Жаңалықтар

Қоян

Қоян – сүт қоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады; Құм қояны – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады. Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 –  9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.
05.12.2012 07:32 29615

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға