Жаңалықтар

Айыл-тұрман

  Айыл-тұрман - түрлі материалдан жасалған, ердің ағаш қаңқасына бекітілген қайыстан жасалған құрамдас бөліктері. Қазақта Айыл тұрманға, айтып тұрғандай айыл түрлері және қанжыға, бүлдірге, үзеңгі бау (таралғы) жатады. Дәстүрлі ортада кең таралған дәстүрлі түрі қайыстан жасалған өрмелі айыл-тұрман; тері, берікмата, кендір материалдан ызып жасалған ызбалы айыл-тұрман., жиектен тоқылған құр айыл-тұрман, жұқа қайысқа беріктеу мата материалды қабаттап араластырып ызылған қайыс-ызбалы айыл-тұрман; қымбатқа түсетін былғары айыл-тұрман деген түрге де жіктелінеді. Ал, қазіргі кезде жұмыста жиірек қолданылып жүрген айыл-тұрманның жасалуы жолы мен негізгі материалына қарай шартты түрде өрмелі, түймелі және ызбалы айыл-тұрман деп бөледі. Түймелі айыл-тұрман тілінген таспадан жалаң қабат, кейде қос қабаттап та жасалады. Өрмелі, түймелі түрлерінде айыл-тұрман барлық детальдары, атап айтсақ, қанжыға, айыл, бүлдірге, үзеңгібау (тартпа) барлығы қайыстан жасалады. Ал басқа түрлерінде қанжыға мен үзеңгібау міндетті түрде қайыстан жасалғанымен, айыл мен шылбырдың жіп, жүн материалдан жасалуына байланысты құр айыл-тұрман, ызбалы айыл-тұрман деп аталу қалыптасқан. Түрлері Айыл-тұрманның жасалуы жолдары мен материалына және сапасына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді. Былғары айыл-тұрман Былғары айыл-тұрман арнайы тапсырыс бойынша табиғи былғары мен жұмсақ иленген қайысты қабаттап тігіп, әсемдік үшін күміс шытыра немесе күміс құйма қағылып жасалған аса қымбат түрі. Ертеде ондай тұрманшыларды дәулетті адамдар ауылына шақырып әкеліп, айлап-апталап жатып жасатқан және шеберге қомақты ақы төлеген. Үсті табиғи былғары, асты жұмсақ иленген қайыс. Айыл-тұрманның әрбір бөлшегі үлгіге сай, керегінше тіліп дайындалған соң былғары мен қайысты екі қабаттап ширатылған тарамыспен қайып тігеді. Бұл көбіне сән-салтанатқа, мырзалыққа тән болғандықтан, оған кейде күміс құймалар, күміс шытырлар қағылады. Оның айылбас, үзбе, таралғы, үзеңгі темірлері де күмістеледі. Өрмелі айыл-тұрман Өрмелі айыл-тұрманды дәстүрлі ортада көп адамдар илен¬ген теріден дайындап алады. Бұл өруге арнап иленген теріні үш таспадан бастап 12 таспаға шейін тіліп өреді. Кейде онан да көп таспалардың қарбысуымен өрілетін сияқты. Өрімшілердің шеберлігімен астылы, үстілі, оң, теріс болып шығатын өрімдерге көз, тесік, ойық, қыр, жал, шыбық, сызық, өзек, сай шығарылып өріледі. Өрілген бұйымдар әртүрлі аталады. Өру бабында иленген, мүлтіксіз тілініп, сыдырылған таспаларды өргенде, кейбір бөлігіне таспадан шашақ, шоқ, салпыншақ, айылбас тілі өтетін жерлеріне көз қалдырып өріледі. Түймелі айыл-тұрман Түймелі айыл-тұрман - бұл иленген соғымдық терілер талқыға салынып жұмсартып, сай таспа тіледі де, жалаң қабат, не¬месе қос қабат етіп түйеді. Түюшілердің айтуына қарағанда, түюдің тәсілі үш түрге бөлінеді: бірі - қайысты өзіне-өзін байлап түю әдісі. Бұл өз ішінен байлаудың, шалудың, ілудің әдісіне қарай бес-алты түрге жіктеледі. Екінші - қайысты өзіне-өзін өткермелеу. Ол да бірнеше жікке бөлінеді. Үшінші - әдіс, қоспаларды басқа таспаның көмегімен шалып өткермелеу. Басқа қайыс, басқа таспаның көмегімен түюдің түрі тіпті көп. Қайысты өзіне-өзі түйгенде, өзіне-өзін өткермелегенде, сәндік, әдемілік үшін қажетті жерлеріне шашақ, салпыншақ қалдырып отыратын түрлері де болады. Түйген тұрманға айылбас аз жұмсалады, үзбе мүлде салынбайды. Түйілген тұрман - көркем, әрі қолдануға қолайлы, әрі берік. Ол ертеде қазақтар арасында нарқы арзан, көпшілік қолды әбзелге саналған. Құр айыл-тұрман Құр айыл-тұрман - түйе шудасы, қойдың күзем жүні, жылқының күзелген жал-қүйырығын, ешкі қылы тәрізді материалдардан есіліп, берік етіп иірілген тіндерді қатарластырып қойып алып, бір-біріне жуан шуда жіппен көктеп тігіп, жалпақтығы 2-3 елі құр деп аталатын таспа түрінде жасалады. Әуелі, жүнді түтіп, шүйкелеп, қыл араластырып есіп алады да, шидей етіп оңға-солға ширатылған жіптерді тартып ұстап (арқан тарту сияқты) қосып ширатады. Тартылған кезде жіптердің жүгінбеуі, бірдей ершімделуі керек. Кейде жүн талшықтарының табиғи өңін пайдалана отырып, ерсілі-қарсылы құстаңдайлап жасайды, ақ пен қарадан кіріктірген ала құр ғұрыптық бұйым ретінде малды түрлі пәле-жаладан, жыланнан, итқұстан, ұрыдан сақтайды деп сенген. Әсіресе, малға улы жылан мен бүйі дарытпайды деп ырымдайды. Ызбалы айыл-тұрман Ызбалы айыл-тұрман кейінгі кездері шаруашылық-мәдени өмірдің қалыпты ырғағы бұзылып, қожыраған тұста пайда болған, арзанқол түрге саналады. Онымен үй арасындағы ұсақ шаруашылық пен бала-шағалардың аттарын лекерлеуге лайық деп санаған. Әсіресе, сауда-саттықпен келген өндірістік жолмен кендір, зығыр тәрізді техникалық өсімдіктерден дайындалған таспа бауларға, аздап сапасыз жұқа қайыс, кейде қатты материалдың ішкі бетіне жұмсартып, түйе мен қой жүнін қабаттап салып, ызып, тігіп берік ету жолымен ұқсатқан. Дәстүрге жат мұндай жолмен жасалған айыл-тұрман тұтынған ер азамат қазақы ортада күлкі мен келемежге ұшыраған.
05.12.2012 07:35 5064

 

Айыл-тұрман - түрлі материалдан жасалған, ердің ағаш қаңқасына бекітілген қайыстан жасалған құрамдас бөліктері.

Қазақта Айыл тұрманға, айтып тұрғандай айыл түрлері және қанжыға, бүлдірге, үзеңгі бау (таралғы) жатады. Дәстүрлі ортада кең таралған дәстүрлі түрі қайыстан жасалған өрмелі айыл-тұрман; тері, берікмата, кендір материалдан ызып жасалған ызбалы айыл-тұрман., жиектен тоқылған құр айыл-тұрман, жұқа қайысқа беріктеу мата материалды қабаттап араластырып ызылған қайыс-ызбалы айыл-тұрман; қымбатқа түсетін былғары айыл-тұрман деген түрге де жіктелінеді. Ал, қазіргі кезде жұмыста жиірек қолданылып жүрген айыл-тұрманның жасалуы жолы мен негізгі материалына қарай шартты түрде өрмелі, түймелі және ызбалы айыл-тұрман деп бөледі. Түймелі айыл-тұрман тілінген таспадан жалаң қабат, кейде қос қабаттап та жасалады. Өрмелі, түймелі түрлерінде айыл-тұрман барлық детальдары, атап айтсақ, қанжыға, айыл, бүлдірге, үзеңгібау (тартпа) барлығы қайыстан жасалады. Ал басқа түрлерінде қанжыға мен үзеңгібау міндетті түрде қайыстан жасалғанымен, айыл мен шылбырдың жіп, жүн материалдан жасалуына байланысты құр айыл-тұрман, ызбалы айыл-тұрман деп аталу қалыптасқан.

Түрлері

Айыл-тұрманның жасалуы жолдары мен материалына және сапасына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді.

Былғары айыл-тұрман

Былғары айыл-тұрман арнайы тапсырыс бойынша табиғи былғары мен жұмсақ иленген қайысты қабаттап тігіп, әсемдік үшін күміс шытыра немесе күміс құйма қағылып жасалған аса қымбат түрі. Ертеде ондай тұрманшыларды дәулетті адамдар ауылына шақырып әкеліп, айлап-апталап жатып жасатқан және шеберге қомақты ақы төлеген. Үсті табиғи былғары, асты жұмсақ иленген қайыс. Айыл-тұрманның әрбір бөлшегі үлгіге сай, керегінше тіліп дайындалған соң былғары мен қайысты екі қабаттап ширатылған тарамыспен қайып тігеді. Бұл көбіне сән-салтанатқа, мырзалыққа тән болғандықтан, оған кейде күміс құймалар, күміс шытырлар қағылады. Оның айылбас, үзбе, таралғы, үзеңгі темірлері де күмістеледі.

Өрмелі айыл-тұрман

Өрмелі айыл-тұрманды дәстүрлі ортада көп адамдар илен¬ген теріден дайындап алады. Бұл өруге арнап иленген теріні үш таспадан бастап 12 таспаға шейін тіліп өреді. Кейде онан да көп таспалардың қарбысуымен өрілетін сияқты. Өрімшілердің шеберлігімен астылы, үстілі, оң, теріс болып шығатын өрімдерге көз, тесік, ойық, қыр, жал, шыбық, сызық, өзек, сай шығарылып өріледі. Өрілген бұйымдар әртүрлі аталады. Өру бабында иленген, мүлтіксіз тілініп, сыдырылған таспаларды өргенде, кейбір бөлігіне таспадан шашақ, шоқ, салпыншақ, айылбас тілі өтетін жерлеріне көз қалдырып өріледі.

Түймелі айыл-тұрман

Түймелі айыл-тұрман - бұл иленген соғымдық терілер талқыға салынып жұмсартып, сай таспа тіледі де, жалаң қабат, не¬месе қос қабат етіп түйеді. Түюшілердің айтуына қарағанда, түюдің тәсілі үш түрге бөлінеді: бірі - қайысты өзіне-өзін байлап түю әдісі. Бұл өз ішінен байлаудың, шалудың, ілудің әдісіне қарай бес-алты түрге жіктеледі. Екінші - қайысты өзіне-өзін өткермелеу. Ол да бірнеше жікке бөлінеді. Үшінші - әдіс, қоспаларды басқа таспаның көмегімен шалып өткермелеу. Басқа қайыс, басқа таспаның көмегімен түюдің түрі тіпті көп. Қайысты өзіне-өзі түйгенде, өзіне-өзін өткермелегенде, сәндік, әдемілік үшін қажетті жерлеріне шашақ, салпыншақ қалдырып отыратын түрлері де болады. Түйген тұрманға айылбас аз жұмсалады, үзбе мүлде салынбайды. Түйілген тұрман - көркем, әрі қолдануға қолайлы, әрі берік. Ол ертеде қазақтар арасында нарқы арзан, көпшілік қолды әбзелге саналған.

Құр айыл-тұрман

Құр айыл-тұрман - түйе шудасы, қойдың күзем жүні, жылқының күзелген жал-қүйырығын, ешкі қылы тәрізді материалдардан есіліп, берік етіп иірілген тіндерді қатарластырып қойып алып, бір-біріне жуан шуда жіппен көктеп тігіп, жалпақтығы 2-3 елі құр деп аталатын таспа түрінде жасалады. Әуелі, жүнді түтіп, шүйкелеп, қыл араластырып есіп алады да, шидей етіп оңға-солға ширатылған жіптерді тартып ұстап (арқан тарту сияқты) қосып ширатады. Тартылған кезде жіптердің жүгінбеуі, бірдей ершімделуі керек. Кейде жүн талшықтарының табиғи өңін пайдалана отырып, ерсілі-қарсылы құстаңдайлап жасайды, ақ пен қарадан кіріктірген ала құр ғұрыптық бұйым ретінде малды түрлі пәле-жаладан, жыланнан, итқұстан, ұрыдан сақтайды деп сенген. Әсіресе, малға улы жылан мен бүйі дарытпайды деп ырымдайды.

Ызбалы айыл-тұрман

Ызбалы айыл-тұрман кейінгі кездері шаруашылық-мәдени өмірдің қалыпты ырғағы бұзылып, қожыраған тұста пайда болған, арзанқол түрге саналады. Онымен үй арасындағы ұсақ шаруашылық пен бала-шағалардың аттарын лекерлеуге лайық деп санаған. Әсіресе, сауда-саттықпен келген өндірістік жолмен кендір, зығыр тәрізді техникалық өсімдіктерден дайындалған таспа бауларға, аздап сапасыз жұқа қайыс, кейде қатты материалдың ішкі бетіне жұмсартып, түйе мен қой жүнін қабаттап салып, ызып, тігіп берік ету жолымен ұқсатқан. Дәстүрге жат мұндай жолмен жасалған айыл-тұрман тұтынған ер азамат қазақы ортада күлкі мен келемежге ұшыраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға