Жаңалықтар

Философия әдіснамасы

Философия әдіснамасы Әдіс және әдіснама Философия өмірде дұрыс жол сілтейтін ақиқаттың шыңын, әдісін көрсетуге тырысады. Әдіс туралы философиялық ілімді, демек, әдіснаманың немен айналысатынын қарастырайық. "Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда — бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үгіттің таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономикалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грекше методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.   Философиялық әдіснаманың жалпылама сипаты Адамдардың қызметінде әдіснамалық дүниетаным аса маңызды рөл атқарады. Өзінің табиғатына орай танымның тұтастай және ғылымның тереңде жатқан негіздерімен байланыста әмбебап әдістерді талап ететін міндеттер болады. Мұндайда философияның әдіснамасын айналып өтуге мүмкіндік болмайды. Әр нақты жағдайда, бір көлемді өлшеу қажет болғанда, физик қандай өлшеу амалын таңдап алуды әзі біледі. Гендік инженериямен және организмнің жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеумен айналысатын биолог-генетик ДНҚ-ның қосарланған шиыршығын қандай ферменттермен және қай жерінен ажыратуды және қандай өзге белсенді препараттармен бүл молекуланың жаңа шиыршықтарының үзіктерін жабыстыру амалдарын тандап алады. Осы тектес жағдайлардың бәрінде ғалымға өзінің кәсіби ақпараттарын игеру жеткілікті. Ал қазіргі заманғы нақты ғылыми теорияларды ойлап шығару үшін бүл жеткіліксіз. Өйткені жаңа теорияларды электронды микроскоппен, ферменттермен, лазер құралдарымен құруға болмайды. Ол үшін теория құрудың логикалық ережелері мен ұстанымдарын білу, теориялық және эмпириялық білімдер арасындағы байланыстарды белгілейтін әдіснамалық нұсқауларды игеру керек. Мұндайда философияның әдіснамасысыз еш нәтижеге жету мүмкін емес. Өйткені философия жалпылама әдіснама саласында көрінеді, оның өзіндік әдісінің мәні осында. "'''Философиялық әдіс'''" дегеніміз — нағыздықты игерудің теориялық және практикалық мейлінше жалпылама әдістерінің жүйесі, сонымен қоса философиялық білімдердің жүйе құру әдісі болып табылады.   Философияның әдіснамалық қызметі Философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты. Афина батыры Тесей және Крит патшасы Миностың қызы Ариадна туралы аңыз ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. Миностың талабы бойынша, афиналықтар патша сарайының астындағы лабиринтте тұратын құбыжық — Минотаврға азыққа жыл сайын жеті жігіт пен жеті қыз беріп тұруға міндетті болады. Тесей өзінің халқын бұл қорлықтан құтқаруды ойлайды, Минотаврды өлтірмек болады. Оған сүйген қызы Ариадна көмекке келеді. Ол Тесейге қылыш пен жіп береді. Жіпті босағаға байлап, Тесей лабиринтке кіреді, Минотаврды өлтіреді. Сонан кейін жіпті бойлап отырып лабиринттен шығады. Осыдан қалған "Ариадна жібі" деген ұғым қазір қиын жағдайда жол табуға көмектесетін идея дегенді білдіреді. Ғылыми таным белгісіз тылсымға бастап апаратын жол сияқты. Ол жолда ғалымды діттеген мақсатына оңай жеткізетін нұсқаулар жоқ. Мұндай жағдайларда не істеу керек? "Қолданып көру және қателесу" әдісін пайдалану керек пе, әлде барлық мүмкіндікті іске қосу керек пе? Мұндай стратегия қараңғыда адасуға алып барады. Ғалымға әрқашан оны жаңа білімге бастап алып баратын идея керек. Оның қайнар көзі философия болып табылады. Ғылымның жетістіктеріне сүйенген философия "Ариаднаның жібі" қызметін атқарады, ғылым лабиринтінде дұрыс бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық қызметі — ғылыми және әлеуметтік танымды сыннан өткен, тексерілген ережелермен, нормалармен, әрекет әдістермен қамтамасыз етуінде. Бүл әрекет ету әдістерінің жиынтығы ойлай білетін адамға қойылатын талаптар.  
05.12.2012 06:59 15189

Философия әдіснамасы

Әдіс және әдіснама

Философия өмірде дұрыс жол сілтейтін ақиқаттың шыңын, әдісін көрсетуге тырысады. Әдіс туралы философиялық ілімді, демек, әдіснаманың немен айналысатынын қарастырайық. "Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда — бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үгіттің таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономикалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грекше методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.
 
Философиялық әдіснаманың жалпылама сипаты

Адамдардың қызметінде әдіснамалық дүниетаным аса маңызды рөл атқарады. Өзінің табиғатына орай танымның тұтастай және ғылымның тереңде жатқан негіздерімен байланыста әмбебап әдістерді талап ететін міндеттер болады. Мұндайда философияның әдіснамасын айналып өтуге мүмкіндік болмайды. Әр нақты жағдайда, бір көлемді өлшеу қажет болғанда, физик қандай өлшеу амалын таңдап алуды әзі біледі. Гендік инженериямен және организмнің жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеумен айналысатын биолог-генетик ДНҚ-ның қосарланған шиыршығын қандай ферменттермен және қай жерінен ажыратуды және қандай өзге белсенді препараттармен бүл молекуланың жаңа шиыршықтарының үзіктерін жабыстыру амалдарын тандап алады. Осы тектес жағдайлардың бәрінде ғалымға өзінің кәсіби ақпараттарын игеру жеткілікті. Ал қазіргі заманғы нақты ғылыми теорияларды ойлап шығару үшін бүл жеткіліксіз. Өйткені жаңа теорияларды электронды микроскоппен, ферменттермен, лазер құралдарымен құруға болмайды. Ол үшін теория құрудың логикалық ережелері мен ұстанымдарын білу, теориялық және эмпириялық білімдер арасындағы байланыстарды белгілейтін әдіснамалық нұсқауларды игеру керек. Мұндайда философияның әдіснамасысыз еш нәтижеге жету мүмкін емес. Өйткені философия жалпылама әдіснама саласында көрінеді, оның өзіндік әдісінің мәні осында. "'''Философиялық әдіс'''" дегеніміз — нағыздықты игерудің теориялық және практикалық мейлінше жалпылама әдістерінің жүйесі, сонымен қоса философиялық білімдердің жүйе құру әдісі болып табылады.
 
Философияның әдіснамалық қызметі

Философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты. Афина батыры Тесей және Крит патшасы Миностың қызы Ариадна туралы аңыз ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. Миностың талабы бойынша, афиналықтар патша сарайының астындағы лабиринтте тұратын құбыжық — Минотаврға азыққа жыл сайын жеті жігіт пен жеті қыз беріп тұруға міндетті болады. Тесей өзінің халқын бұл қорлықтан құтқаруды ойлайды, Минотаврды өлтірмек болады. Оған сүйген қызы Ариадна көмекке келеді. Ол Тесейге қылыш пен жіп береді. Жіпті босағаға байлап, Тесей лабиринтке кіреді, Минотаврды өлтіреді. Сонан кейін жіпті бойлап отырып лабиринттен шығады. Осыдан қалған "Ариадна жібі" деген ұғым қазір қиын жағдайда жол табуға көмектесетін идея дегенді білдіреді. Ғылыми таным белгісіз тылсымға бастап апаратын жол сияқты. Ол жолда ғалымды діттеген мақсатына оңай жеткізетін нұсқаулар жоқ. Мұндай жағдайларда не істеу керек? "Қолданып көру және қателесу" әдісін пайдалану керек пе, әлде барлық мүмкіндікті іске қосу керек пе? Мұндай стратегия қараңғыда адасуға алып барады. Ғалымға әрқашан оны жаңа білімге бастап алып баратын идея керек. Оның қайнар көзі философия болып табылады. Ғылымның жетістіктеріне сүйенген философия "Ариаднаның жібі" қызметін атқарады, ғылым лабиринтінде дұрыс бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық қызметі — ғылыми және әлеуметтік танымды сыннан өткен, тексерілген ережелермен, нормалармен, әрекет әдістермен қамтамасыз етуінде. Бүл әрекет ету әдістерінің жиынтығы ойлай білетін адамға қойылатын талаптар.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға