Жаңалықтар

Аю қақпан

  Аю қақпан - аю ұстауға арналған көлемі үлкен қақпан түрі. Аю қақпанының тісі екі түрлі: бірі - ара тісті, екіншісі - айқаспалы қабан тісті. Мұндай қақпанның серперіне айталсоқ салынып, шығырығына шынжыр, ұшына үлкен тоқпақ байланады. Өр Алтайда тұратын аңшы Қ.Өздепбайұлы туралы деректі хикаяда аюға қақпан құруды былай суреттейді: «Құрастыру үшін, алдымен бір жаң серперге шынжыр іліп, онан соң серпердің ұңғылы басын шаппа жақтауына кигізіп тұрып, жақтаудың тесігінен бақай қарғашасының іш жағына салып мұрындықтап, онан соң мұрындықтың басын мықты етіп тойтарып тастайды. Серпер басының жақтауға киіліп тұрған шығырыңша ұңғысы қашан құрылып шақанда іркіліссіз жоғары-төмен сырғитын болады. Ең соңғы мұрындық бекітілген соң қақпан құрастырылып болды деген сөз». Аю қақпанын құрған кезде қауіпсіздік үшін құлып деп аталатын қосымша құрылғыны пайдаланады. Ол кұлыпқа онша ұқсамайды, керісінше, сабы және ұңғысы бар. Серпер бүктелген кезде құлыптың ұңғысын сыртынан кигізіп, серпердің түбіне дейін сыналап апарады. Содан кейін тиекті әбден бекітіп, қакпанды құрып алғаннан кейін ғана кұлыпты серперден алып тастайды. Аю қақпанды аю ізі түскен жерге апарып кұрады. Аю ұстаған аңын қашықтау жерге апарып көміп, үстіне бастырып, жан-жағын шөп-шаламмен көміп ізін жасыратын әдеті бар. Ондайда қақпан құратын аңшы алдымен жемтіктің үстіне қарағай бұтақтарынан күркеше жасайды. Жығылған ағашты қақпанның шынжырын байлайтын тоқпақ етіп бекітеді. Алыстан бақылағанда күркеше бұзылса қақпанға аю түскенін білдіреді. Қақпанды сүйретіп кетеді де, көбінесе әлсіреген кезде қақпанның шынжырлы тоқпағы өсіп тұрған ағаштарға ілінеді. Кейде, қақпанды сүйретіп, жығылған ағаштың жерге тиген бауырына шынжыры қыстырылып, арқандалып қалады. Бұрын қақпанға түсіп кұтылған аю болса темірдің исін және қақпанның шабылатынын біліп, серперінен ұстап сырғытып қоятындары да болады дейді мәлімет беруші аңшылар. Қақпанға түскен аю маңайындағы ағаш, шілік, шөптің барлығын жапырып тастайды. Аю қақпанға түскенін анықтаған соң оншақты мықты жігіт жиналып, қолына мылтық немесе сойыл мен балта ұстап, соғуға барады. Мұндайда, аю айбар көрсетіп, тік шапшып, адамды көрген кезде ашуланып бұлқынып, шынжырындағы тоқпақты аю өзі тартып суырып алып, адамдарға қарсы ұмтылуы да мүмкін. Бір-бірлеп оңтайлы бір жерді таңдап алып, аюға жақындап, қарсы ұмтылып тұрған аюды сойылмен ұрып, өткір айбалтамен шауып жібереді. Осылайша құлаған аюды сойып, ет, майын бөліп алады.
05.12.2012 07:53 5249

 

Аю қақпан - аю ұстауға арналған көлемі үлкен қақпан түрі. Аю қақпанының тісі екі түрлі: бірі - ара тісті, екіншісі - айқаспалы қабан тісті. Мұндай қақпанның серперіне айталсоқ салынып, шығырығына шынжыр, ұшына үлкен тоқпақ байланады. Өр Алтайда тұратын аңшы Қ.Өздепбайұлы туралы деректі хикаяда аюға қақпан құруды былай суреттейді: «Құрастыру үшін, алдымен бір жаң серперге шынжыр іліп, онан соң серпердің ұңғылы басын шаппа жақтауына кигізіп тұрып, жақтаудың тесігінен бақай қарғашасының іш жағына салып мұрындықтап, онан соң мұрындықтың басын мықты етіп тойтарып тастайды. Серпер басының жақтауға киіліп тұрған шығырыңша ұңғысы қашан құрылып шақанда іркіліссіз жоғары-төмен сырғитын болады. Ең соңғы мұрындық бекітілген соң қақпан құрастырылып болды деген сөз».

Аю қақпанын құрған кезде қауіпсіздік үшін құлып деп аталатын қосымша құрылғыны пайдаланады. Ол кұлыпқа онша ұқсамайды, керісінше, сабы және ұңғысы бар. Серпер бүктелген кезде құлыптың ұңғысын сыртынан кигізіп, серпердің түбіне дейін сыналап апарады. Содан кейін тиекті әбден бекітіп, қакпанды құрып алғаннан кейін ғана кұлыпты серперден алып тастайды. Аю қақпанды аю ізі түскен жерге апарып кұрады. Аю ұстаған аңын қашықтау жерге апарып көміп, үстіне бастырып, жан-жағын шөп-шаламмен көміп ізін жасыратын әдеті бар. Ондайда қақпан құратын аңшы алдымен жемтіктің үстіне қарағай бұтақтарынан күркеше жасайды. Жығылған ағашты қақпанның шынжырын байлайтын тоқпақ етіп бекітеді. Алыстан бақылағанда күркеше бұзылса қақпанға аю түскенін білдіреді. Қақпанды сүйретіп кетеді де, көбінесе әлсіреген кезде қақпанның шынжырлы тоқпағы өсіп тұрған ағаштарға ілінеді. Кейде, қақпанды сүйретіп, жығылған ағаштың жерге тиген бауырына шынжыры қыстырылып, арқандалып қалады. Бұрын қақпанға түсіп кұтылған аю болса темірдің исін және қақпанның шабылатынын біліп, серперінен ұстап сырғытып қоятындары да болады дейді мәлімет беруші аңшылар. Қақпанға түскен аю маңайындағы ағаш, шілік, шөптің барлығын жапырып тастайды. Аю қақпанға түскенін анықтаған соң оншақты мықты жігіт жиналып, қолына мылтық немесе сойыл мен балта ұстап, соғуға барады. Мұндайда, аю айбар көрсетіп, тік шапшып, адамды көрген кезде ашуланып бұлқынып, шынжырындағы тоқпақты аю өзі тартып суырып алып, адамдарға қарсы ұмтылуы да мүмкін. Бір-бірлеп оңтайлы бір жерді таңдап алып, аюға жақындап, қарсы ұмтылып тұрған аюды сойылмен ұрып, өткір айбалтамен шауып жібереді. Осылайша құлаған аюды сойып, ет, майын бөліп алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға