Жаңалықтар

Алжир тарихы

Фатима әулеті, әл-Фатимийун, Фатимашылар, Фатимилер – Тунис пен Египетте билік құрған шииттік араб халифаттарының әулеті (909 – 1171). Олар өздерін Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатиманың ұрпағы деп санады. Бірақ олардың Фатима мен Әлиден тарайтындығы толық дәлелденбеген. Сондықтан сүнниттер оларды Әли мен Фатима әулетінен деп санамайды. Тіпті кейбір араб тарихшылары ол әулеттің негізін қалаушы Убайдоллах иудей еді деген пікір білдірген. Убайдоллах 909 жылы Әбу Абдаллах деген исмаилшыл миссионердің көмегімен түрмеден шығып, 910 жылы қаңтарда Ифрикияда (Тунис) “махди”, “әділетсіздіктен құтқарушы” деген атақ иемденіп, өзін “діндарлар әмірі” – халифа деп жариялады. Әбу Абдаллахтың қол астындағы берберлер тайпасының көмегімен ол Солтүстік Африканың Тахарте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып алды. 911 махди Убайдоллах халық арасындағы беделі күшті бақталасы Әбу Абдаллахты өлтіртіп, 934 жылға дейін жеке дара билік құрды. 914 жылы “махди” Египетті жаулап алу әрекетін жасап, сәтсіздікке ұшырады. Мұндай сәтсіз әрекеттер 919, 935, 945, 966 ж. қайталанды. Тек 969 жылы шілдеде египеттік әскер талқандалып, фатимилік халиф Муызз Египеттің халифы деп жарияланды. Сол жылы жаңа астана – Каир қаласының негізі қаланды. Халифтың сарайы оған 973 жылы көшіп келді. Фатима әулетінен шыққан халифтер: Фатимилер халифаты картасы Убайдоллах (909 – 34), Качим (934 – 46), Мансур (946 – 53), Муызз (953 – 75), Әзиз (975 – 96), Хахим (996 – 1021), Захир (1021 – 36), Мустансир (1036 – 94), Мұстали (1094 – 1104), Әмир (1104 – 30), Зафир (1149 – 54), Фаиз (1054 – 60), Адид (1160 – 71).  974 жылы Фатима әулеті Дамаск қаласын басып алды. Муызз (Әбу-Темим-Маадз) бен Әзиз (Әбу-Мансұр-Низар) халифтардың билігі кезінде Фатима әулеті мемлекетінің қуаттылығы шырқау шегіне жетті. 11 ғасырдың ортасында қуаңшылыққа байланысты Египетте ашаршылық және әр түрлі індет жайлады. Оған қарсы батыл шаралар қолдана алмаған халиф Мустансир қолбасшы Бадр әл-Жамалиді уәзір етіп тағайындап, бүкіл билікті соның қолына тапсырды. Бадр жағдайды қалпына келтірді. Бірақ осы кезден бастап елдегі барлық билік халифтерден уәзірлерге көше бастады. 1064 жылы Сирияға салжұқ түріктері басып кірді. Фатима әулетінің әлсіреуі, Салжұқ сұлтандығының ыдырауы кресшілердің Таяу Шығыстағы жорықтарына жол ашты. Еуропа кресшілерді Египет қатты қызықтырды. Ондағы экономикасы құлдырау саяси анархияға ұласып жатты. Фатима әулетінің ішкі ыдырауы күшейді. 1048 жылы Фатима әулетінен Солтүстік Африка бөлініп кетті, 1061 – 91 жылы Сицилияны нормандар жаулап алды, Сирия кресшілер мен салжұқтардың қол астына көшті. Сарайлық төңкерістер, т.б. қырқыстар мен тәртіпсіздіктерден Фатима әулеті 12 ғасырда қатты қалжырады. 1171 жылы халиф Адид қайтыс болғаннан кейін оның Айюб әулетінен шыққан уәзірі Салах әд-Дин Египеттегі билікті өз қолына алды. Ол Египетті сүнниттік мемлекетке айналдырды. 10 – 11 ғасырларда Фатима әулетінде рухани өмір гүлденді. Астана Каир қаласына көшірілгеннен кейін, ол мұсылман әлеміндегі ең ірі мәдени орталыққа айналды. Мемлекетте аса көрнекті оптик, астроном және математик ас-Садафи, атақты дәрігер ибн Ридван, философтар Әбу Хатым ар-Рази, Хамид-әд-Дин Кирмани, тарихшылар ибн Зулак, Мусаббихи, т.б. өмір сүрді және ғылыми еңбектер жазды.  
05.12.2012 06:07 5745

Фатима әулеті, әл-Фатимийун, Фатимашылар, Фатимилер – Тунис пен Египетте билік құрған шииттік араб халифаттарының әулеті (909 – 1171). Олар өздерін Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың қызы Фатиманың ұрпағы деп санады. Бірақ олардың Фатима мен Әлиден тарайтындығы толық дәлелденбеген. Сондықтан сүнниттер оларды Әли мен Фатима әулетінен деп санамайды. Тіпті кейбір араб тарихшылары ол әулеттің негізін қалаушы Убайдоллах иудей еді деген пікір білдірген. Убайдоллах 909 жылы Әбу Абдаллах деген исмаилшыл миссионердің көмегімен түрмеден шығып, 910 жылы қаңтарда Ифрикияда (Тунис) “махди”, “әділетсіздіктен құтқарушы” деген атақ иемденіп, өзін “діндарлар әмірі” – халифа деп жариялады. Әбу Абдаллахтың қол астындағы берберлер тайпасының көмегімен ол Солтүстік Африканың Тахарте, Сиджилмас, т.б. аудандарын басып алды. 911 махди Убайдоллах халық арасындағы беделі күшті бақталасы Әбу Абдаллахты өлтіртіп, 934 жылға дейін жеке дара билік құрды. 914 жылы “махди” Египетті жаулап алу әрекетін жасап, сәтсіздікке ұшырады. Мұндай сәтсіз әрекеттер 919, 935, 945, 966 ж. қайталанды. Тек 969 жылы шілдеде египеттік әскер талқандалып, фатимилік халиф Муызз Египеттің халифы деп жарияланды. Сол жылы жаңа астана – Каир қаласының негізі қаланды. Халифтың сарайы оған 973 жылы көшіп келді.
Фатима әулетінен шыққан халифтер:

Фатимилер халифаты картасы

Убайдоллах (909 – 34), Качим (934 – 46), Мансур (946 – 53), Муызз (953 – 75), Әзиз (975 – 96), Хахим (996 – 1021), Захир (1021 – 36), Мустансир (1036 – 94), Мұстали (1094 – 1104), Әмир (1104 – 30), Зафир (1149 – 54), Фаиз (1054 – 60), Адид (1160 – 71).

 974 жылы Фатима әулеті Дамаск қаласын басып алды. Муызз (Әбу-Темим-Маадз) бен Әзиз (Әбу-Мансұр-Низар) халифтардың билігі кезінде Фатима әулеті мемлекетінің қуаттылығы шырқау шегіне жетті. 11 ғасырдың ортасында қуаңшылыққа байланысты Египетте ашаршылық және әр түрлі індет жайлады. Оған қарсы батыл шаралар қолдана алмаған халиф Мустансир қолбасшы Бадр әл-Жамалиді уәзір етіп тағайындап, бүкіл билікті соның қолына тапсырды. Бадр жағдайды қалпына келтірді. Бірақ осы кезден бастап елдегі барлық билік халифтерден уәзірлерге көше бастады. 1064 жылы Сирияға салжұқ түріктері басып кірді. Фатима әулетінің әлсіреуі, Салжұқ сұлтандығының ыдырауы кресшілердің Таяу Шығыстағы жорықтарына жол ашты. Еуропа кресшілерді Египет қатты қызықтырды. Ондағы экономикасы құлдырау саяси анархияға ұласып жатты. Фатима әулетінің ішкі ыдырауы күшейді. 1048 жылы Фатима әулетінен Солтүстік Африка бөлініп кетті, 1061 – 91 жылы Сицилияны нормандар жаулап алды, Сирия кресшілер мен салжұқтардың қол астына көшті. Сарайлық төңкерістер, т.б. қырқыстар мен тәртіпсіздіктерден Фатима әулеті 12 ғасырда қатты қалжырады. 1171 жылы халиф Адид қайтыс болғаннан кейін оның Айюб әулетінен шыққан уәзірі Салах әд-Дин Египеттегі билікті өз қолына алды. Ол Египетті сүнниттік мемлекетке айналдырды. 10 – 11 ғасырларда Фатима әулетінде рухани өмір гүлденді. Астана Каир қаласына көшірілгеннен кейін, ол мұсылман әлеміндегі ең ірі мәдени орталыққа айналды. Мемлекетте аса көрнекті оптик, астроном және математик ас-Садафи, атақты дәрігер ибн Ридван, философтар Әбу Хатым ар-Рази, Хамид-әд-Дин Кирмани, тарихшылар ибн Зулак, Мусаббихи, т.б. өмір сүрді және ғылыми еңбектер жазды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға