Жаңалықтар

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы   Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапқан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысында деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген. Закария Казвинидің (XIII г.) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIV ғ.) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар мен Солтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді. Қыпшақ хандары оңтүстігінде өз мемлекетінің шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті, онда Қарахандармен шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақпен Қарахан мемлекеті билеушілерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, каңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты. Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-ал- тай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және басқа тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды- дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқүрттар дүние- сімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы — XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасырдың ортасына дейін башқұрт тілі қимақ тіліне мейлінше жақын болған. Қыпшақтар кемелденген дәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.
05.12.2012 06:03 6245

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы

 

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапқан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысында деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген. Закария Казвинидің (XIII г.) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIV ғ.) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар мен Солтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді. Қыпшақ хандары оңтүстігінде өз мемлекетінің шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті, онда Қарахандармен шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақпен Қарахан мемлекеті билеушілерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, каңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты. Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-ал- тай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және басқа тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды- дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқүрттар дүние- сімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы — XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасырдың ортасына дейін башқұрт тілі қимақ тіліне мейлінше жақын болған. Қыпшақтар кемелденген дәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға