Жаңалықтар

Қорғасын қосылыстары

Қорғасын қосылыстары – қорғасын элементі түзетін химиялық қосылыстар. Қ. қ. 2, 4 валентті, 4 валентті қосылыстары тұрақсыз келеді. Қорғасынның PbO, PbO2, Pb3O4 оксидтері белгілі. Қорғасын (ІІ) оксиді PbO сарғылт-қызыл (балқу t 886ӘС) және сары (балқу t 600ӘС) екі модификацияда кездесетін кристалл, қайнау t 1473ӘС. Суда ерімейді, ауада 400 – 500ӘС-қа дейін қыздырғанда қорғасын жосасы деп аталатын шымқай қызыл түсті Pb3O4-ке айналады. Ол бояу ретінде қолданылады. Қорғасын (ІV) оксиді PbO2 қара-қоңыр кристалл, модификациялары тетрагональ (ыдырау t 220ӘС) және ромбы (ыдырау t 280ӘС) түрінде кездеседі. Суда ерімейді, қышқылдарда нашар ериді, күшті тотықтырғыш. Pb (ІІ) қосылыстарын гипохлоритпен тотықтыру, Pb3O4-ті концентрленген азот қышқылымен әрекеттестіру, құрамында Pb (ІІ) бар ерітіндіде анодтық тотықтыру арқылы алады. Қорғасын аккумуляторларында пластинка ұяшықтарын толтыруда, тотықтырғыш ретінде қолданылады. Қорғасын галогендермен PbІ2, PbF2, PbCl2 қосылыстарын түзеді. Олардың маңыздысы қорғасын (ІІ) иодиді PbІ2 сары алтын түсті кристалл, тығызд. 6,16 г/см3, балқу t 412ӘС, қайнау t 954ӘС, ыстық суда жақсы, салқын суда нашар ериді. Оны құрамында Pb2+ бар ерітінділерді иодид ерітіндісімен әрекеттестіру арқылы алады. Аналитик. химияда қорғасынды идентификациялауда қолданады. Қорғасын қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді. Қорғасын (ІІ) сульфаты PbSO4 суда ерімейтін кристалл зат, тығызд. 6,20 г/см3, балқу t 1770ӘС (ыдыраумен). Табиғатта англезит минералы түрінде кездеседі. Ол құрамында Pb2+, иондары бар ерітінділерді тұндыру және қорғасын сульфидін (PbS) тотықтыру арқылы алынады. Қорғасынды аккумуляторлардың пластинкалы ұяшықтарын толтыру үшін, пигменттер құраушысы ретінде қолданылады. Қорғасын (ІІ) нитраты Pb(NO3)2 суда ерігіш (20ӘС-та 100 мл суда 56,5 г) кристалды зат, тығызд. 4,599 г/см3, ыдырау t 470ӘС. Күшті тотықтырғыш. Қорғасынды немесе қорғасын (ІІ) оксидін азот қышқылымен әрекеттестіріп, соңынан кристалдау арқылы алады. Ол шырпы өндірісінде және қорғасынның басқа қосылыстарын дайындауда және пиротехникада қолданылады. Қорғасын (ІІ) карбонаты PbСО3 кристалды зат, ыдырау t 315ӘС, спирт пен суда ерімейді, қышқылдармен әрекеттеседі. Табиғатта церуссит минералы түрінде кездеседі. Pb(СН3СОО)2 ерітіндісіне СО2 жіберу арқылы алады. Қорғасын ақ бояуын дайындауда қолданылады. Қорғасын (ІІ) хроматы PbСrО4 сары кристалл, тығызд. 6,12 г/см3, балқу t 844ӘС, суда ерімейді, азот қышқылы мен сілті ерітінділерінде ыдырайды. Табиғатта крокоит минералы түрінде кездеседі. Сулы ортада қорғасын тұзының ерітінділерін сілтілік металдардың хроматтарымен әрекеттестіру арқылы алынады. Қорғасынның тағы бір маңызды қосылысы қорғасын ацетаты (CH3COO)4Pb балқу t 175 – 180ӘС, суда PbО2-ге дейін гидролизденеді; бензолда, нитробензолда, хлороформда ериді. Мұзды сірке қышқылын сірке ангидриді қатысында Pb3О4-пен әрекеттестіру арқылы алады. Қорғасын-органик. қосылыстар – қорғасын атомы көміртек атомымен байланысқан қосылыстар. Олардың мынадай түрлері белгілі: R4Pb, R3PbХ, R3Pb – PbR3, R2PbХ2, R2PbО, RPbХ3, RPb3ООН. Бұлардың маңыздысы R4Pb. Қорғасын-органик. қосылыстар галогеналкилдер мен PbNa қорытпасының әрекеттесуі арқылы алынады. Қорғасын-органик. қосылыстар жарық, жылу, тотықтырғыштар әсеріне қалайы, күшәла және сүрме органик. қосылыстарынан гөрі тұрақсыздау. Қорғасын-органик. қосылыстардың ішінде тетраэтил қорғасын көп мөлшерде мотор майына антидетонатор ретінде қолданылады.  Р. Рысқалиева  
05.12.2012 07:01 29075

Қорғасын қосылыстары – қорғасын элементі түзетін химиялық қосылыстар. Қ. қ. 2, 4 валентті, 4 валентті қосылыстары тұрақсыз келеді. Қорғасынның PbO, PbO2, Pb3O4 оксидтері белгілі. Қорғасын (ІІ) оксиді PbO сарғылт-қызыл (балқу t 886ӘС) және сары (балқу t 600ӘС) екі модификацияда кездесетін кристалл, қайнау t 1473ӘС. Суда ерімейді, ауада 400 – 500ӘС-қа дейін қыздырғанда қорғасын жосасы деп аталатын шымқай қызыл түсті Pb3O4-ке айналады. Ол бояу ретінде қолданылады. Қорғасын (ІV) оксиді PbO2 қара-қоңыр кристалл, модификациялары тетрагональ (ыдырау t 220ӘС) және ромбы (ыдырау t 280ӘС) түрінде кездеседі. Суда ерімейді, қышқылдарда нашар ериді, күшті тотықтырғыш. Pb (ІІ) қосылыстарын гипохлоритпен тотықтыру, Pb3O4-ті концентрленген азот қышқылымен әрекеттестіру, құрамында Pb (ІІ) бар ерітіндіде анодтық тотықтыру арқылы алады. Қорғасын аккумуляторларында пластинка ұяшықтарын толтыруда, тотықтырғыш ретінде қолданылады. Қорғасын галогендермен PbІ2, PbF2, PbCl2 қосылыстарын түзеді. Олардың маңыздысы қорғасын (ІІ) иодиді PbІ2 сары алтын түсті кристалл, тығызд. 6,16 г/см3, балқу t 412ӘС, қайнау t 954ӘС, ыстық суда жақсы, салқын суда нашар ериді. Оны құрамында Pb2+ бар ерітінділерді иодид ерітіндісімен әрекеттестіру арқылы алады. Аналитик. химияда қорғасынды идентификациялауда қолданады. Қорғасын қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді. Қорғасын (ІІ) сульфаты PbSO4 суда ерімейтін кристалл зат, тығызд. 6,20 г/см3, балқу t 1770ӘС (ыдыраумен). Табиғатта англезит минералы түрінде кездеседі. Ол құрамында Pb2+, иондары бар ерітінділерді тұндыру және қорғасын сульфидін (PbS) тотықтыру арқылы алынады. Қорғасынды аккумуляторлардың пластинкалы ұяшықтарын толтыру үшін, пигменттер құраушысы ретінде қолданылады. Қорғасын (ІІ) нитраты Pb(NO3)2 суда ерігіш (20ӘС-та 100 мл суда 56,5 г) кристалды зат, тығызд. 4,599 г/см3, ыдырау t 470ӘС. Күшті тотықтырғыш. Қорғасынды немесе қорғасын (ІІ) оксидін азот қышқылымен әрекеттестіріп, соңынан кристалдау арқылы алады. Ол шырпы өндірісінде және қорғасынның басқа қосылыстарын дайындауда және пиротехникада қолданылады. Қорғасын (ІІ) карбонаты PbСО3 кристалды зат, ыдырау t 315ӘС, спирт пен суда ерімейді, қышқылдармен әрекеттеседі. Табиғатта церуссит минералы түрінде кездеседі. Pb(СН3СОО)2 ерітіндісіне СО2 жіберу арқылы алады. Қорғасын ақ бояуын дайындауда қолданылады. Қорғасын (ІІ) хроматы PbСrО4 сары кристалл, тығызд. 6,12 г/см3, балқу t 844ӘС, суда ерімейді, азот қышқылы мен сілті ерітінділерінде ыдырайды. Табиғатта крокоит минералы түрінде кездеседі. Сулы ортада қорғасын тұзының ерітінділерін сілтілік металдардың хроматтарымен әрекеттестіру арқылы алынады. Қорғасынның тағы бір маңызды қосылысы қорғасын ацетаты (CH3COO)4Pb балқу t 175 – 180ӘС, суда PbО2-ге дейін гидролизденеді; бензолда, нитробензолда, хлороформда ериді. Мұзды сірке қышқылын сірке ангидриді қатысында Pb3О4-пен әрекеттестіру арқылы алады. Қорғасын-органик. қосылыстар – қорғасын атомы көміртек атомымен байланысқан қосылыстар. Олардың мынадай түрлері белгілі: R4Pb, R3PbХ, R3Pb – PbR3, R2PbХ2, R2PbО, RPbХ3, RPb3ООН. Бұлардың маңыздысы R4Pb. Қорғасын-органик. қосылыстар галогеналкилдер мен PbNa қорытпасының әрекеттесуі арқылы алынады. Қорғасын-органик. қосылыстар жарық, жылу, тотықтырғыштар әсеріне қалайы, күшәла және сүрме органик. қосылыстарынан гөрі тұрақсыздау. Қорғасын-органик. қосылыстардың ішінде тетраэтил қорғасын көп мөлшерде мотор майына антидетонатор ретінде қолданылады. 

Р. Рысқалиева
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға