Жаңалықтар

Павлодар облысының сауда шеңбері, көлік қатынасы

  Сауда және қызмет атқарудың шеңбері Бөлшек сауда Бөлшек сауданың айналымы 2012 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 62,4 млрд теңгені құрады, 2011 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3% өсті, бұл көрсеткіш көп жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің базарлардағы саудасы есебінен құралады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 62,8% құрайды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың көлемі есеп беру кезеңінде алдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% -ке өсті. 2012 жылдың 1 маусымында бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады. Көтерме сауда Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда айналымы 196 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінің 155,5% құрады. Ағымдағы жылдың мамыр айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көтерме сауда 3,7%-ке азайды. Жалпы көлемде тауарларды өткізудің 195,1 млрд теңге немесе 99,5% заңды тұлғаларға тиесілі. 2012 жылдың 2 маусымында саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауар қоры 18,4 млрд теңгені құрады. Тамақтану азықтары мен сусындарды (қоғамдық тамақтану) ұсыну бойынша қызметтер Тамақтану азықтары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1823,8 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4% -ға жоғары көрсеткішті көрсетті. 2012 жылдың 1 маусымында ШОК белсенді субъекттерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 81%, шаруа немесе фермалық шаруашылық үлесі — 9,6%, орта және шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі— 9,3%. 2012 жылдың 1-тоқсанында Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары 9,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, қызметтің жалпы көлемінің 69,9% шағын кәсіпорындар, 23,7% — орта кәсіпорындар және 64% — ірі кәсіпорындарға тиесілі. Көрсетілген қызметтің 5,9% ауылдық жерлерде орналасқан кәсіпорындардың еншісінде. 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында Павлодар облысы мен Кедендің одақ елдерімен өзара саудасы 1261 млн АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында импорт — 69,1%, немесе 871,7 млн АҚШ долларын, ал экспорт 30,9%, немесе 389,3 млн АҚШ долларын құрады. Тауар айналымы жалпы көлемінің 99,5% Ресейге, 0,5% — Беларусия Республикасына тиесілі. Көлігі Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір мен орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) темір жол басып өтеді. м 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қ-на дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір т. ж. бойында Павлодар, Екібастұз сияқты ірі темір жол станиялары өсіп қалыптасты. Темір жолдардың ұзындығы 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомобильдік жолының ұзындығы 5150 км. Павлодар облысында құрамында теміржол, автомобильді, әуе және өзен көлігі кіретін көлік кешені бар. Көліктің барлық түрі бір-бірін толықтырады және біртұтас көліктік-коммуникациялық желіні құрайды. Автомобильді көлік Облыс аумағы арқылы республикалық маңызды жалпы ұзындығы 1517 км 7 жол өтеді.Жалпы пайдаланылатын автомобильді жолдардың үзындығы 5666 км, оның ішінде 4917 км қатты қапталымы бар автомобильді жолдарды құрайды. Жалпы пайдаланылатын қатты қапталымы бар автожолдардың тығыздығы 1000 ш.км -ге 39,4 км келеді. 2012 жылдың 2 маусымы кезеңінде 59 ішкі облыстық бағыттар кызмет етуде. Ауылдық аймақ елді мекендері мен аудандық орталық арасындағы автобустық (микроавтобустық) қатынасты қамтамасыз ету үшін 42 ішкі аудандық бағыттар жұмыс істейді. Теміржол көлігі Облыстағы теміржол тасымалының негізгі операторы "Павлодар жол бөлімі" ҚТЖ ҰК “ АҚ болып табылады. Павлодар бөлімінің іске берілген теміржол ұзындығы 1069,2 км, бас жолдардың ашық жолының ұзындығы 1436,7 км құрайды. Жалпы ұзындығы 893,3 км, оның ішінде 381,8 км электрленген. Павлодар бөліміндегі жолдардың қызмет етуінің қамтамасыз ету үшін 43 пункт, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 жету пункті, 2 жол бекеті бар. Азаматтық авиация Облыстың азаматтық авиациясы саласында «Аэропорт Павлодар» АҚ қызмет атқарады.Әуе көлігінің жолаушы айналымы 2010 ж. 9,8 млн пкм құрады. Өзен көлігі Павлодар облысы өзен көлігі саласында "Павлодар өзен порты" АҚ қызметін атқаруда, ол облыстың құрылыс обьекттеріне қажет өзен құмын алу және тасымалдаумен айналысады, сонымен қатар транзиттік қатынаста жүк тасымалдауды да іске асырады. Флот тіркемелі жылукемелерінен және т.б. тұрады. Құбыр көлігі Магистральді құбырлардың ұзындығы 2010 ж. 2577 км, ал магистральді құбырлардың жүк айналымы 12,6 млрд ткм құрады. Трамвай көлігі Іске қосылған трамвай жолдарының ұзындығы 44,6 км тең, 2010 ж. трамвай арқылы жолаушы тасымалдау 21,5 млн адамды, жолаушы айналымы 118,2 млн пкм құрады.  
05.12.2012 07:32 4359

 

Сауда және қызмет атқарудың шеңбері
Бөлшек сауда
Бөлшек сауданың айналымы 2012 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 62,4 млрд теңгені құрады, 2011 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3% өсті, бұл көрсеткіш көп жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің базарлардағы саудасы есебінен құралады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 62,8% құрайды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың көлемі есеп беру кезеңінде алдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% -ке өсті. 2012 жылдың 1 маусымында бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады.
Көтерме сауда
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда айналымы 196 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінің 155,5% құрады. Ағымдағы жылдың мамыр айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көтерме сауда 3,7%-ке азайды. Жалпы көлемде тауарларды өткізудің 195,1 млрд теңге немесе 99,5% заңды тұлғаларға тиесілі. 2012 жылдың 2 маусымында саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауар қоры 18,4 млрд теңгені құрады.
Тамақтану азықтары мен сусындарды (қоғамдық тамақтану) ұсыну бойынша қызметтер
Тамақтану азықтары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1823,8 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4% -ға жоғары көрсеткішті көрсетті. 2012 жылдың 1 маусымында ШОК белсенді субъекттерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 81%, шаруа немесе фермалық шаруашылық үлесі — 9,6%, орта және шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі— 9,3%. 2012 жылдың 1-тоқсанында Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары 9,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті, қызметтің жалпы көлемінің 69,9% шағын кәсіпорындар, 23,7% — орта кәсіпорындар және 64% — ірі кәсіпорындарға тиесілі. Көрсетілген қызметтің 5,9% ауылдық жерлерде орналасқан кәсіпорындардың еншісінде.
2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында Павлодар облысы мен Кедендің одақ елдерімен өзара саудасы 1261 млн АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында импорт — 69,1%, немесе 871,7 млн АҚШ долларын, ал экспорт 30,9%, немесе 389,3 млн АҚШ долларын құрады. Тауар айналымы жалпы көлемінің 99,5% Ресейге, 0,5% — Беларусия Республикасына тиесілі.
Көлігі
Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір мен орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) темір жол басып өтеді. м 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қ-на дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір т. ж. бойында Павлодар, Екібастұз сияқты ірі темір жол станиялары өсіп қалыптасты. Темір жолдардың ұзындығы 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомобильдік жолының ұзындығы 5150 км.
Павлодар облысында құрамында теміржол, автомобильді, әуе және өзен көлігі кіретін көлік кешені бар. Көліктің барлық түрі бір-бірін толықтырады және біртұтас көліктік-коммуникациялық желіні құрайды.
Автомобильді көлік
Облыс аумағы арқылы республикалық маңызды жалпы ұзындығы 1517 км 7 жол өтеді.Жалпы пайдаланылатын автомобильді жолдардың үзындығы 5666 км, оның ішінде 4917 км қатты қапталымы бар автомобильді жолдарды құрайды. Жалпы пайдаланылатын қатты қапталымы бар автожолдардың тығыздығы 1000 ш.км -ге 39,4 км келеді. 2012 жылдың 2 маусымы кезеңінде 59 ішкі облыстық бағыттар кызмет етуде. Ауылдық аймақ елді мекендері мен аудандық орталық арасындағы автобустық (микроавтобустық) қатынасты қамтамасыз ету үшін 42 ішкі аудандық бағыттар жұмыс істейді.
Теміржол көлігі
Облыстағы теміржол тасымалының негізгі операторы "Павлодар жол бөлімі" ҚТЖ ҰК “ АҚ болып табылады. Павлодар бөлімінің іске берілген теміржол ұзындығы 1069,2 км, бас жолдардың ашық жолының ұзындығы 1436,7 км құрайды. Жалпы ұзындығы 893,3 км, оның ішінде 381,8 км электрленген. Павлодар бөліміндегі жолдардың қызмет етуінің қамтамасыз ету үшін 43 пункт, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 жету пункті, 2 жол бекеті бар.
Азаматтық авиация
Облыстың азаматтық авиациясы саласында «Аэропорт Павлодар» АҚ қызмет атқарады.Әуе көлігінің жолаушы айналымы 2010 ж. 9,8 млн пкм құрады.
Өзен көлігі
Павлодар облысы өзен көлігі саласында "Павлодар өзен порты" АҚ қызметін атқаруда, ол облыстың құрылыс обьекттеріне қажет өзен құмын алу және тасымалдаумен айналысады, сонымен қатар транзиттік қатынаста жүк тасымалдауды да іске асырады. Флот тіркемелі жылукемелерінен және т.б. тұрады. Құбыр көлігі Магистральді құбырлардың ұзындығы 2010 ж. 2577 км, ал магистральді құбырлардың жүк айналымы 12,6 млрд ткм құрады.
Трамвай көлігі
Іске қосылған трамвай жолдарының ұзындығы 44,6 км тең, 2010 ж. трамвай арқылы жолаушы тасымалдау 21,5 млн адамды, жолаушы айналымы 118,2 млн пкм құрады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға