Жаңалықтар

Диета

  Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литрсұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета. Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета. Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар: 1. Вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер; 2. Веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді; 3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді; 4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер; 5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер. "Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета. Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылған қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет. Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета. Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.[1][2] Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері Емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе Емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде Емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай Емдәмнің мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш Емдәм беріледі, кейде арнайы Емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір Емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды.   
05.12.2012 06:05 7787

 

Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литрсұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета. Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета. Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар: 1. Вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер; 2. Веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді; 3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді; 4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер; 5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер. "Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета. Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылған қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет. Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета. Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.[1][2]
Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері Емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе Емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде Емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай Емдәмнің мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш Емдәм беріледі, кейде арнайы Емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір Емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға