Жаңалықтар

Айбана

Айбана - ұрлық істеген айыпкерге салынатын ең ауыр жаза, айып, ұрыға салынатын айыптың ең жоғары түрі. Қазақтардың әдеттік ғұрпында айып түрлері жасаған қылмысына қарай төленіп отырған, сондай- ақ, қазақтардың әдеттік құқықтарындағы мүліктік жауапкершілікті жіктеуге қатысты заң әдебиеттеріндс құн және айып сияқты жауапкершілік пен жазалаудың негізгі екі тобынан бөлек, үшінші тобы «тоғыз» деп көрсетілген. Айбана өтеу үшін адамдар осы тоғыз айыбын еселеп төлеген. Яғни оны қазақтардың құқықтық жүйесіндегі орнына және рөліне қарай мүліктік жауапкершіліктің жеке тобына жатқызуға болады. Осыған қарамастан, жалпы қалыптасқан көзқарасқа сай, тоғызды айыптың бір түріне жатқызған. XVI ғасырдың соңында қазақ мемлекетінің саяси құрылымында, басқару жүйесінде болған үлкен реформалар барысында дүниеге келген, ұлттық мүддеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі - әйгілі «Жеті Жарғы» тұсында ұрлығы әшкереленсе төлейтін айыбы «айбана» деп аталған. Айбана бойынша біреудің түйесін ұрлағаны үшін бір адамды «тұтқын» береді, жылқы ұрлағаны үшін түйе төлеуді міндеттеген. А.Левшиннің 1820 жылы Кіші жүз қазақтарынан жазып алған мәліметтері бойынша ұрлық жасаған адам ұрланған малды (мүлікті) үш тоғыз көлемде қайтаратын болған. Бұл жаза айбана деп аталған. Яғни қылмыскер ұрлаған мал-мүлкіне қоса қасқа тоғыз, орта тоғыз, аяқ тоғыз деп аталатын үш тоғыз айыптың бірін төлейтін. Егер мал ұрласа түйе ұрлығы үшін онымен қоса бір құл, жылқы ұрласа онымен қоса бір түйе, қой ұрласа онымен қоса бір жылқы қайтаратын. Жүз түйе 300 жылқыға, 1000 қойға тең болған. Күрделі институционалдық құрылым ретінде айып мөлшері мен тапшылығына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Айыптың ең жоғарғы түрі Айбананың мағынасы төмендегідей: «сойыл айбанасы» - сойылға немесе таяққа жыққаны үшін төленетін ақы, «пышақ айбанасы» — қылмысқа арнайы қару ретінде пышақты пайдалағаны үшін төленетін акы болып табылады. Орыс деректері бойынша егер ұры ұрлық істеп жатқан жерінде ұсталып, өзімен бірге қару-жарағы немесе қарапайым сойылы не таяғы болса, бір сойыл айбана төленіп, аты тартылып алынады. Айыптың кең тараған түрлерінің бірі «тоғыз» деп аталады. Оның бірнеше түрлері бар. Сондай-ақ айыптың «ат-тон», «ат-шапан», яғни ат және шапан, «ат-түйе» - ат және түйе, «ат-тай» - ат және тай, «мойнына қосақ-құйрығына тіркеу», «азусыз aт, жиексіз тон», «астарсыз шапан» сияқты түрлері қолданылды.
05.12.2012 06:55 4220

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға