, өйткені бұл кезде оған тек австриялықтар ғана емес, испандықтар да қарсыласты: Германия королінің ағасы — Фердинанда I Австриялық — Испания королі және Қасиетті Рим империясының императоры Карл V болды. Алайда Сүлейменнің қуаттылығы соншалық, ол христиандық Еуропаның ең күшті деген одақтарына қарсы басқыншылық жорықтарды жетістікпен жүргізді.  
05.12.2012 07:56 9685

Ұлы I Сүлеймен (Османлы түрікшесі: سليمانا اول, түр. Birinci Süleyman, Kanuni Sultan Süleyman (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 5/6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды. Сүлеймен XVI ғасырдағы Еуропаның ең танымал монархы, әскери істердің қолбасшысы және Осман империясының ең көрнекті ханы болып табылады. Сүлеймен христиандық Еуропаға қарсы жорықтарды өзі басқарған.

Сүлеймен ел басқару, білім, қылмыстық-құқықтық жөніндегі заңдарды өзі қадағалап шығарған. Оның «канунилық» құқықтары оның өлімінен кейін де бірнеше жылдар бойы қолданылған. Ол ақын, зергер болуымен қатар, Осман империясының әдеби әлемінің, сәулет өнерінің және көркемдік өнерінің дамуына зор үлесін қосқан. Сүлеймен қатарынан бес тілді жетік білген. Олар: османлыша, арабша, шағатайша (өзбекше мен ұйғырша арасындағы ежелгі түркі диалектісі), парсыша және сербше.
Саясаты, сыртқы соғыстары
Сүлеймен I 1494 жылы Трабзонда Селим I Сұлтан мен қырым ханы Меңлі Гирейдің қызы Айша Сұлтанның отбасында дүниеге келген. 1520 жылы сұлтан Селим I көз жұмғанда Сүлеймен Манисада наменгер болған. Ол османлы мемлекетін 26 жасында басқарды. Кардинал Уолси ол туралы Генрих VIII кезінде, Венеция елшісіне: «Бұл Сұлеймен сұлтан жиырма алты жаста, оның есі дұрыс, зерек және ол әкесі сияқты іс-әрекетке бармасына кім кепіл?» деді.
Сүлеймен өз басқаруын, Селимнің шырмауында ұсталған, бірнеше жүз ақсүйек отбасынан шыққан, мысырлық тұтқындарды босатумен бастады. Еуропалықтар оның басшылығына қуанышты болды, бірақ Сүлеймен Селим сияқты қанішер болмағанымен, ол да жаулап алуды әкесінен кем жақсы көрмейтіндігін есепке алмады. Алғашында ол венециялықтармен достық қатынаста болды, және Венеция оның Венгрия мен Родосқа қарсы соғыс дайындығына қорқынышсыз қарады.
Сүлеймен I Венгрия мен Чехияның королі Лайошқа (Лудвикке) өзіне алым-салық төлеуді талап етуге елші жіберді. Король сол кезде жас және өзінің барондарына қарсы дәрменсіз болған. Барондар түрік елшісін менсінбей келіссөзден бас тартып, зынданға тастады (кебір деректер бойынша — өлтірді), бұл сұлтанның соғыс ашуына сылтау болды.
1521 жылы Сүлейменнің әскері Дунайдағы күшті бекініс Шабацты алды және Белградты қоршады; Еуропалықтар венгрлерге көмек көрсеткісі келмеді. Белград соңына дейін қарсыласты; қала әскерінде 400 адам қалғанда, бекініс берілді, қорғаушылар опасыздықпен талқандалды. 1522 жылы Сүлеймен қалың қолын Родосқа түсірді, 25 желтоқсанда иоандық-рыцарьлардың басты қамалы тізе бүкті. Түріктер зор шығынға ұшырағанымен, Родос және жақын жатқан аралдар Порттың иелігінде болды. 1524 жылы Джиддадан шыққан түрік флоты, Қызыл теңізде португалдықтарды күйретті, сол жер осындай әрекетпен уақытша еуропалықтардан тазартылды. 6 жыл бойы түрікітердің вассалы болып келген Хайр-ад-Дин Барбаросса, 1525 жылдан бастап біржола Алжирде тұрақтап қалды; осы кезден бастап алжирлік флот Осман империясының теңіз шайқасындағы басты күшіне айналады.
1526 жылы Сүлеймен 100 мыңдық әскерін Венгрияға қарсы жорыққа жіберді; 1526 жылы 29 тамызда Мохаче маңындағы ұрыста түріктер Лайоштың әскерін талқандады, тіпті толықтай жойып жіберді, ал корольдің өзі қашып бара жатып батпаққа (болотоға) батып кетті. Венгрияның ойраны шықты, түріктер ондағы он мыңдаған тұрғындарды құлдыққа әкетіп жатты. Чехияны бұндай ауыртпалықтан тек австриялық Габсбурги әулетін бағындыруы құтқарды: осы кезден бастап Австрия мен Түркия арасында ұзаққа созылған соғыс басталды, ал ұрыс алаңы әрқашан дерлік Венгрия болып қалды. 1527—1528 жылдары түріктер Боснияны, Герцеговинаны және Славонияны жаулап алды, 1528 жылы венгрлік таққа үміткер Трансильванияның басшысы — Янош Запольяи өзін Сүлейменнің вассалымын деп мойындады. Оның құқықтарын қорғаймын деген сылтаумен Сүлеймен 1529 жылы тамызда Венгрияның астанасы Буданы басып алды да, ол жерден австриялықтарды қуып шықты, ал 1529 жылдың қыркүйегінде 120 мыңдық әскерінің басшылығымен Венаны қоршады, түріктің алдыңғы жасақтары Баварияға басып кірді. Империялық әскерлердің қызу қарсыластығы, сонымен қатар жаулаушылардың арасындағы індет және азық-түліктің жетіспеушілігі сұлтанның қоршауды түсіріп, Балқанға қарай шегінуіне мәжбүр етті[6]. Қайтар жолында Сүлеймен көптеген қалалар мен қамалдарды қиратып, мыңдаған тұтқындарды алып кетті. 1532—1533 жылдардағы жаңа австрия-түрік соғысы Кёсег қамалын қоршаумен ғана шектелді, оның ерлікпен қорғаушы шебі, Сүлейменнің Венаны қайта қоршауды көздеген жоспарын бұзды. Әлем бойынша Австрия Түріктердің шығыс және орталық Венгрияға үстемдігін мойындап, жыл сайын 30 мың дукат көлемінде алым-салық төлеуге міндеттенді. Сүлеймен осыдан кейін Венаға жорық жасауға әрекеттенбеді, өйткені бұл кезде оған тек австриялықтар ғана емес, испандықтар да қарсыласты: Германия королінің ағасы — Фердинанда I Австриялық — Испания королі және Қасиетті Рим империясының императоры Карл V болды. Алайда Сүлейменнің қуаттылығы соншалық, ол христиандық Еуропаның ең күшті деген одақтарына қарсы басқыншылық жорықтарды жетістікпен жүргізді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға