Жаңалықтар

Қыпшақтардың шаруашылығы

Қыпшақтардың шаруашылығы Шаруашылығы — қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Қой шаруашылығы Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді. Жылқы шаруашылығы Көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік берген ерекше жылдамдығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан қыпшақтар тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді. «Бұл даланың (Дешті Қыпшақтың) ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан», — деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған.   Кейбір жазбаша ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың тамаша жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мағлұматтар бар. Орталық Қазақстандағы қыпшақ тайпалары мекендеген аумақтағы обалы қабірлерде жылқының екі тұқымы - басы кішкене, аяқтары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы биік салт мінетін аттар байқалды, мұндай асыл тұқымдыларының сүйектері түркі тілдес бай шонжарлардың қабірлерінен кездесті. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқымен қоса әдеттегі жылқылар: жатаған, басы үлкен, аяғы қысқа әрі мықты, өте төзімді, көшпелі тұрмыста тұрақты пайдаланылатын жылқылар өсірілгені анықталды. Қыпшақ жылқысы өте жоғары бағаланды, оларға шектес және алыс елдерде сұраным көп болды. Мәселен, Дешті Қыпшақтан Үндістанға апарылатын қарапайым жылқы күміс ақшамен жүз динарға сатылған, ал жақсы аттың құны 500 динар жэне одан да артық бағаланған.   Түріктер даласының жылқысы климаттың қатан болуымен сипатталатын жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Қыпшақтар сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын — қымыз дайындайтын.   Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қыпшақ қоғамында асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлінген. Күш көлігі, тамақ көзі ретінде және салт мінуге арналған асыл тұқымды жылқылар көптеп өсірілген. Бұл салада ұрпақтардың сан ғасырлық тәжірибесі елеулі нәти- желерге жетуге мүмкіндік берді. Мәселен, әрбір ру-тайпаның жылқылары өзінің бірегей тусімен ерекшеленді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқысының түсі бойынша анықталатын. Бұл жағынан батыс қыпшақ бірлестігінің құрамына «құла жылқылы» (кулабаоғлы) тайпасының енуі назар аударарлық. 1223 жылы монғол қолбасшысы Жошының өз әкесі Шыңғысханға Дешті Қыпшақтан айдап әкелінген 20 мың қыпшақ жылқысын сыйға тартқанын мысал ретінде келтіре кеткен де жөн. Қыпшақтардың эмпирнялық селекцияға байланысты шаруашылық кызметі туралы бағалы ақпарат көшпелі мал шаруашылығы қоғамының өндіргіш күштері дамуындағы негізгі тетіктердін бірін ашып көрсетеді. Қыпшақтар қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара есірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті кетере алмайды. Мұның өзі қыпшақ тайпаларынын белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын керсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбінде жегуге пайдаланылды. Ибн Баттута қыпшактардың арбаға жылқы жегетінін атап өтеді, сонымен бірге «арбаның ауыр-жеңілдігіне қарай оған огіз бен түйе де жегіледі» дейді. Қыпшақтардың Батыс Қазақстан аудандарына ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен айналыса бастады. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды. Аң аулау Араб-қыпшақ глоссарийлерінде қыпшақтар аулаған жабайы андар мен құстардың аттары келтірілген: сағыр киік — ақбөкен, құлан, бұғы, сусар, тиін, кузен, түлкі, ақ құйрық және т.б. Осында аңға салатын иттер (қылбарық, тазы) мен құстардың (лашын, бүркіт) аттары келтірілген. Қыпшақтар үшін бағалы аңт терісі басқа елдермен сауда жасаудын маңызды көзі болды. Махмұд Қашғаридың айтуынша, түріктерде қымбат бағалы аң терісі иджұқ деп, ал «тәржіман» араб-қыпшақ сөздігінде — курс деп аталған. Аңды жеке шығып аулаумен қатар қыпшақтар қаумалап аулауды да ұйымдастырган, оның шаруашылық жағымен бірге өзінше бір маневр, әскери өнер, жасақтардың жауынгерлік әзірлігін сақтау амалы болды. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шаруашылығына көмекші ғана болған. Балық аулау Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында тұратындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» және араб- қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — қармақ, аг — ау, ужан (улүк) — кішкене қайық, кеме — үлкен кайықжәне т. т.  
05.12.2012 06:14 4555

Қыпшақтардың шаруашылығы

Шаруашылығы — қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды.

Қой шаруашылығы

Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді.

Жылқы шаруашылығы

Көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік берген ерекше жылдамдығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан қыпшақтар тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді. «Бұл даланың (Дешті Қыпшақтың) ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан», — деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған.

 

Кейбір жазбаша ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың тамаша жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мағлұматтар бар. Орталық Қазақстандағы қыпшақ тайпалары мекендеген аумақтағы обалы қабірлерде жылқының екі тұқымы - басы кішкене, аяқтары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы биік салт мінетін аттар байқалды, мұндай асыл тұқымдыларының сүйектері түркі тілдес бай шонжарлардың қабірлерінен кездесті. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқымен қоса әдеттегі жылқылар: жатаған, басы үлкен, аяғы қысқа әрі мықты, өте төзімді, көшпелі тұрмыста тұрақты пайдаланылатын жылқылар өсірілгені анықталды. Қыпшақ жылқысы өте жоғары бағаланды, оларға шектес және алыс елдерде сұраным көп болды. Мәселен, Дешті Қыпшақтан Үндістанға апарылатын қарапайым жылқы күміс ақшамен жүз динарға сатылған, ал жақсы аттың құны 500 динар жэне одан да артық бағаланған.

 

Түріктер даласының жылқысы климаттың қатан болуымен сипатталатын жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Қыпшақтар сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын — қымыз дайындайтын.

 

Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қыпшақ қоғамында асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлінген. Күш көлігі, тамақ көзі ретінде және салт мінуге арналған асыл тұқымды жылқылар көптеп өсірілген. Бұл салада ұрпақтардың сан ғасырлық тәжірибесі елеулі нәти- желерге жетуге мүмкіндік берді. Мәселен, әрбір ру-тайпаның жылқылары өзінің бірегей тусімен ерекшеленді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқысының түсі бойынша анықталатын. Бұл жағынан батыс қыпшақ бірлестігінің құрамына «құла жылқылы» (кулабаоғлы) тайпасының енуі назар аударарлық. 1223 жылы монғол қолбасшысы Жошының өз әкесі Шыңғысханға Дешті Қыпшақтан айдап әкелінген 20 мың қыпшақ жылқысын сыйға тартқанын мысал ретінде келтіре кеткен де жөн. Қыпшақтардың эмпирнялық селекцияға байланысты шаруашылық кызметі туралы бағалы ақпарат көшпелі мал шаруашылығы қоғамының өндіргіш күштері дамуындағы негізгі тетіктердін бірін ашып көрсетеді. Қыпшақтар қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара есірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті кетере алмайды. Мұның өзі қыпшақ тайпаларынын белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын керсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбінде жегуге пайдаланылды. Ибн Баттута қыпшактардың арбаға жылқы жегетінін атап өтеді, сонымен бірге «арбаның ауыр-жеңілдігіне қарай оған огіз бен түйе де жегіледі» дейді. Қыпшақтардың Батыс Қазақстан аудандарына ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен айналыса бастады. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Аң аулау

Араб-қыпшақ глоссарийлерінде қыпшақтар аулаған жабайы андар мен құстардың аттары келтірілген: сағыр киік — ақбөкен, құлан, бұғы, сусар, тиін, кузен, түлкі, ақ құйрық және т.б. Осында аңға салатын иттер (қылбарық, тазы) мен құстардың (лашын, бүркіт) аттары келтірілген. Қыпшақтар үшін бағалы аңт терісі басқа елдермен сауда жасаудын маңызды көзі болды. Махмұд Қашғаридың айтуынша, түріктерде қымбат бағалы аң терісі иджұқ деп, ал «тәржіман» араб-қыпшақ сөздігінде — курс деп аталған. Аңды жеке шығып аулаумен қатар қыпшақтар қаумалап аулауды да ұйымдастырган, оның шаруашылық жағымен бірге өзінше бір маневр, әскери өнер, жасақтардың жауынгерлік әзірлігін сақтау амалы болды. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шаруашылығына көмекші ғана болған.

Балық аулау

Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында тұратындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» және араб- қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — қармақ, аг — ау, ужан (улүк) — кішкене қайық, кеме — үлкен кайықжәне т. т.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға