Жаңалықтар

Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы

  Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы (22.10.1924 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Құланды а. Үшкөң деген жерде) – ҚР халық жазушысы (1985), қоғам қайраткері. 1942 – 45 ж. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин-тын бітірген (1956). 1962 – 64 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан халықар. Қазақ ПЕН клубының Президенті, 2000 жылдан “Таң-Шолпан” журналы редакторлар кеңесінің төрағасы. Тұңғыш туындысы “Курляндия” романы (1950, осы жылы  ҚР Жазушылар одағының сыйл., “Күткен күн”, 1958) соғыс тақырыбына арналды. Н-тің “Қан мен тер” трилогиясы [“Ымырт” (1961), “Сергелдең” (1964), “Күйреу” (1970)] 1916 – 18 жылдардағы аласапыран кезең мен қазақ халқының әлеум. қайшылыққа толы күрделі өмірін көркем бейнелеген. 200-ге тарта кейіпкерлер шеберлікпен сомдалған. Еламанның жігерлі бейнесі арқылы қазақ халқының өршіл қаһармандық рухы шынайы бейнеленген. Оның “Қан мен тер” романы бойынша жазылған инсценировкасы респ. театр репертуарларынан тұрақты орын алды (1974 жылдан). “Соңғы парыз” роман-дилогиясы (1999) – әлеум.-психол. шығарма. Дилогияда Арал теңізінің апатқа ұшырауына кінәлі адамдардың хикаясы нақты суреттелген. Шығармада экология, табиғат пен адам арақатынасын толғаған қаламгер оқырмандарды рухани-адамгершілік мұраттарға жетелейді. Н-тің “Толғау” (“Раздумье”) атты әдеби-сын мақалалар, эсселер жинағы 1972 ж. қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып “Жүрегі толы жыр еді” (“Все в нем пело”) деген атпен басылды. “Край голубых озер” (“Көгілдір көлдер өлкесі”, 1979), “Ақбидай туралы аңыз” (1985), т.б. очерктер жинағы шықты. “Возвышая наши святыни” (“Қасиетіңді қадірле”) атты кітабына соңғы уақытта жазған әдеби мақала, очерк, эсселері енген (1996). Ол А.П. Чеховтың, А.М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Н-тың туындылары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. КСРО Мемл. сыйл-н (1974), Мәскеудегі Халықар. Әдеби қордың “За честь и достойнство” сыйл-н (2001), Халықар. М.Шолохов атынд. сыйл-ты алған (2003). Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Әдеб.: Қирабаев С., Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, А., 1998; Елеукенов Ш., Ғасырмен сырласу, Аст., 2004; Анастасьев Н.А., Небо в чашечке цветка. А.Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже, А., 2004. Ә. Нарымбетов  
05.12.2012 07:44 47904

 

Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы (22.10.1924 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Құланды а. Үшкөң деген жерде) – ҚР халық жазушысы (1985), қоғам қайраткері. 1942 – 45 ж. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин-тын бітірген (1956). 1962 – 64 ж. “Жұлдыз” журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан халықар. Қазақ ПЕН клубының Президенті, 2000 жылдан “Таң-Шолпан” журналы редакторлар кеңесінің төрағасы. Тұңғыш туындысы “Курляндия” романы (1950, осы жылы  ҚР Жазушылар одағының сыйл., “Күткен күн”, 1958) соғыс тақырыбына арналды. Н-тің “Қан мен тер” трилогиясы [“Ымырт” (1961), “Сергелдең” (1964), “Күйреу” (1970)] 1916 – 18 жылдардағы аласапыран кезең мен қазақ халқының әлеум. қайшылыққа толы күрделі өмірін көркем бейнелеген. 200-ге тарта кейіпкерлер шеберлікпен сомдалған. Еламанның жігерлі бейнесі арқылы қазақ халқының өршіл қаһармандық рухы шынайы бейнеленген. Оның “Қан мен тер” романы бойынша жазылған инсценировкасы респ. театр репертуарларынан тұрақты орын алды (1974 жылдан). “Соңғы парыз” роман-дилогиясы (1999) – әлеум.-психол. шығарма. Дилогияда Арал теңізінің апатқа ұшырауына кінәлі адамдардың хикаясы нақты суреттелген. Шығармада экология, табиғат пен адам арақатынасын толғаған қаламгер оқырмандарды рухани-адамгершілік мұраттарға жетелейді. Н-тің “Толғау” (“Раздумье”) атты әдеби-сын мақалалар, эсселер жинағы 1972 ж. қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып “Жүрегі толы жыр еді” (“Все в нем пело”) деген атпен басылды. “Край голубых озер” (“Көгілдір көлдер өлкесі”, 1979), “Ақбидай туралы аңыз” (1985), т.б. очерктер жинағы шықты. “Возвышая наши святыни” (“Қасиетіңді қадірле”) атты кітабына соңғы уақытта жазған әдеби мақала, очерк, эсселері енген (1996). Ол А.П. Чеховтың, А.М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Н-тың туындылары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. КСРО Мемл. сыйл-н (1974), Мәскеудегі Халықар. Әдеби қордың “За честь и достойнство” сыйл-н (2001), Халықар. М.Шолохов атынд. сыйл-ты алған (2003). Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Әдеб.: Қирабаев С., Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, А., 1998; Елеукенов Ш., Ғасырмен сырласу, Аст., 2004; Анастасьев Н.А., Небо в чашечке цветка. А.Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже, А., 2004.

Ә. Нарымбетов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға