Жаңалықтар

Қоңыздар

Қоңыздар, қатты қанаттылар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді. Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3 мм-ден 155 мм-ге дейін. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп, қанат жүйкелері жойылып, қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған. Ол, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады. Қанатының екінші жұбы жарғақты, біріншісінен ұзындау, тыныштық қалыпта ұзынынан және көлденеңінен бүктеліп үстіңгі қанаттарының астына жиналып орналасады. Ұшар алдында үстіңгі қанаттары көтеріледі де, астынан екінші жұп жарғақты қанаттары жазылып шығады. Қоңыздардың үстіңгі қанаттары, әдетте құрсағының ұшына дейін жетіп, құрсағын толығымен жауып тұрады. Үш жұп аяқтары жүруге, жүгіруге бейімделген. Бірақ кейбір түрлерінде, мысалы, тақтамұрттылар тұқымдасының өкілдерінде алдыңғы жұп аяқтары қазуға, жүзгіш қоңыздарда артқы жұп аяқтары жүзуге бейімделген. Жұп мұртшалары және фасетті көздері жақсы дамыған. Қоңыздардың көпшілігі қара түсті болып келеді. Кейбіреулерінің түсі жылтыр қара, көк-күлгін, әр түрлі жылтыр түсті, қоңыр. Бұлар толық түрленіп дамиды, яғни жұмыртқа (дернәсіл), қуыршақ сатысынан өтіп ересек түріне айналады. Дернәсілі құрт тәрізді, ақ түсті, жақсы дамыған басы және үш жұп кеуде аяқтары бар. Қуыршақтары ашық түсті. Қоңыздар – даражыныстылар, кейбір түрлерінде жыныс диморфизмі айқын көрінеді. Көпшілігі жылына бір рет, кейде 2 – 3 ұрпақ береді. Қоңыздар ет қоректілер және көп қоректілер болып екіге бөлінеді. Ет қоректілердің көпшілігі жыртқыштар, үш жұп аяқтарының табандары 5 бунақты, артқы аяқтарының жамбас бөлігі ұзын, құрсағының бірінші сегментін жауып тұрады. Көп қоректілердің – артқы аяқтарының жамбас бөлігі қысқа, қозғалмалы қоңыздар. Үш жұп аяқтарының табандары әр түрлі бунақты. Негізгі тұқымдастары: жапырақ жемірі, тақтамұрттылар, шыртылдақ қоңыздар, бізтұмсық қоңыздар, қара денелілер, дәнек қоңыздар, мұртты қоңыз, қабық қоңызы, т.б. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Көпшілігі ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, сонымен қатар қоңыздар шіріген заттарды (сапрофагтар), зиянды жәндіктерді (жыртқыштар) жеп көп пайда келтіреді, табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады.   
05.12.2012 06:11 30459

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға