Жаңалықтар

Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері

Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.   Философияның зерттейтін нәрсесі Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.   Философияның негізгі мәселелері Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар: — Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не? — Бізді қоршаған дүние таныла ма? — Адам өмірінің шынайы мағынасы неде? — Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай? Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.   Философиядағы сара бағыттар Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.  
05.12.2012 07:01 76405

Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі

Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.
 
Философияның зерттейтін нәрсесі

Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.
 
Философияның негізгі мәселелері

Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

— Бізді қоршаған дүние таныла ма?

— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.
 
Философиядағы сара бағыттар

Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға