Жаңалықтар

Әскери ғылым

  Әскери ғылым — әскери өнері мен жауынгерлік даярлық мәселелерін зерттейтін ғылымдар. Жалпы әскери істі, жүріп жатқан немесе болуы мүмкін соғыстың әскери-стратегиялық сипаты мен заңдылықтарын, соғысушы немесе соғысуы мүмкін қарсылас жақтардың мақсатын, әскери күш-қуатын, құрамын, әскери-тех., саяси-моральдық ахуалы мен соғыс жүргізу тәсілдерін т.б. әскери мәселелерді зерттейді. Ол, сондай-ақ, Қарулы Күштер құрылымының теориялық негіздері мен тәжірибесін қалыптастырады, соғыс өнерінің даму бағдарын анықтайды, Қарулы Күштер түрлері әскери іс-қимылдарының мейлінше тиімді әдістері мен формаларын іздестіреді және олардың жан-жақты қамтамасыз етілу мәселелерін қарастырады. Саяси мақсат-мүдделерге байланысты қарсыласқа  айналуы ықтимал жақтың және өз Қарулы Күштері мен одақтастарының әскери күш-қуатын, ғылыми-тех. жетістіктері мен экон. мүмкіндіктерін сараптайды. Қазіргі Ә. ғ-ның негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады: ұрыс қимылдарын жүргізудің, әскери техникаларды қолданудың теориясы мен іс-тәжірибесін қамтитын әскери өнері (тактика, стратегия т.б.); қарулы күштердің ұйымдастырылуы және азаматтардың әскери даярлығы мәселелерімен шұғылданатын әскери құрылыс теориясы; Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамын әскери оқыту-үйрету және тәрбиелеу теориясы (әскери педагогика, әскери психология); Қарулы Күштерді материалдық-тех. жағынан жабдықтау және қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын әскери экономика теориясы; соғыстар мен соғыс өнерінің тарихын зерттейтін әскери тарих; әскери іс-әрекеттер аймағы, кейбір елдердің геогр. орналасу ерекшеліктерінің соғыс қимылдарын жүргізудегі маңызын, әскери топография мәселелерімен шұғылданатын әскери география; әскери қызметшілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, соғыста жараланған және ауырған адамдарға көмек беру, Қарулы Күштерді мед. жабдықтау және оның жауынгерлік құрамына мед. жәрдем беру ісін ұйымдастыру, әскери денсаулық сақтау саласының теориясы мен іс-тәжірбиелерін зерттеу және жетілдіру ісімен айналысатын әскери медицина; әскери іс-қимылдардың демогр. дамуға қатысты мәселелерін қарастыратын әскери демография және т.б. Ә.ғ-ның жетістіктері мемлекеттік әскери доктринасын жасау барысында пайдаланылады. Қазақ халқының дәстүрлі әскери өнерінен және қазіргі заманғы отандық қолбасшылар мен ғалымдар (қ. Бауыржан Момышұлы, Л.Қ. Бақаев) еңбектерінен бастау алатын қазақ отандық төл Ә. ғ. 20 ғ-дың ақырында ғана қалыптаса бастады. Республикада ғалым Л.Қ. Бақаев Ә. ғ. саласында алғашқылардың бірі болып, докторлық диссертация қорғаған (1997). С. Көшімбаев    
05.12.2012 07:50 6669

 

Әскери ғылым — әскери өнері мен жауынгерлік даярлық мәселелерін зерттейтін ғылымдар. Жалпы әскери істі, жүріп жатқан немесе болуы мүмкін соғыстың әскери-стратегиялық сипаты мен заңдылықтарын, соғысушы немесе соғысуы мүмкін қарсылас жақтардың мақсатын, әскери күш-қуатын, құрамын, әскери-тех., саяси-моральдық ахуалы мен соғыс жүргізу тәсілдерін т.б. әскери мәселелерді зерттейді. Ол, сондай-ақ, Қарулы Күштер құрылымының теориялық негіздері мен тәжірибесін қалыптастырады, соғыс өнерінің даму бағдарын анықтайды, Қарулы Күштер түрлері әскери іс-қимылдарының мейлінше тиімді әдістері мен формаларын іздестіреді және олардың жан-жақты қамтамасыз етілу мәселелерін қарастырады. Саяси мақсат-мүдделерге байланысты қарсыласқа  айналуы ықтимал жақтың және өз Қарулы Күштері мен одақтастарының әскери күш-қуатын, ғылыми-тех. жетістіктері мен экон. мүмкіндіктерін сараптайды. Қазіргі Ә. ғ-ның негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады: ұрыс қимылдарын жүргізудің, әскери техникаларды қолданудың теориясы мен іс-тәжірибесін қамтитын әскери өнері (тактика, стратегия т.б.); қарулы күштердің ұйымдастырылуы және азаматтардың әскери даярлығы мәселелерімен шұғылданатын әскери құрылыс теориясы; Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамын әскери оқыту-үйрету және тәрбиелеу теориясы (әскери педагогика, әскери психология); Қарулы Күштерді материалдық-тех. жағынан жабдықтау және қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын әскери экономика теориясы; соғыстар мен соғыс өнерінің тарихын зерттейтін әскери тарих; әскери іс-әрекеттер аймағы, кейбір елдердің геогр. орналасу ерекшеліктерінің соғыс қимылдарын жүргізудегі маңызын, әскери топография мәселелерімен шұғылданатын әскери география; әскери қызметшілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, соғыста жараланған және ауырған адамдарға көмек беру, Қарулы Күштерді мед. жабдықтау және оның жауынгерлік құрамына мед. жәрдем беру ісін ұйымдастыру, әскери денсаулық сақтау саласының теориясы мен іс-тәжірбиелерін зерттеу және жетілдіру ісімен айналысатын әскери медицина; әскери іс-қимылдардың демогр. дамуға қатысты мәселелерін қарастыратын әскери демография және т.б. Ә.ғ-ның жетістіктері мемлекеттік әскери доктринасын жасау барысында пайдаланылады. Қазақ халқының дәстүрлі әскери өнерінен және қазіргі заманғы отандық қолбасшылар мен ғалымдар (қ. Бауыржан Момышұлы, Л.Қ. Бақаев) еңбектерінен бастау алатын қазақ отандық төл Ә. ғ. 20 ғ-дың ақырында ғана қалыптаса бастады. Республикада ғалым Л.Қ. Бақаев Ә. ғ. саласында алғашқылардың бірі болып, докторлық диссертация қорғаған (1997).

С. Көшімбаев

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға