Жаңалықтар

Активтер

  Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.  Қысқа мерзімді активтер — қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).  Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен басқа да елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер — құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік (бір жылдан астам кезең бойына өндірістік үдеріске пайдаланылатын нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат).  Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді. 1. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жеке (жеке адамдар) немесе заңды тұлғаның мүлкі. Активтердің мынадай түрлері болады: күрделі (негізгі қорлар), қаржылық ( құнды қағаздар, кредиттер) және материалды емес активтер.  2. Бухгалтерлік есепте— қарыздар мен қарыздық міндеттемелерге қатысы жоқ барлық нәрселер енеді. Материалдық емес активтер Кәсіпорындардың, фирмалардың ұзақ мерзімдік активтерінің ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық, емес активтерге материалды нысанға ие емес, заттық касиеттері жоқ бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар бойы немесе тұрақты түрде табыстар әкелуге мүмкіндік беретін нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны, фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады.
05.12.2012 07:46 16449

 

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.

 Қысқа мерзімді активтер — қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).

 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен басқа да елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер — құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік (бір жылдан астам кезең бойына өндірістік үдеріске пайдаланылатын нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат).

 Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді.

1. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жеке (жеке адамдар) немесе заңды тұлғаның мүлкі. Активтердің мынадай түрлері болады: күрделі (негізгі қорлар), қаржылық ( құнды қағаздар, кредиттер) және материалды емес активтер.

 2. Бухгалтерлік есепте— қарыздар мен қарыздық міндеттемелерге қатысы жоқ барлық нәрселер енеді.

Материалдық емес активтер

Кәсіпорындардың, фирмалардың ұзақ мерзімдік активтерінің ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық, емес активтерге материалды нысанға ие емес, заттық касиеттері жоқ бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар бойы немесе тұрақты түрде табыстар әкелуге мүмкіндік беретін нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны, фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға