Жаңалықтар

Айрылыс қазан

  Айрылыс қазан - ұзақ уақыт қоныстас, ауылдас болған елдің, жұрттың басқа мекенге қоныс аударардың алдында ел-жұртты, ауыл-аймақты шақырып үлестіретін ғұрыптық ас. Ұзақ жылдар бойы тату-тәтті, аралас-құралас ғұмыр кешкен екі елдің белгілі бір тарихи себептермен, әртүрлі оқиғалармен байланысты бір-бірінен айырылысып, ірге аударғаны жөнінде деректер қазақтың байырғы жырларында кездесіп отырады. «Қозы-Көрпеш- Баян-сұлу» жырында Қарабайдың елі: Балталы, бағаналы ел аман бол! Бақалы, балдырғанды көл аман бол! - деп елмен, жер-сумен жылап қоштасады. Қоштасудың арты үлкен аска ұласады. Алтын Орданың ыдырауына байланысты ағайынды қазақ пен ноғай елінің айырылысуы әйгілі қазақ-ноғай айырылған» күйі мен жырын тудырған деседі: Жылау да жылау мына күй, Жылаған зарлы мынау күй, Қазақ-ноғай айырылды, Қазақ сыртқа қайырылды. Қара Қыпшақ Қобыланды Қара орнынан айырылды. Қазақ даласындағы ең үлкен трагедиялық тарихи сюжеттердің бірегейі осы оқиға айырылыс қазан ғұрпымен аяқталады. Осындай деректерге қарағанда, айрылыс қазан осы қазақ ру-тайпаларындағы көне заманнан келе жаткан салт деуге болады. Жетіаталық рулық-қауымдық құрылымның демографиялық мөлшері шектен асып, жайылым жерлер таршылық еткен жағдайда келесі ру-қауым бөлініп шығу рәсімінің белді элементтерінің бірі айрылыс қазан болды. Осы құрылыптас басқа да үрдістерде айырылыс ас, айырылыс табақ, айырылыс көжеге шақыру ғұрпы болған. Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда арнап берілетін ас «көже» деп шартты түрде сыпайы аталатыны болмаса, әрдайым сый табақтар тартылады. Аталған ғұрыптық асқа қатысушылар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған, ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға өзара тілек білдіріседі. Көрші болған үйлер мен ағайын-туыс мал қамымен қоныс аударып, жайлау өзгертіп көшетін болған кезде ет асылып, барлығы сол қазаннан ас ішеді. Көшетін үй иелері әрбір үйден дәм татады. Бұл - семантикалық мәнді рәсім. Өйткені, қазан береке-бірліктің, «дәм-тұзы жарасқандықтың» символы, ал, бір қазаннан ас ішу береке-бірлікті, татулықты тілеуді бейнелейді. Соңғы кезде түрлі жағдайга байланысты бір ауылда отырған қауымнан бір үй көшіп кетер алдында «айырылысу көжесін» немесе «ажырас аяқ» жасап, оған сол жерде қалып бара жатқан туған-туысқандарын, дос-жарандарын шақыру рәсімі қалыптасты. Оны аталмыш ғұрыптың семантикалық контаминациялық түрленісі деуге болады.  
05.12.2012 07:26 5339

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға